Жаңа технологиялар мен ойындық тапсырмаларды енгізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Қайнар ауылы

№32 В. В. Маяковский атындағы орта мектебі

Жумаева Зина Толегеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі : 19 жыл

Санаты: I.

«Жаңа технолоияны қолдана отырып, ойындар мен қызықты

тапсырмалар арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру».

Ойын тиімді технология

Пікір

Біз ұзақ жылдар бойы білім берудің негізгі мақсаты - оқу материалын игерген, белгілі дағдылары қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу деп келгенбіз. Ал, бүгінгі таңда жүйеленіп берілген білімді меңгере алатын, шығармашылық бағытта жұмыс жүргізе білетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан мұғалім баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілетін қалыптастыру және ой - өрісін дамыту мақсатында еңбектенуі керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері, яғни оқуға құштарлығы, ынталығы оқу әрекетінде көрінеді. Оқуға ынталы шәкірт бойында қашанда құлшыныс, белгісіз нәрсені танып білуге деген ізденіс пайда болады. Оны мұғалімдер кезінде ұштай білу үшін мына мәселелерге мән бергені дұрыс:

1. Оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, нақты, шұбылаңқы сөздерсіз берілуі керек.

2. Тапсырманың ауыр, жеңілдігіне қарай оның орындалуына уақыт белгілеуі шарт.

3 . Оқушы ойына қозғау салатындай анық әрі сауатты сұрақтар берілуі керек.

4. Оқушыларға берілетін тапсырмалар оқу материалынан тым алшақтап, қиындап кетптеуі тиіс.

5. Берілген тапсырма оқушының ой - өрісін қиялын дамытатындай деңгейде болғаны жөн.

6. Тапсырманың міндетті түрде тәрбиелік мәні болуы керек. Оқушыны шығармашылық қа баулуда бүгінгі заманға тән оқытудың жаңа техналогиясын пайдаланғанымыз жөн. Мәселен мен әр сабақты оқушы өздігінен ой қозғайтындай, пікірін іркілмей айта алатындай етіп ойын техналогиясын сабаққа ендіру тиімді деп ойлаймын. Бастауыш сынып оқушылары бір-бірімен жұмыс жасағанды ұнатады, өз ойларын ортаға салып, достарының пікірін тыңдағысы келеді. Өздерін достарына тыңдата алғанына қуанады. Сұрақтарға жауап бере отырып, дәстүрлі сабақтарға қарағанада жаңа білімді меңгеруі жеңілдейді, сабақ есінде ұзақ сақталады. Ойын баланың нақты жағдайға еркін ену түрі. Ойын баланың білім алуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетін ашады. Ойын дегеніміз - бұл ынталылық пен құмарлылықтың отын жағатын ұшқын.

Пікір жазған: Бастауыш сынып мұғалімі:

Жумаева Зина Толегеновна


Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологиялар элементтерін енгізу арқылы оқушылардың химияға қызығушылығын арттыру және білім сапасын көтеру
Физика пәнінде метатаным мен жаңа оқыту әдістерін енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
ХХІ ғасыр талаптарына сай бастауыш мектептегі білім сапасын арттыру: жаңа педагогикалық технологиялар мен ойын элементтерін қолдану
Критериалды бағалау жүйесі арқылы бастауыш сыныптағы білім сапасын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттырудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда инновациялық оқыту технологияларының тиімділігі
Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру әдістемесі
Диалогтық оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының белсенділігін арттыру
Дене шынықтыру пәнінде инновациялық әдістерді енгізу арқылы колледж студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және білім сапасын арттыру
Функционалдық сауаттылық арқылы білім сапасын арттыру: ұлттық стратегиялар мен инновациялық оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz