Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары


Сабақтың тақырыбы: «Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары»
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік мақсаты: «Су қоймасы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру арқылы
еліміздегі көлдер, өзендер, тоғандар туралы білімді еске түсіру. Су
ішіндегі тіршілік жағдайлары, өсімдіктері, жануарларының алуан түрлілігі
туралы білімдерін кеңейту;
2.Дамытушылық мақсаты:
Оқушының сөздік қорын молайту, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,
тіл байлығын молайтып, ойлау, көру, қабылдау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік мақсаты:
Бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, жақсы мен жаман әдет қылықтарды
ажырата білуге, жауапкершілік сезімі бар жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, түсіндіру,
өзбетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, ойын әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: тест тапсырмасы, семантикалық карта, интерактивті
тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» тарауы бойынша 10 сұрақтан
тұратын тест тапсырмасын орындату. Тест тапсырмаларын дайын үлгіде
оқушыларға беру.
І слайд
Өзіңді тексер.
І нұсқа
1. Суға тапшы аймақ.
а) дала в) шабындық с) шөл
2. Ормансыз тегіс алқап.
а) дала в) шөл с) құм
3. Шалғын қандай жерлерде өседі?
а) тау етегінде в) өзен аңғарларында с) жазық жерде
4. Пішен дайындалатын жер қалай аталады?
а) шөл в) дала с) шабындық
Орман құсы.
а) шымшық в) бұлдырық с) бөдене
6. Алматы облысы Шелек өзені бойын мекендейтін жануар
а) елік в) доңыз с) бартоғай бұғысы
7. Суыр төмешігінің аумағын көрсет.
а) көлденеңі 1-5м, биіктігі 1м. в) көлденеңі 5-10м, биіктігі 1,5м.
с) көлденеңі 10-15м, биіктігі 1м.
8. Мақта өсірілетін аймақ.
а) Солтүстік Қазақстан в) Оңтүстік Қазақстан с) Шығыс
Қазақстан
9. Даланың неше түрі бар.
а) 3 в) 2 с) 4
10. Шөлді жерді мекендейтін жануар
а) қасқыр в) арқар с) кесіртке

(тест жауабы)
І нұсқа 1с. 2а. 3в. 4с. 5а. 6с. 7с. 8в. 9а. 10с.

ІІІ Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту. Жұмбақ
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек.
Барша тірлік құрғайды.

(Су)
Оқушыларға судың дыбысын тыңдату.
ІІ слайд
Су қоймасы өсімдіктері жануарлары
Қазақстан картасын көрсете отырып, картадан Қазақстан көлдері мен өзендерін
табу. (Жайық, Ертіс, Сырдария, Іле өзендері және Каспий , Арал, Балқаш
көлдері)
Қазақстанда үлкенді – кішілі өзен, көлдер көп. Құрлық суына өзен, көл
және жер асты сулары жататыны белгілі. Қазақстанда бұлардан басқа ірілі –
ұсақты су қоймалары - кішігірім өзендер, көлдер, бөгеттер, қарасулар көп.
Осындай су қоймасының жағасы мен оның ішіндегі тіршілік ке зер салайықшы .

Мағынаны тану. Бүгінгі біздің тақырыбымыз « Су қоймалары. өсімдіктері мен
жануарлары » Қазақстан су қоймалары көп : Бұқтырма , Қапшағай, Шардара,
Қызылағаш, Қамыс Самар көлі, Сарыкөл көлі
ІІІ слайд
Топқа бөліну. Ребусты шешу.
1 топ: өсімдіктер
2 топ: жануарлар
3 топ: құстар

ІҮ слайд « Электрондық оқулықты тыңдау »
Су өсімдіктері туралы қосымша ақпарат беру.
«Су өсімдіктері»

Сарыкөл көлінің қамысты жағалауы.
Біздің өлкеміздегі Жәнібек ауданы маңындағы ұсақ тұзды және кермектеу
келген көлдер бар.

Қамыс – Самар көлі
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы су айдындары. Бұл жерде қамыс
құрақ су өсімдігі кең тараған. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп
жемістенеді. Құрақты сиыр, жылқы жейді. Құрақтан себет тоқылады, құрылыста
қолданылады. Химиялық өңдеу жолымен сірке қышқылы қағаз алынады.
Ақ тұңғиықтар. Олардың көптеген керемет қасиеттері бар. Гүлдері жаңбыр
алдында жабылып, Саяхатшыларға белгі береді.Жас 2-3 күндік гүлдер жабылып,
суға батады. Күнде таңертең су бетіне шығып, тез ашылады. Гүлдеп болғаннан
кейін күлтелері түспейді, олар жас жемісін зақымданудан қорғайды.

Балықот Балдырлар

«Су жануарлары»
Берілген слайдтағы суреттерге оқулық бойынша мұғалімнің түсіндірмесі.

Инелік Сүңгуір қоңыз
Тоспа ұлу
Мөңке Құндыз Кәмшат
«Су құстары»
Оқушылардан жаңа тақырып бойынша су өсімдіктері мен
жануарлары туралы түсінгендерін сұрау.
Ой толғаныс.
Постермен жұмыс

Семантикалық картамен жұмыс
|№ |Атаулары. |Су қоймасының |Су қоймасының |Су қоймасының |
| | |өсімдігі. |жануары. |құсы. |
|1 |Құрық |+ | | |
|2 |Инелік | |+ | |
|3 |Қаз | | |+ |
|4 |Бірқазан | | |+ |
|5 |Балықот |+ | | |
|6 |Тұңғиық |+ | | |
|7 |Кәмшат | |+ | |
|8 |Тоспа ұлуы | |+ | |
| |Үйрек | | |+ |
| |Бақа сукөлігі |+ | | |

Жұбын тап ойыны

ІV.Үйге тапсырма: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары тақырыбын түсініп
оқып келу. Өз жерімізде кездесетін өсімдік, жануарлар туралы мағлұмат
жинау.

V. Қорытынды. Рефлексия
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Нені білдік?
- Нені үйрендік? ( оқушылардың ойларын тыңдау) Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды мадақтау. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары жайлы ақпарат
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.қорғау.(қысқа мерзімді жоспар).4 сынып
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Сабаққа назарларын аудару
Жас қорық
Инелік - қомағай әрі пайдалы жәндік
Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау
"Баяндауыш." 3 сынып
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары. дүниетану, 4 сынып
Сауда қалалары
Пәндер