Биология. 8-сынып. "қан жасушасы"

C:\Users\1\Desktop\HWht0Hh0ymk.jpg

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы

Малыбай жалпы орта білім беретін мектебінің

биология, химия пәндерінің мұғалімі

Айгожин Айтмукан Бекбулатұлы

Пәні: биология

Сыныбы: 8

Сабақтын тақырыбы: Қан жасушалары

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Организмнің ішкі ортасы, яғни қан жасушасының құрамы мен қызметті жайлы білімдерін қалыптастыру .

Д амытушылық: Оқушыларды топпен және жеке-дара жұмыс істеулерін қадағалау арқылы білім-біліктігін және оқуға деген құштарлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыны сүйіспеншілікке, бір-біріне деген сыйластыққа баулу және гигиеналық тазалыққа тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО элем-н пайдалану.

Сабақтың пән аралық байланысы: Экология, химия.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, трек-сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу

- сыныптың тазалығын тексеру

- сыныптың кезекшілігін анықтау

- оқушыларды түгендеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№ 1 тапсырма

  1. Бас бұлшық еттеріне қандай бұлшық еттер жатады?( еттері)
  2. Адамда қанша қаңқа бұлшықеттері болады?(600-ден астам)
  3. Құрсақ бұлық еттерінің қызметі қандай?( ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және қорғайды. )
  4. Бицепс пен трицепс бұлшық еттердің қызметі қандай? (бицепс-қолды шынтақ буынында бүгеді, трицепс-қолды жазады)

№2 тапсырма

Сәйкестіктігін анықтаңдар

1. Ұзын бұлшық еттер

2. Жалпақ бұлшық еттер

3. Қысқа бұлшық еттер

а) трапеция тәрізді бұлшық ет;

ә) құрсақтың тура бұлшық еті;

б) артқы қабырғааралық;

в) іштің көлденең жолақты бұлшық еті;

г) иықтың екі басты бұлшық еті;

ғ) балтыр бұлшық еті;

д) ішкі қабырғааралық бұлшық ет.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қан плазмасы - барлық қанның, шамамен, 55-60% көлемін құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар, шамамен, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар мен басқа заттар белгілі бір осмос қысымын реттейді. Барлық плазманың 70 - дан астамы 1 минут ішінде ұлпа сұйықтығымен алмасады. Қан плазмасы нәруыздары әртүрлі қызмет атқарады. . Мысалы: глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады; альбуминдер плазмадғы су мөлшерін реттейді; фибриноген қан ұюына маңызды рөл атқарады. Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.

C:\Users\1\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\001.jpg C:\Users\1\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\001.jpg

Тірек-сызба нұсқалармеп жұмыс

Қанның құрамы

Плазма Қан жасушалары

эритроцит

Минералды тұз су орг. зат лейкоцит

тромбоцит

нәруыз май глюкоза

глобулин-р альбумин-р фибриноген

Эритроциттер немесе қызыл қан жасушаларының пішіні диаметрі 7-ден 10 мкм-ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін эритроцит бетін 1, 5 есе үлкейтеді және газ алмасу үшін едәуір тиімді болып табылады. Жетілген эритроцитте ядро болмайды. 1 мм 3 қанда 4, 5-5 млн эритроциттер болады. Адам организмінде барлығы орташа алғанда 25 триллион эритрциттер бар деп есептеледі.

Эритроцитте ерекше нәруыз -қанға қызыл түс беретін гемоглобин болады. Гемоглобиннің негізгі қызметі - оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау.

Лейкоциттер - ядросы бар және белсенді қозғалатын ақ қан жасушалары. Дені сау адамның 1 мм 3 қанында 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоциттер сүйек кемігінде, көкбауы р мен лимфа түйіндерінде түзіледі. Олардың тіршілік ұзақтығы 2-4 күн, кейде бірнеше жылға созылады. Лейкоциттердің микроорганизмдер мен басқа бөгде денелерді белсенді қоршап алу, сіңіру және қорыту процесін ең алғаш орыс ғалымы И. И. Мечников ашып, «фагоцитоз» деп атады.

C:\Users\1\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\002.jpg

Қан жасушалары

Эритроцит Лейкоцит Тромбоцит

Тромбоциттер -қанның ұйығыш. қамтамасыз ететін жасуша деп аталады. Түссіз, домалак пішінді. 2-5мкм келетін ядросыз жасуша. Қаның 1мм 3 250-400мың болады, тіршілігі-7-10 күндей. Көкбауыр мен өкпеде бұзылады. Тромбоциттердің негізгі қызметі - қанның ұю және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу.

Анализ крови расшифровка моноциты. Развернутый анализ крови расшифровка

ІV. Бекіту кезеңі

№1 тапсырма

№2 тапсырма

Көрініс

Бір адамның қолы жараланды сол кезде қан жасушаларының, яғни эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттердің сырттан келген бактерияларға қарсы іс -әрекеттің, көрініс ретінде көрсеттіңдер. Мысалы: қан плазмасы - қарапайым халық; эритроциттер - оттегі мен қоректік зат тасымалдаушы саудагерлер; лейкоциттер - бактериялармен шайқасқа түсітін жауынгерлер; тромбоциттер - жараны танып, өз денесімен жабатын құрылысшылар; бактериялар - сырттан келген қатігез жаулаушылар.

№3 тапсырма. Биологиялык, диктант

  1. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, . . . мен . . . түзеді.
  2. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі - . . . тұрады.
  3. Қан . . . ұлпасына жатады және аралық . . . орта болып саналады.
  4. Қан сұйық бөліктен - . . . және онда қалқып жүретін формалы элементтер : . . . , . . . және . . . тұрады.
  5. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, . . . күн, содан кейін . . . мен . . . бұзылады.
  6. Эритроцитте ерекше нәруыз -қанға . . . түс беретін . . . болады.
  7. . . . организмді бактериялардан қорғауға қатысады; . . . плазмадғы су мөлшерін реттейді; . . . қан ұюына маңызды рөл атқарады.

V. Үйге тапсырма беру . §30 оқып, мазмұндау

Кестені толтырындар

Қан жасушалары
Ұқсастықтары
Айырмашылығы
Қан жасушалары: Эритроциттер
Ұқсастықтары:
Айырмашылығы:
Қан жасушалары: Тромбоциттер
Ұқсастықтары:
Айырмашылығы:
Қан жасушалары: Лейкоциттер
Ұқсастықтары:
Айырмашылығы:

VI. Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Иммундық жүйе мүшелері топтастыру
Қанның қызыл түсті жасушалары
Қантамырлары. қанайналым шеңберлері
Жүрек құрылысы, жұмысы. Қантамырлар және олардың түрлері
Бұлшықет және жүйке ұлпасы. қалқанша безі. 8-сынып
Жасуша ядросы
Қаназдық ауруы
Жүйке жасушасының өсіндісі
Қалқанша безінің құрылысы мен қызметі
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz