Математика: 1-5 сандарын қайталау және бекіту (мектепалды даярлық тобы)


МАТЕМАТИКА

Сабақтың тақырыбы: Қайталау, білім бекіту сабағы.

Сабақтың мақсаты:

1-ден 5-ке дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе цифрлар, суреттер, сандар тізбегі, интерактивті тақта .

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын жаттығулары.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты еске түсіру.

Балалар, бүгін сабақ ерекше болмақ. Өйткені бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.

Сендер «Маша және медьведь» ертегісін білесіндер ме? Ендеше осы Маша да сендер сияқты мектеп табалдырығын аттады. Ол да сендер сияқты математика сабағын өтеді екен. Бірақ бүгін сендерден көмек сұрауға келіпті,

көмектесесіндер ме?

Математика сабағы болғандықтан, есімізге түсірейікші математика бізді неге үйретеді екенін. Әр математика сабағы санаудан басталады. Қандай санау түрлерін білеміз.

Ендеше Машаға қалай санайтынымызды көрсетіп, үйретіп жіберейік.

  1. Тура және кері санату.

Аю Машаға тағы мынандай тапсырма беріпті:

  1. Сандардың көршісін тап.

Ал Маша болса, өзінің көрші тұратын аңдарын ғана біледі екен. Сендерден көмек сұрап отыр. Болысамыз ба?

Аю Машаға мынандай тапсырма беріпті: екі қатардағы аю саны тең болу үшін не ыстеу керек? Машаның ойынша бір аю қосу керек дейді. Машаның ойы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

Ал сендер теңестіруді білесіңдер ме екенін тексеріп көрелік.

  1. теңестіру.

Мынау қандай сан? Неше Машаның суреті тұр? Иә, Маша саған көмектесіп тұр.

Енді 1-5 дейінгі сандардың қатары шашырап жатқан сандардан құрау.

0 1 2 3 4 5

Ал 5 санының құрамы есімізде ме екенін қазір көре жатармыз.

5 5

Маша да сендерге 5 санының құрамын тапқанға көмегін тигізді.

Құрамын қайталадық, енді қалай жазылады екенін еске түсірейік.

5-тің жазылутехникасын кым көрсете алады?

Жазып көрсете алады. (тақтаға жаздырып көрсету)

Енді сәл сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Себеттерге салайық.

Балалар аю орманнан көптеген жемістер теріп алыпты, бірақ онын саны қанша екенінің санай алмай тұр, аю қанша жеміс жинағанын тауып беріндершы деп сендерден көмек сұрайды.

Карточка тарату

Мына карточкалардағы жемістердің санын бос шаршыға жазып көрсетіңдер.

Маша геометриялық піішіндерді білмейді екен, ал біз білеміз бе? Онда көрсетіп тағы Машаға үйретсек қайтеді.

Геометриялық фигуралармен жұмыс.

Сонымен балалар быз өткенді еске түсіре отыра, Машаға да көп нарсе үйреттік. маша сендерге көп рахметін айтып жатыр, оған болысқан балаларға риза. Сендерге арналған сыйлықтары бар.

Сонымен біздін сабақ аяқталды.

КММ Гагарин атындағы орта мектеп

Математика

сабағы

Тақырыбы : Өткенді қайталау.

(мектепалды даярлық тобы)

Тәрбиеші : Жайжатырова М. Б.

2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобына арналған математика сабағының технологиялық картасы: 0-10 сандарын қайталау
Қош бол, даярлық тобы - мектепалды даярлық сыныбының қорытынды мерекелік сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобының математика сабақ жоспары: 1-ден 10-ға дейінгі сандар
Ашық сабақ: мектепалды даярлық тобы - Мектеп тақырыбы мен І дыбысын жаттықтыру
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй құстары
Мектепалды даярлық тобы: Сан құрамы тақырыбы бойынша технологиялық карта
Мектепалды даярлық тобы үшін Сиқырлы кемпірқосақ тақырыбындағы сурет салу технологиялық картасы
Ал кәне әжелер сайысының бағдарламасы - Қызғалдақ балабақшасының мектепалды даярлық тобы мен ата-аналарының мерекелік ертеңгілігі
Мектепалды даярлық тобына арналған сабақ Күннің көзін бұлттан арылтайық: 1-10 сандарын санау, дыбыстық талдау және геометриялық пішіндер арқылы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz