№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебіндегі Тіл білгірі интеллектуалдық ойыны: бастауыш сыныптарға арналған сценарий және қорытынды (2014-2015 оқу жылы)

№ 3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Интеллектуалдық ойын

«Тіл білгірі»

ІІІ /негізгі/ деңгейлі

бастауыш сынып мұғалімі:

Ильясова Актоты Даулеткалиевна

2014-2015 о. ж.

« Тіл білгірі » интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:

  • Алған білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталау; ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін, тіліміздің қызықты құбылысын түсіндіріп, оқушылардың біліктілігі мен танымдылығын арттырып, қызықты сұрақтар арқылы жауапты тез табуға, тапқырлықпен орындауға дағдыландыру;
  • Ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту;
  • Білімпаздыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі

1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасымен таныстыру.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен, ұранымен танысу.

Сайыстың бөлімдері:

  1. «Зымыран сұрақтар»
  2. «Полиглот» бәйгесі
  3. «Ойлы болсаң, озып көр»
  4. «Көрерменнен базарлық»
  5. «Қызық сөйлем» бәйгесі
  6. «Мақал - сөздің мәйегі»
  7. «Тапқыр топ»

Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық", - деп, кезекті сайысқа қатысушы топқа берейік.
/Топтың аты мен ұраны таныстырылады/

«Ойшылдар» тобы:

«Бүгінгі жарысты қызықтап, Алға шығамыз қалықтап!»

«Данышпандар» тобы:

«Ойға аламыз, ойланамыз, Данышпандай ой-санамыз!»

«Жігерлі» тобы:

«Жігерленіп, шаттанып, Шығамыз алға мақтанып!»

Білімнің сырын ұғыңдар, Шығыңдар білім шыңына! Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздің өренді Ғажап тілдің сырына Қадамдарың оң болсын, Сәт-сапар енді тілейік!

І айналым «Зымыран сұрақтар». Сұрақ-жауап сайысы

«Ойшылдар» тобы:

1. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
2. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби) )
3. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
4. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
5. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
6. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
7. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
8. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
9. Қарсы мәндес сөздер… (антоним)
10. Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)

«Данышпандар» тобы:

1. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
2. Қосымша нешеу? (екеу)
3. Қазақ тіліне тән қанша әріп бар, сол әріптерді ата? /9/

4. Дыбыстар нешеге бөлінеді? /2/

5. Қ, к, ш, с, т, ф, қандай дыбыстар? (қатаң)
6. Қанша дауыссыз дыбыс бар? / 25/

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата

8. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша… (жалғау)

9. Буыннан не құралады? /сөз/

10. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (көркем)

«Жігерлі» тобы:

1. Сөйлем дегеніміз не? /Ереже айтады/

2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді? /3/

3. Лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір

4. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
5. Жуық мәндес сөздер…(Синоним)
6. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)
7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер…(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?
9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз… (Жақсы)
10. Жайылма сөйлем дегеніміз . . /Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем/

ІІ айналым. «Полиглот»

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт - деп сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.

1 . . . қылды қақ жарған. (қара)

2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан . . . ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман)

3. Ел қонбаса - . . . азады,
Жер болмаса - ер азады. (жер)

4 . . . ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау)

5 . . . тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл)

6 . . . көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды. (досы)

7 . . . өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі. (қыз)

8 . . . таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау)

9. Қына тасқа бітеді,
. . . басқа бітеді. (білім)

10 . . . сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді. (сөз)

ІІІ айналым «Ойлы болсаң, озып көр!»

БҚ Балмұздақ К*К Көк Қ*Қ Қақ

БҚ Бауырсақ К**К Киім Қ**Қ Қиық

БҚ Бақбақ К***К Күрек Қ***Қ Қайық

Б***Қ Балық КК Көйлек ҚҚ Қаймақ

Б*Қ Бақ КК Келешек ҚҚ Қызанақ

4-айналым «Көрерменнен базарлық»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді. )

Ат Киіз үй Жол
Кітап Сандық Сәби
Той Жұлдыз Телефон
Жалау Қалам Көгершін
Балмұздақ Мектеп Хат

Сергіту сәті:

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

5-айналым: «Қызық сөйлем» бәйгесі. Әр сөзі бірдей дыбыстан басталатын сөйлемдер құру. Әр топқа екі әріптен берілген, яғни екі сөйлем құрастырады.

«Ойшылдар» тобына «Ж ж ж ж », «Ө ө ө ө »

«Данышпан» тобына «О о о о », «А а а а»

«Жігерлі» тобына «Б б б б», «С с с с»

6-айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»


Ұқсас жұмыстар
Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылғы бастауыш сыныптар апталығы Білім бастауы: жоспар және қорытынды
№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебінің 2014-2015 оқу жылы соңғы қоңырау салтанаты
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің Информатика әлемінде сыныптан тыс шарасының сценарийі (2014-2015 оқу жылы)
Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылы Халықтар достығы фестивалі: Татулығы жарасқан халықпыз
Дубовка жалпы білім беру мектебінің 5 В сыныбының қазақ тілі пәні бойынша Зерде интеллектуалдық сайысының есебі (2014-2015 оқу жылы)
Байқоңыр қаласы М.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің 2014-2015 оқу жылын ашу салтанатының бағдарламасы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназиясының Әліппе - білім бастауы ертеңгілігінің сценарийі (2013-2014 оқу жылы)
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің 2013-2014 оқу жылы соңғы қоңырау салтанатының сценарийі 25 мамыр 2014
Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің Серіктестік желілік қоғамдастығының 2014-2015 ж. жұмыс жоспары
№23 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған ашық шара: Ана - өмірдің шуағы (2015-2016 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz