Баяндауыш туралы ақпарат

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Ортау негізгі орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Саркенова Асел Бақытжановна

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер, нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.

б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, тіл дамыту, анализ-синтез т. б

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Баяндауыш - сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі.

Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.

Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:

Құрылысына қарай
Сұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?
Құрылысына қарай: Дара
Сұрақтары:Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?:

Заман өзгерген , білім күшейген .

Қазына - халықтікі .

Құрылысына қарай: Күрделі
Сұрақтары:Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?:

Абай күрсініп қояды .

Олжабек шалқасынан түсе жаздады .

Құрылысына қарай: Үйірлі
Сұрақтары:Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?:

Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.

Есті адамдарда бар қасиет - уайым жеу.

Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында, кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.

Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:

Баяндауыш болатын сөз таптары
Сөйлемдер
Баяндауыш болатын сөз таптары: Етістіктер
Сөйлемдер:

Мен өте қуандым

Сен қайда жүрсің ?

Баяндауыш болатын сөз таптары: Сын есімдер
Сөйлемдер:

Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз .

Ел тоқ .

Баяндауыш болатын сөз таптары: Зат есімдер
Сөйлемдер:

Сендер бақытты адамсыңдар .

Ат - көлік , қамшы - қару .

Баяндауыш болатын сөз таптары: Сан есімдер
Сөйлемдер:

Ер кезегі - үш .

Үш жердегі үш - тоғыз .

Баяндауыш болатын сөз таптары: Есімдіктер
Сөйлемдер:

Медеуі - мен .

Өтегені - өзі .

Баяндауыш болатын сөз таптары: Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз
Сөйлемдер:

От жылт еті .

Мылтық тарс етті .

Жаттығумен жұмыс: 38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.

. . . -ынтымақ . . . -сәлем берді . . . -төрт

. . . -байлық . . . -бөлінбейді . . . -жетім.

. . . -оқу . . . -білерсің . . . -жаман

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 39-жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
Самат оқушы
Баяндауыш 8-сынып.сабақ жоспары
Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтыруы
Жайылма сөйлем
Баяндауыш.Сөйлемнің бастауышпен байланысты сөйлем мүшесі баяндауыш туралы
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Жалаң және жайылма сөйлем .Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау
Сөйлем құрату
Баяндауыш жайлы ақпарат
Оқушылар сөзіне сұрақ қой
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz