Отбасы күніне арналған ата-ана мен оқушылар үшін эстафеталық жарыстың ұйымдастыру жоспары

«Отбасы күніне» арналған көңілді эстафета жарысының
жоспары:
Мақсаты:
- 1. Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.
- 2. Ата - ана мен мектептің тығыз қарым - қатынасқа болуға шақыру.
- 3. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Міндеттері:
1. Жарысқа қатысушылар .
- 8-9 сынып оқушылары мен ата-аналары.
- Команда құрамы: 6 ойыншы:(2 әке, 2 ана, 2 оқушы) .
- Қатысушы ата-ана болуы шарт.
2. Эстафеталық жарыс түрлері:
- Доппен жүгіру:(Ойыншы допты еденге ұру арқылы жүгіріп барып, қайтып келу. )
- Допты аяқпен қысып жүгіру:(Ойыншы допты екі аяқ арасына қысу арқылы, секіріп барып, секіріп келу. )
- Допты бастарымен ұстау арқылы жүгіру: (екі ойыншы допты бастарының арасында ұстау арқылы, допты түсірмей жүгіріп барып, келу. )
- Ракеткадағы шар:(Ойыншы ракеткамен шарды ұру арқылы шарды жерге түсірмей, жүгіріп барып және қайтып келу. )
- Арбалар сайысы:(әкелер балалардың аяқтарынан көтере ұстап, алдыға қарай жүгіріп барып, қайта келу. Аналар жіппен (cкакалка) мен секіріп барып, секіріп келу. )
- Мергендер сайысы: (Ойыншы жүгіріп барып, ілулі тұрған шарды найзаша мен атып жару, әрбір жарылған шар 1 ұпай. )
- Гр көтеру сайысы: (бұл сайыста әкелер 10 реттен гр көтереді, аналар 10 реттен жіппен (cкакалка) секіреді)
- Арқан тартысу: (бұл сайыста команда бойынша қатысады. )
3. Марапаттау: Жеңімпаз командаларды мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапаттау.