Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Менің тұңғыш президентім
Менің тұңғыш Президентім !
Мақсаты : елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген,
халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатқан елбасының
кісілік келбетін таныту. Елін сүйген,ел сүйген Елбасынан үлгі алуға
тәрбиелеу. Отанға деген құрметке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері :
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған,Жер Ана
Сәлем саған Нұрлы Күн
Аман –есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.
Тәрбиеші : Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім,жерім,қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен-тәуелсізбін,азатпын.
- Балалар,сендер білесіңдер ме,біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Отан дегенді қалай түсінесіңдер ?
- Адамның туып өскен жері,туған туысқандары,біз тұратын атамекен.
- Өте дұрыс айтасыңдар.Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
- Астана –өте әсем қала.Астана қаласында үлкен ғимараттар
орналасқан. /Слайд көрсетіледі/.
- Мынау Елбасымыздың Ақ Ордасы. Біздің Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті,мемлекет қайраткері.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жаңа елордасы – Астананы салуға
басшылық жасап,оны Еуразиядағы ең әдемі қалалардың біріне
айналдыруға үлес қосуда. Еліміз үшін аянбай еңбек етуде. Олай
болса ,балалар,Елбасымызға тақпақтарымызды арнайық.
Туған жерім,кең байтақ,ұлан ғайыр,
Елбасшысы Отанымның Назарбаев.
Нұрсұлтандай атамыз ұстап тұрған
Болашағы Қазақстанның бар ғажайып.
Атап айтсақ,мың тоғыз жүз тоқсан бірде,
Әртүрлі өзгерістер болды елде.
Кемеңгер,аса ойшыл Президентім,
Тәуелсіздік мәртебесін алды елде.
« Ана тілім-тұғырым» бола берсін,
Болашағым бейбітшілік нірін сезсін.
Пайғамбарым бер Алла тірек болып,
Нұрсұлтан атамызға төзім берсін.
Тәрбиеші : Өте жақсы. Жарайсыңдар,балалар. Қалалардың
көркейіп,гүлденуі,қала көшелерінің тазалығы мен жасыл желекке орануы
табиғатымызға сән береді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев « Тазалық-саулық негізі,саулық байлық негізі»
деп,қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән
берді. Сендер де осы Елбасымыз сияқты табиғатты аялай білесіңдер ме?
Тәрбиеші : Елін,жерін құрметтеген Елбасамыз аман болсын. Біз де өз
Отанамызды сыйлаймыз,құрметтейміз. Ендеше Отан деген өлең,жырларымызды
арнайық.
Ел ордасы –Астанам,
Саған айтам асқақ ән.
Әрқашан да қазақ боп,
Туғаныма мақтанам !
Батырлық бар тегімде,
Көк байрағым көгімде.
Әнұранды жатқа айтам,
Елтаңбам тұр көгімде.
Менің атамекенім,
Атамекен-тұрағым,
Сөнбейтұғын шырағым,
Көк байрағым-айбыным,
Қасиетті тұмарым.
Қасиетті Қазақтан
мекенім,
Ақиқаттың алтын
бесігі екесің.
Елім,жерім,Отаным-
бақ –дәулетім,
Болашағым,өнер-
білім,өркенім.
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен,
Биік тау,орман-тоғай,көлімізді.
Отан- тарих,Отан-тіл,
Жасаған елім,өз халқым.
Отан –өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке,ел даңқын.
Біз біргеміз
Біз біргеміз,
Берік іргеміз,
Бірге тілегіміз,
Ар,иман-тірегіміз,
Елорда –жүрегіміз
Біз біргеміз.
Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты.
Мен әлемге танытам,
Қазақ деген халықты.
Қорытындылау :
- Біз бүгін кім туралы әңгімелестік?
- Елбасамыздың аты-жөні кім ?
- Біздің елбасамыз Н.Ә. Назарбаев қандай жақсы істер жасады?
- Ендеше ,елімізді көркейтіп, Қазақстанымызды
көріктендіріп,гүлдендіріп отырған елбасамыз Н.Ә. Назарбаевқа
жылы лебіздерімізді білдіре отырып,бүгінгі оқу-іс әрекетімізді
қорытындылаймыз.
Елбасамыздың құрметіне арналған 1-желтоқсан тұңғыш Президент күніне
арналған мереке құтты болсын!
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Тегістік ауылы
Шағын орталық тәрбиешісі
Темірова Қарлығаш Мырзабайқызы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz