Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 2-сынып

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектеп

2-сынып
Дүниетану
2-сынып: Сабақтың тақырыбы
Дүниетану: «Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»
2-сынып: Мақсаты
Дүниетану: Мақсаты: Ауаның тазалығын сақтау туралы ұғым қалыптастыра отырып, табиғат пен адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсіндіру, ауаны неден және қалай қорғау керектігін ұғындыру.
2-сынып: Күтілетін нәтижелер
Дүниетану:

-адам өміріндегі ауаның маңыздылығын түсінеді.

-ауаны қалай қорғау жолдарын біледі.

2-сынып: Керекті жабдықтар
Дүниетану: Дидактикалық материалдар, флипчарт, скотч, маркер. АКТ.
2-сынып: Сабақ барысы:
2-сынып: Сабақ кезеңдері
Дүниетану: Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
2-сынып: Кіріспе
Дүниетану:

Психологиялық дайындық. «Мен басқаның көзімен».

Топқа бөлу.

1-топ:Адамдар, 2-топ: Аңдар, 3-топ:Құстар,

4-топ: Өсімдіктер.

Бағалау парағын топ басшыларға үйлестіру.

Шеңберде тұрып оқушылар қасындағы оқушының бір жағымды мінезін айтады, әрі қарай жалғаса береді. Осылай бір-біріне сәттілік тілеп сабақты бастайды.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

1-топ: Адамдар

2-топ: Аңдар

3-топ: Құстар

4-топ: Өсімдіктер

2-сынып: Тұсаукесер
Дүниетану:

-Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Ауа» туралы эссе жазу.

2. «Сұрақтар шеңбері» әдісі. Ауа туралы не білеміз?

Мәртебесі төмен сұрақтар:

1. Ауа не үшін қажет?

2. Ауа көріне ме?

3. Оның түсі қандай?

4. Ол қай жерлерде болады?

Мәртебесі жоғары сұрақтар:

1. Ауаның қасиеттерін ата.

2. Сенің айналадағы заттарды көруіңе ауа кедергі келтіре ме?

3. Ауаның пайдасы бар ма?

Жеке оқушылар жазған эсселерін оқиды.

Жауаптар:

1. Ауа тыныс алу үшін керек.

2. Ауа көрінбейді.

3. Ауа түссіз.

4. Барлық жерде болады.

1. Сығылады, серпіледі, көрінбейді.

2. Ауа көзге көрнінбейді.

3. Ауа болмаса адамдар, өсімдіктер, жануарлар өмір сүре алмайды.

2-сынып: Негізгі бөлім
Дүниетану:

Пікірталас ұйымдастыру. «Еркін талқылау» әдісі.

«Ауа таза болу керек» деген пікірді қалай түсінесіңдер?

Берілген пікір бойынша әр топ өз ойларын айтады.

-Күннің жадын жаздыру.

- Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді әр топтан 1 оқушыға дауыстап оқыту. Топ мүшесі талдайды.

1) Мәтіннің бірінші бөлігі оқытылады.

2-бөлігін оқу, талдау. 12-слайд.

3-бөлігін оқу, талдау. 13-слайд.

4-бөлігін оқу, талдау.

Берілген пікір бойынша әр топ өз ойларын айтады.

Соңында нақты, дәлелді келтірілген топтың мысалын таңдап алады.

Жауап:Ауа таза болу керек. Ауаны таза ұстау адамдардың қолында. Егер адамдар көшелерге, аулаларға ағаштар, гүлдер отырғызса, қоқыстың қалдықтарын лақтырмаса ауа таза болады деп ойлаймын.

Осы бөлімнен ең негізгі ойды тауып, түсінгенін айтады.

Слайд бойынша әр топтан оқушылар шығып түсіндіреді.

Ықтимал жауаптар:

1. Барлық тірі табиғатқа ауа қажет. Ауасыз адамдар, өсімдіктер, жануарлар тіршілік ете алмайды.

2. Үлкен қалалардағы зауыттардан, фабрикалардан, көліктерден шыққан түтіндер ауаны ластап бүлдіреді.

3. Адамдардың әрекетінен ауа ластанады. Мысалы: Ағаштарды кесу, саяхатқа шыққанда қоқыстарды тастап кету, темекі шегу.

4. Адамдар табиғатты қорғау керек. Көшелерге су шашып, үйлерге, аулаларға, көшелерге ағаштар, гүлдер отырғызу керек.

Қорытынды ой түю: Өсімдіктер жапырақтары шаңды ұстап, ауаны зиянды заттардан қорғайды.

2-сынып:
Дүниетану:

2) Ролдік ойын. Топпен жұмыс.

(Жұмысқа берілген уақыт 5 минут) . Сынып 4 топқа бөлінеді.

1) Адамдар 3) Құстар
2) Аңдар 4) Өсімдіктер

Әр топ таңдап алынған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады.

Қайта бағыттау сұрағы:

Өздеріңіз айтқан ойлардан қандай қорытынды ой шығарар едіңдер?

Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрып сергіту сәтін жасайды.

Видеоролик көрсетіледі. «Биші кірпі»

Дәптермен жұмыс. Оқушылар «Ауа тазалығын сақтаңдар» деген тақырыпқа сурет салады.

Әр топ таңдап алынған тақырыбы бойынша ауаның маңыздылығын айтады.

Жауаптар:

1. Ауа болмаса біздер өмір сүре алмаймыз. Дем ала алмай қаламыз. Сабақ оқи алмаймыз, ойнай алмаймыз.

2. Кез келген аң ауасыз тіршілік ете алмайды.

3. Ауа жоқ болса құстар да өмір сүре алмайды. Аспанда ұша алмайды. Бізге әнші құстар әдемі ән салып бере алмайды.

4. Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады. Сондықтан ауасыз тіршілік ете алмайды.

Қорытынды ой түю:

Адамдар. құстар, аңдар, өсімдіктер бәрі де тірі табиғатқа жатады.

Тірі табиғат ауасыз тіршілік ете алмайды.

Оқушылар орындарынан тұрып, биші кірпінің қимылдарын қайталайды.

Бақылау күнделігінде берілген тапсырмаларды орындайды.

2-сынып:

Қорытынды

бөлім.

Дүниетану:

Қабілеті жоғары оқушымен жұмыс.

Суретке қарап не айтар едің?

Қабілеті төмен оқушымен жұмыс:

Тірі табиғат үшін қажетті заттарды ата.

Схема бойынша сабақты қорытындылау.

«Сұрақтар жәшігін» ұйымдастыру.

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үй тапсырмасы . 21-22 бб. оқу, мазмұндау.

Адамның табиғатқа тигізетін зияны туралы әңгімелеу.

Жердегі тіршілік атаулының бәрі адам әрекеттеріне тәуелді екендігіне, сондықтан адам ауа кеңістігін қорғап, оның тазалығын сақтауы тиістігіне көздерін жеткізеді.

Жауаптар:

Адам табиғат перзенті. Ал табиғат біздің анамыз Табиғатты қорғау және аялау керек.

Су, ауа, тамақ, жарық, күннің жылуы.

Тақырып бойынша сұрақтарын жәшікке салады.

2-сынып: Сабақтың өзіндік талдауы

Ұқсас жұмыстар
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
Дүниетану пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспар. 2 сынып
Қағаздан ыдыс құрастыру
"Мұхиттар." 5-сынып
Су .Судың қасиеті туралы
Адам және табиғат
Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы
Дәлелдеп жаз
Күнтізбелік жоспар. 7 сынып
Суды қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz