Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы

“Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы”

Бала тәрбиесi - игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз -ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата -ана және қоғам.

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

«Бала - басты байлығымыз

Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу - халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.

*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***

Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып

төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.

Бекітемін

Мектеп директоры

Ж. Нұрмаханова

«Тоғжан» қыздар клубының 2014 - 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары

Мерзімі
Жұмыстың мазмұны
Жауапты
№: 1
Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыстың мазмұны: Мектепте «Тоғжан» қыздар клубының жылдық жұмыс жоспарын таныстыру, бекіттіру.
Жауапты: Клуб жетекшісі
№: 2
Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыстың мазмұны: Мектептегі 1 -11 сыныптар арасында қыздар тізімін алу, жан - жақты талдау жасау
Жауапты: Клуб жетекшісі, сынып жетекшілер
№: 3
Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыстың мазмұны: Мектепішілік қыздар жиналысын өткізу, бойжеткен ережелерімен таныстыру
Жауапты:

Клуб жетекшісі

Мүшелері

№: 4
Мерзімі: Қазан
Жұмыстың мазмұны: «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі . . . » тақырыбында баяндама
Жауапты:

Клуб жетекшісі

Мүшелері

№: 5
Мерзімі: Қараша
Жұмыстың мазмұны: «Біле жүріңіз» қыздарға кеңес
Жауапты: Медбике
№: 6
Мерзімі: Желтоқсан
Жұмыстың мазмұны: «Ажарлы, сұлу, ғажап тым қыздары қандай қазақтың» дөңгелек үстел
Жауапты:

Клуб жетекшісі

Мүшелері

№: 7
Мерзімі: Қаңтар
Жұмыстың мазмұны: «Әдептен озбайық» тренинг
Жауапты: Психолог
№: 8
Мерзімі: Ақпан
Жұмыстың мазмұны: «Озар елдің қызы мінезді келеді» пікірталас
Жауапты: Клуб жетекшісі мүшелері
№: 9
Мерзімі: Наурыз
Жұмыстың мазмұны: «Қыз еркем - анасымен көркем» сайыс
Жауапты:

Клуб жетекшісі

мүшелері

№: 10
Мерзімі: Сәуір
Жұмыстың мазмұны: Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост)
Жауапты:

Клуб жетекшісі

Мүшелері

№: 11
Мерзімі: Мамыр
Жұмыстың мазмұны: Қоғамдық орындарда қыздар өздерін қалай ұстағандары жөн? Қыздарға кеңес
Жауапты: Клуб жетекшісі мүшелері
№: 12
Мерзімі: Мамыр
Жұмыстың мазмұны: «Тоғжан» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы
Жауапты: Клуб жетекшісі мүшелері

http://www.kyzdaralemi.kz/images/stories/6/5-08.jpg

Қыздарға кеңес

Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың. Тартымды бол. Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады. Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық - бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет.

*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***

Қазіргі уақытта артымызда өсіп келе жатқан сіңлілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде.

Сауалнамалар

1 . Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін?

2 . Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)

3 . Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?

4 . Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің?

5 . Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?

6 . Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе?

*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***

1. Сен соңғы кезде кіммен уақыт өткізгенді қалайсың?
Отбасыммен-

Достарыммен -

Жалғыз өзім -
2. Сыртқы келбетіңнің өзгергені, дене салмағыңның, бойыңның өскені /өспегені/ сені:
Қуантады -

Ренжітеді -

Ашуымды келтіреді -
3. Сенің қандай болғың келеді?
Ақылды -

Әдемі -

Тіл табыса білу -
4. Сен өзіңнің келбетіңмен жұртшылық назарында болсаң:
Қуанамын -

Көңіл- күйім болмайды -

Бәрібір-
5. Мені қолдайды :
Отбасы -

Мектеп-

Достарым -

1. Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз?
а) өзіне мысал келтіру; ә) талап етушілік;
б) сендіру; в) жазалау; г) мадақтау.
2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?
а) ия; б) жоқ.

3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз?
а) мақтау; ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, б) ойыншық сатып алғанда мақтау;

4. Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба?
а) ия; ә) жоқ; б) әркезде.

5. Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?
а) ия;

ә) жоқ;

б) әркезде.

6. Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?
а) ия;
ә) жоқ;
б) әркезде.
9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?
а) жеке өзім;
ә) әкесімен;
б) көршілермен;
в) туған-туыстарымен;
г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;
д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.
10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз :

Ата - аналарға жадынама:
Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз.
Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет.
Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз.
Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз.
Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.
Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.

*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***

12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес

Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.

Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.

Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз.

Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы өзгереді. Жасөспірім үшін өзінің ересек замандастарымен қарым-қатынас жасау маңызды. Өзіне сенімді тұлғалар қоғамда өз орнын таба алады. Ал жұрттың ыңғайына жығылғыш, біреудің рөлін ойнап жүрген жастарды әдетте замандастары қабылдай қоймайды. Жасөспірімнің өтпелі кезеңінде ата-анасы баласын қолдап, оны сыйлап, жақсы көрсе балаға бұл жағымды әсер етері сөзсіз. Шешімталдық пен бір қалыптылық - ата-ананың маңызды қасиеттерінің бірі. Егер балаларымыздың мейрімді, туыстарын жақсы көретін адам болып өсуін қаласақ, өзіміз де оларға мейіріммен қарап жақсы көргеніміз жөн. Ата-аналар баласының өз бетінше әрекетін құптап, оны қолдайтынын және сенім артатынын білдіріп отырғаны дұрыс.


Ұқсас жұмыстар
Қыз тәрбиесі - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы
Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар
Отбасы және қоғам
Тіл - құдірет
Ана тілі
МЕКТЕП тәрбиесі
Тәрбие отбасынан басталады
Ата салтым - асыл қазынам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz