Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану

Файл қосу

Аққала біздің досымыз (қыс)


Білім беру саласы: Шығармашылық
Пәні: Сурет
Тақырыбы: «Аққала біздің досымыз»

Мақсаты:
• Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын
байытумен бірге, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің
ерекшелігін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс
баяндауға, не?,қандай? деген сұрақтарға нақты жауап беруге, сурет
мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету.
• Балаларға қыс мезгілінің еркешеліктері туралы кеңінен таныстыру. Қыс
мезгіліндегі табиғат құбылыстары жайында қыс мезгілінің тосын
мінездерін ұғындыру.
• Ақ қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс бағдарлай білуге, жоғары-төмен,
шеңберді сыза білуге, бояу әдістерін үйрете отырып саусақ икемдерін
шыңдау.
• Есте сақтау қабілетін дамыта отырып, тазалыққа, ұқыпты бояуға
тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд арқылы көрсету, қыс мезгілінің және аққала суреттері.
Оқу іс-әрекет түрі: Ашық оқу іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілі: Амандасу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тапсырма
орындау, жаңа ОІӘ түсіндіру, сурет салу, бояу жұмысы, сергіту, жұмбақ,
топпен жұмыс, қорыту, қоштасу.
Жаңа сөздер: Қар, аяз, боран, аққала, мұз.
Белингвальды сыңары: Қыс-зима, қар-снег, аққала-снеговик.
ОІӘ байланысы: Жапсыру, тіл дамыту.

