Құмырсқа мен көгершін. жұп дауысты дыбыстар. 1-сынып

- Алдында алған білімдерін жетілдіреді;
-Мәтіді мәнерлеп, шапшаң оқуға машықтанады
-Диалог арқылы мәтіннің негізгі ойын табуға үйренеді;
-Грамматикалық тапсырмаларды дұрыс, ұқыпты орындауға үйренеді.
Амандасу.
Шаттық шеңбер:
Дөңгеленіп тұрайық
шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң, мектеп!
Қайырлы күн, достарым!
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
- Енді қонақтармен амандасайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау салтымыз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
-Ал қазір сабақта ұстанатын ережелерді есімізге түсірейік:
Тәртіп сақтау;
Сұрақтарға қол көтеріп, жауап беру;
Уақытты үнемдеу;
Бір-біріңді тыңдау, сыйлау;
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің шумақтары бойынша топқа бөлу
-Ақын туған өлке сұлулығын қалай бейнелеген?
-Бұл өлең қандай көңілмен айтылады?
-Туған өлкең үшін сен істер едің?
-Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгін сабақта «Құмырсқа мен көгершін» әңгімемен танысып, ы-і жұп дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін анықтаймыз.
-Ертегі тыңдауды жақсы көресіңдер ме?
-Бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
Бір-бірімен, ашық сабаққа келегн мұғалімдермен амандасады.
Сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін айтады.
Топқа бөлінеді.
Мәнерлеп оқиды.
Сұраққа жауап беру арқылы ақынның ойын ашады.
Мұғалімді тыңдайды.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде,
Қаратаудың ойында,
Қарасудың бойында
Темірбатыр деген өмір сүріпті. Ол құс атып, аң аулағанды, аңшылықпен айналысқанды жақсы көреді екен. Күндердің бір күнінде Темірбатыр аңға кеткенде көптен аңдып жүрген мыстан кемпір айдай ажарлы, келбетті де сұлу қалыңдығын ұрлап кетеді. Темірбатыр жүйрік тұлпарына мініп, мыстандар еліне аттанады. Күннен күн, айдан ай өтеді. Бір күні алдынан биік қақпа пайда болады. Қақпа тарс жабық. Қақпада «Уа, қасиетті пендем! Егер қақпадан өткің келсе, тапсырмамды орында» деген жазуды оқиды. Қане, барлығымыз да Темірбатырға көмектеселік.
І. Миға шабуыл.
-Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыз: «Өткені білмей, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау қиын » дегендей «Өткенге шолу» жасаймыз.
- Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Жауабы: 42 әріп, 40 дыбыс бар
-Қай әріптер дыбысталмайды?
-Қанша қосарлы дыбыс бар? Атап беріңдер?
- Әріп дегеніміз не, дыбыс дегеніміз не?
Жауабы: Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты естиміз, айтамыз.
- Дыбыстар қалай бөлінеді?
Жауабы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар
- Жуан дауысты дыбыстарды кім айтады?
Жауабы: (а, о, ұ, ы)
- Жіңішке дауысты дыбыстарды кім айтады?
Жауабы: (ә, е, ө, і, ү)
-Қандай дауысты дыбыстар әрі жуан, әрі жіңішке болып естіледі? (и, у)
Топтық жұмыс.
Сөздердегі дауысты дыбыстарғды тап, түрін ажырат және жұптарын тауып, бір-бірімен сызықпен қос.
І-топ: сан, от, сән, өт.
ІІ-топ: тыс, ұн, тіс, үн.
ІІІ-топ: төрт, сұр, торт, сүр.
Ертегі үзіндісін тыңдайды.
Ертегінің бірінші тапсырмасын орындайды.
Дыбыс, әріп тақырыбын еске түсіреді.
Топта жұмыс істейді.
Спикер топтың жұмысын қорғайды.
Критерий:
-жуан немесе жіңішке екендігін дұрыс айтты;
-толық жауап берді;
-жұптарын дұрыс табу.
Темірбатыр қақпадан кірген сәтте, өткел бермес суға тап болады. Ол судан өтпек болып қанша талпынғанымен судан өтуге ешқандай мүмкіншілік болмай қалады. Сол сәтте судан алтын балық шығып, судан өткісі келсе, тапсырмаларды орындау керектігін айтады
Жұмбақ шешу.
Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқимыз.
Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеев 1878 жылы 1 қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Ол 1887 жылы Ыбырай Алтынсариннің өзінің көмегімен ұлы ұстаз ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіреді. Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды. Ұстазы Ы. Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастыруды арман етіп, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп, бастауыш класс мұғалімі болып шығады.
Венн диаграмма арқылы салыстырып көрейік.
-Көгершін, құмырсқа жайлы не білетіндерін сұрау.
Қосымша жас ерекшелігіне қарай дерек беру.
-Жұп дауыстыларды сәйкестендір» тесті
Ұ ө
Ы е
А і
Ы-і дыбыстарына қатысты жаттығуды орындаймыз.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу.
-Бірінші әрпі ы-дан немесе і-ден басталатын сөз құрап, жетіспейтін буынды жазамыз.
Қиналып көтеріп,
Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді,
Жүкшідей кәдімгі. (құмырсқа)
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт. (көгершін)
Ертегінің келесі үзіндісін тыңдайды.
Алтын балықтың шарты бойынша тапсырманы орындайды.
Жұмбақ шешеді.
Әңгіменің авторы С. Көбеев туралы қысқа мәлімет алады.
Әңгіме кейіпкерлерін өзара салыстырады.
Әңгіме кейіпкерлері жайлы білетіндерін анықтайды.
Құмырсқа, көгершін сөздеріндегі дауысты дыбыстардың жұптарын табады.
Ы-і дыбыстарына қатысты жаттығуды орындайды.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Бара жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға бір қарады,
Солға бір қарады.
Үлкен тау деп ойлады.
Тапсырмалар орындалып болысымен, су екі айрылып, Темірбатыр жағалауға, арғы бетке өтеді. Бұл ну орманнан өту үшін «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін мәнерлеп, түсініп оқуымыз керек. Қанеки, бәріміз ер тұлғалы Темірбатырға көмектеселік.
1. Мәтінді мен оқып беремін.
2. Сөздік жұмыс. Сусап - шөлдеп
3. Оқушылар тізбектеп оқиды.
4. Ы-і әріптері бар сөздерді тауып оқыңдар.
Ертегі желісі бойынша келесі тапсырманы тыңдайды.
Мәтінді тыңдайды, тізбектеп оқиды.
Ы-і әріптері бар сөздерді тауып оқиды.
Ну жынысты, қалың орманның шетіне шыққан Темірбатыр ордалы жыланға тап болады. Тілдерінен зәрлі у шашқан, аяқ алып жүргісіз жыландар арасынан
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz