3-сынып математикасы: Кері есептерді құрастыру және шартын, сұрағын, шешуін салыстыру

Атырау қаласы
№10 С. Мұқанов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Унайжанова Шолпан
Сабақ жоспары
Мерзімі : 26. 09. 2014
Уақыты : 14. 50-15. 35
Сыныбы : 3 «ә»
Пән атауы : математика
Сабақтың тақырыбы : Кері есептер
Сабақтың мақсаты : Берілген есеп бойынша кері есеп құру, шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыруға үйрету.
Күтілетін нәтиже : Кері есеп құра отырып шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыра алады.
Бірін-бірі тыңдай отырып, бағалай алады.
Қолданылатын модульдер : Ой қозғау, диалогтық оқыту, ұжымдық оқыту
Стратегиялық іс-әрекет : «топтық жұмыс», «жеке жұмыс», «жұптық жұмыс», пәнаралық байланыс.
Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушылар түрлі-түсті қағаздарды таңдап, 3 топқа бөлінеді.
Түстердің адам өмірімен байланысы туралы түсінік беріледі.
Бағалау өлшемімен таныстырады.
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
Бағалау өлшемімен танысады.
Үш түсті қағаздар.
Бағалау парақшалары.
Негізгі бөлім:
Кіріспе
«Ақылдас, топтас, талқыла»
Жаңа тақырыпты хабарлап, кіріспе жасайды
1 топ: №1 есептің а)
2 топ: №1 есептің ә)
3 топ: №1 есепті б)
Топтасып пікірлесе отырып, өз ойларын еркін, дәл, анық түрде флипчартқа түсіріп қорғайды.
Есептердің шартын, сұрағын, жауабын салыстырады.
7 мин
5 мин
Жеке жұмыс
«Жұбыңа әңгімеле»
Оқушыларға парақшаға жазылған тапсырмалар беріледі.
Сәйкестендіру тесті таратылады.
Берілген тапсырманы дәптерлеріне орындайды, тақтада жазылған дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді, бағалайды.
Меңзер бағыты арқылы дұрыс жауабын белгілейді. Жұптар тақтадағы жауап арқылы бір-бірін тексеріп, бағалайды.
Парақшалар, бағалау бетшесі.
Тест, бағалау бетшесі.