Файл қосу

Брейн ринг сайысы, 9- 10 сыныптар

БРЕЙН РИНГ САЙЫСЫ
Сайыстың мақсаты: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Туған жерін, отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: <<Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет>>. Ш.Уәлиханов.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, биология, спорт.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9-10 <<а>> және <<б>> сыныптары арасында өткізілетін<<Брейн ринг>> сайысына қош келдіңіздер!
Жарысқа қатысушы командалармен және әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сайысқа катысушы топтармен таныстыру (команда капитандарын да
таныстыру):
* 9 <<А>> сыныбы - <<Болашақ>> тобы
* 9 <<Б>> сыныбы - <<Атамекен>> тобы
* 10 <<А>> сыныбы - <<Мұрагер>> тобы
* 10 <<Б>> сыныбы - <<Алаш>> тобы
Сайыс жоспары:
* <<Кім жылдам ойыны>>, яғни капитандар сайысы
* <<Терминдер сөйлейді>>
* <<Жалпы сұрақтар>>
* <<Егер де мен болсам ....>>

Сайысымыздың Бірінші туры <<Кім жылдам>> ойынын бастаймыз. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Бұл турда сұрақтарға команда капитандары ғана жауап береді. Бірінші болып <<.......................>> командасының капитаны бастайды. Әр сұраққа 5 секунд ішінде жауап беру керек.
Команда капитандары келіп нұсқалар жасырылған жеребе қағазын алып, кезек бойынша жауап береді.
I тур <<Кім жылдам>>
I нұсқа.
* Түркілердің жаңа жылы (наурыз)
* Тәукеханның зандар жинағы (Жетіжарғы)
* ҚожаАхмет Йассауи күмбезінде"жерленген батыр (Бөгенбай)
* ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнаркөзі (халық)
* Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)
* Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)
* Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)
* Бала туғанда қазақтар қандай той істейді (шілдехана)
* Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)
* Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас Кеңес одағының батыры кім? (Елеусізов)
* <<Невада-Семей>> қозғалысының жетекшісі кім? (О. Сүлейменов)
* Конституция неше баптан тұрады? (98)
* Шығыс Қазақстан бойынша қандай темір жол өтеді? (Түрксіб)
* Ақтабан-шұбырынды жылдары (1723-1727)
II нұсқа.
* Қазақтың тұңғыш академигі (Сәтбаев)
* Қамшыгер деген кім?(қамшының қожасы)
* Қазақстан уран, фосфорит шығарудан әлемде нешінші орында (2)
* Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)
* Ноғайордасыныңастанасы (Сарайшық)
* Қаз дауысты... (Қазыбек би)
* Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)
* Қойдың басын кімге тартады (сыйлы қонаққа)
9.1867-1868 жж. реформа бойынша Қазақстан неше генерал-губернаторлыққа белінді (3)
* Тың игеру жылдары (1954-1956)
* Сүйінбайдың әкесі кім(Арон)
* Соғыс кезінде <<шығыс кілті>>деп қай қаланы айтты ?(Сталинград)
* <<Алаш>> партиясының құрылған жылы (1917 ж.)
* Шоқанның есімін әлемге әйгілі еткен саяхаты (Қашғар саяхаты)
III нұска.
* Бидайдан жасалған сусын (бидай көже)
2.Өскемен қаласының негізі қаланған жыл (1720 ж.)
* Малдың жаппай қырылуы (жұт)
* Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)
* Астана қай жылдан бастап ҚР астанасы депаталды (1998 ж.)
* Қазақстанда қола мәдениетін зерттеген ғалым (Ә. Марғұлан)
* Үкітағар сыйлықты бас құда кімге береді (қалыңдыққа)
* Малшаруашылығыныңтүрлері (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы)
9. Томирис қай тайпаның патшайымы болды?(сақ)
* Сығанақ қаласы моңғолдарға қанша ай берілмей тұрды (3 ай)
* Қазақ халқының 100 әнін жинақтаған кім?(Затаевич)
* Тәуелсіздікті алған жыл (1991 ж.)
* ШҚО-ның әкімі (Даниал Ахметов)
* Семей қаласының негізі қай жылы қаланды (1718 ж.)
ІV нұсқа.
* ҚР вольфрам өндіруден нешінші орын алады (1)
* Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)
3.1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)
* Сөзден не бұзылады (көңіл-күй)
* Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)
* ШҚО <<Алтын адам>>табылған жерлер (Берел мен Шілікті)
* Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)
* Алғашқы қазақ хрестоматиясының авторы (Ы. Алтынсарин)
* <<Қасым ханның қасқа жолы>> неше бөлімнен тұрады? (5)
10.<<Қан мен тер>> романының авторы (Нұрпейісов)
11.Махамбет пен Исатайдың туған жері (Бөкей Ордасы)
12. Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)
13. <<Ленинградтық өренім>> өлеңінің авторы (Жамбыл)
14. Ежелгі сібір тайпаларының тілдерінде <<қазақ>> сөзі қандай мағынаны білдірген ?(<<мықты, берік, алып>> )
II тур <<Терминдер>>
Ұпай саны аз командадан бастаймыз, берілген терминнің анықтамасын айтып беру керек. Ақылдасуға 20 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
* Би -- дау -- жанжалға бітім айтып, терелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.
* Революция -- қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
* Диаспора -- басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.
* Дуал -- балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.
* Кісе -- күміс, жез қаптырмалармен безендіріп, қалташалар салған жалпақ былғары белдік.
* Інжу - монғолдың <<ханның жері>> деген мағынадағы сөзі.
* Арыс -- бірнеше рудың бірлестігі.Оны басқарған би.
* Кешіктен -- ханның жеке басын қорғайтын жасауыл.
* Көген -- қозы-лақ байлайтын ағытылмалы бұршағы бар, қыл арқанға тағылған қысқа жіптер.
* Аттұлдау -- қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйырығын күзеп, жылына дейін құр жіберу(мінбеу), асына сою.
* Құйысқан -- ат әбзелі. Ер-тоқымның алға сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
* Медресе -- Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