|Әрекет кезеңі |Мұғалімнің әрекеті |Баланың әрекеті |
|Мотивациялық |Саламатсыңдар ма,балалар! |Амандасады |
|қозғаушы |Көңіл-күйіміз қалай? |Жақсы |
| | | |
|Шаттық шеңбері |Кәне балалар ендеше қолымызды біріктіріп | |
| |бір-бірімізге жылу сыйлайық. | |
| | | |
| |Біз тағы да біргеміз |Мұғаліммен бірге |
| |Сөгілмейді іргеміз. |қосылып қайталайды. |
| |Таңмен бірге оянып, | |
| |Шаттанамыз бәріміз. | |
|Сұрақ-жауап | | |
| |Балалар кәзір жылдың қай мезгілі? |Жауап береді. |
| |Бүгінгі ауа-райы қандай? |Суық. |
| |Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? |Қар,суық, боран. |
| |Маған қарды сипаттап беріңдерші. | |
| |Қардың түсі қандай? |Суық,ериді,жабысады |
| | |Ақ |
|Суретпен жұмыс |-Кәне балалар мына суреттен не көріп | |
|Жаңа ОІӘ |тұрсыңдар? |Қыс мезгілі,балалар |
| |-Дала қандай түске боялған? |ойнап жүр. |
| |-Балалар не істеп жатыр? |Аппақ |
| |-Аққала неден жасалады? |Аққала |
| |-Пішіні қандай? |Қардан |
| |-Аққала неше бөліктен тұрады? |Дөңгелек |
|Әңгімелеу. | |Үш бөліктен тұрады. |
| |Әрине балалар жылдың төрт мезгілінің | |
| |өзінше еркешеліктері бар екен. Неліктен |Тыңдайды. |
| |аққаланы тек қыс мезгілінде жасаймыз? | |
| |Әрине оны тек қардан ғана жасайды екен.Қар| |
| |қыс мезгілінен басқа кезде далада жата | |
| |алмайды екен, себебі ол күн жылығанда еріп| |
|Тосын сәт |суға айналады. | |
| |Бізге басқа ауылдағы балабақшадан хат | |
| |келіпті,не туралы екенін білгілерің келе |Әрине |
| |ме? (Үшінен жалғыз аққала суреті шығады.) | |
| |Мұнда балалар сендерден мына аққаланың | |
| |достары жоқ екенін айтыпты,оған дос тауып | |
| |бергілерің келе ме? |Әрине. |
| |Аққала сендердің достарың болғанын | |
| |қалайсыңдар ма? | |
| | | |
| |Бір топ бала далада |Иә |
|Өлең |Қардан соқты аққала | |
| |Мұрын сәбіз үп - үшкір | |
| |Көзі көмір қап – қара. | |
| | | |
| |- Бұл өлеңде кім туралы айтылып тұр? | |
| | | |
| |Ендеше балалар,біз ақ қағаз бетіндегі | |
|Дәптермен жұмыс|кеңістікті дұрыс пайдалана отырып |Аққала туралы. |
| |аққаланың суретін салып берейік. | |
| | |Қолдарын жоғары |
| |Кәне балалар алдымен дөңгелек пішінді |көтеріп ауада шеңбер |
| |ауада салып алайық. |сызады. |
| |[pic] | |
| |(Балаларға қағаз қаламдарын үлестіру,сурет| |
| |салуды бастайды.) | |
| |Аққала салу үшін қандай пішін саламыз? | |
| |Неше шеңбер саламыз? | |
| |Орналастыру тәртібі қандай? | |
| | | |
| |(Мұғалім тақтаға аққаланың суретін салу | |
|Суретсалуды |арқылы пішіндердің орналасуын көрсетеді.) | |
|бастау | | |
| | | |
| |[pic] | |
| |(Балалардың салып жатқан суреттеріне назар|Дөңгелек |
| |аудару,үлгерімі төмен балаларға көмек | |
| |көрсету) |Үшеу |
| | |Жауап береді |
| |Ауаға салып шеңберді, | |
| |Аққала біз жасаймыз. | |
| |Қол ұстасып секіріп, | |
| |Дос боламыз олармен. | |
| | | |
| |Қыс- |[pic] |
| |Қар- | |
| |Аққала- | |
| |[pic] | |
| | | |
| |«Бұзылған аққала» | |
| | | |
| |Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін |Ауада шеңбер сызады. |
| |дамыту. Ретімен қоюға тәрбиелеу. | |
| | | |
| |Міне балалар,мен сендердің салған | |
|Баламен жеке |суреттеріңді осы хат арқылы балаларға | |
|жұмыс |қайта жіберейік. Балалардың салған |Мұғаліммен бірге |
| |суреттерін қарап,ауызша мақтап-мадақтау. |қимыл-қозғалыс |
| |Өткен ОІӘ туралы сұрақтар қойып қорыту. |жасайды. |
|Сергіту | | |
|жаттығуы |Сау,болыңдар! | |
| | |Зима |
| | |Снег |
| | |Снеговик |
|Белингвальды | | |
|сыңары | | |
| | |Мұғалімнің қойған |
| | |сұрақтарына жауап |
| | |береді. |
| | |Балалар аққала туралы |
| | |ойларын айтады. |
| | | |
| | | |
| | | |
| | |Балалар шашылған |
| | |аққаланы құрайды. |
| | | |
|Рефлексивті | | |
|түзету. | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | |Қоштасады. |
| | | |
| | | |
|Қоштасу. | | |

Біледі: Жылдың төрт мезгілін,оның ішінде қыс мезгілін,оның
ерекшеліктерін, қарды сипаттай біледі.
Меңгерді: Аққаланың қандай пішінде болатынын және орналасу
тәртібін,неден жасалатынын меңгерді.
Жасай алады: Ақ қағаз бетіндегі кеңістікті пайдалана отырып дұрыс
суреттейді және бояйды.
-----------------------

Аққала

Аппақ

Ериді

Қардан жасалады

Үш бөліктен тұрады

Пішіні дөңгелек


Ұқсас жұмыстар
Спорт - біздің досымыз. 5 сынып
Қыс қызығы
Аққаланың суреті
Қыс мезгілінде
Қыс қызығы туралы
Тақырып - Қыс қызығы
Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту
Қыс қызықтары
Қыс жайлы ақпарат
Қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар
Пәндер