III. Жалпы сұрақтар. Бұл турда әртүрлі ғылым салаларын сұрақтар қойылып, командалар кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі. Ойлануға 20 секунд. Егер сұрақ қойылған команда жауап бере алмаса, онда қарсылас командаға жауап айтуға рұқсат беріледі. Ойынды ұпай саны жоғары команда бастайды.

* Бұрынғы Семей облысының қай аудандында архитектуралық ескерткіштер жасауда кеңінен қолданылатын өте сапалы габбро (қара гранит) өндіретін кен орны орналасқан? (Аягөз ауданы, Шұбартау өңірі)
* Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас).
* Малай сұржыланының лақап аты <<100 метр>>. Бұл қорқынышты жыланға мұндай атау не үшін берілген? (Шаққаннан кейін оның жемтіктері тек жүз метр жер ғана жүре алады, яғни өте улы жылан).
* Германияның Майндағы Франкфурт қаласында ер адамның қандай затына ескерткіш орнатылған? (Галстук)
* <<Семей полигоны>> атты кітаптың авторы? (К. Бозтаев);
* Арыстан баласы? -- абдан.
* Шыңғыс ханның алтын ерінің құрметіне қойылған жер аты қалай аталады? Бұлжер Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан (Атынемел).
* <<Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым - әдебиетін , өнеркәсібін , мәдениетін , қоғамдық құрылысын , салт - санасының , мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлел мөлшері деп айтқан қазақ халқының атақты тұлғаларының бірі. (Бауыржан Момышұлы)
* Гений болу үшін - 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон)
* Үндістанның қандай таулы үстірті университеттегі факультетті басқарады? (Декан)
* Францияның қай қаласы терезеде ілініп тұрады? (ТЮЛЬ).
* Қазақстандағы қыз баланың есімімен аталатын мұнай кен орны (Қаламқас).
* Семей қаласының тұрғындары өздерін <<семейліктер>>, Манчестер қаласының тұрғындары өздерін <<манукуниандықтар>> деп атаса, ал Монаколықтар өздерін қалай атайды? (Монегаски).
* Француздар үндістердің қай тайпасын бұзақылар деп атаған (Апачи, <<Апаш>> фр. <<Бұзық>> деген сөз)
* Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча).
* Ең қарапайым программалау тілі (Бейсик).
* М.Х. Дулати: <<Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес>>- дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523) жж).
* Жер шарындағы ең ірі сүтқоректі - піл болса, ірілігі жағынан екінші орында қай жануар тұр? (Мүйізтұмсық).
* Қазақстан 2014 жылы Алматы қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде жалпы командалық есепте нешінші орын алды? (Қытаймен Солтүстік Кореядан кейін 3-ші орын алды)
* Н. Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы жолдауының атауы (<<Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол>>).

IV тур <<Егер де мен болсам...>>
Бұл турда әрбір командадан бір оқушы шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Тақырыптар жеребе арқылы беріледі. Ең жоғары ұпай 10.

* Егер де мен болсам білім министрі.
* Егер де мен болсам денсаулық министрі.
* Егер де мен болсам кәсіпкер.
* Егер де мен болсам спорт министрі.





Көрермендерге арналған сұрақтар:

* Қазақстанның монет сарайы орналасқан қала? (Өскемен).
* Не себепті автокөліктердің ішкі салоны және шиналары қара күңгірт түсті болып келеді? (Күнді шағылыстырмайды)
* Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын қабылдайды? (дәрігерлер)
* Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс Азия елдерінде аяқпен ойнайтын, волейболға ұқсас кең таралған ойын түрі (<<Сипактакро>>).
* Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады?(Базар)
* Қаскелең қаласында орналасқан печенье мен конфеттер шығаратын кәсіпорын (<<Хамле>>).
* Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит)
* Қазақстанның пайдалы қазбалар көмбесі (Сарыарқа).
* Бұғының баласы (Бұғышақ)

(Оқушылардың шешендік өнері тыңдалғаннан кейін, әділқазылар қорытынды сөзді айтады)
Жүргізуші: Сонымен ойынымыз аяқталды. Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі ойынымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Ұқсас жұмыстар
Математикалық брейн-ринг сыныптан тыс шарасының жоспары
Екі топқа ортақ сұрақ
Брейн-ринг- «не? қайда? қашан?» (7-сыныптар арасында)
Сабақтың көрнектілігі
Капитан конкурсы
Математикалық ринг (7 және 8 сыныптар)
Математикалық сайыс. Брейнг Ринг
М.м.жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ойын арқылы оқыту
Интеллектуалды ойын "брэйн-ринг". 1 сынып
Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде тұрғындарды жаппай және жекелей қорғаудың құралдары мен әдістері
Пәндер