Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ә.тәжібаев

Бейсембаева Гульден Оразовна
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Бірінші Теміртау Классикалық Лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Әбділдә Тәжібаев <<Толағай>>
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әдеби ертегі туралы шолу жасау; аңыз мазмұнын меңгерту; ақынның сөз көркемдеуіш өнерін таныту.
Дамытушылық: Тану, түсіну, ойлану қабілеттерін; елестету және шығармашылық ізденістерін; бір әрекеттен екінші әрекетке жұмылдыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін аялап, оған үлестерін қоса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: шығарма көркемдігін ашатын ойын әдісі
Көрнекілігі:кітап, сурет, сауалдар жазылған карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу
-сыныпты түгендеу
-оқушы назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- Қазақ ертегілерінің қандай түрлері бар?
-Оларды атап мысал келтіріндер
-Әдеби ертегі дегеніміз не?
-Кімнің әдеби ертегісін үйде оқып, аударып келдіңдер?
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау кезеңі
Балалар, бүгін сабақта Ә. Тәжібаевтің <<Толағай>> атты ертегісін мазмұндаймыз, көркемдеуіш сөздерін тауып, шығарманың негізгі идеясын ашаттын боламыз.
VІ. Негізгі кезең
-Кәне енді біз <<Толағай>> ертегісін тізбектесе отырып мазмұндап шығайық.
Автордың көркемдік өнерін тану:
- Балалар, қазір біз ойын ойнай отырып, автордың көркемдеуіш құралдарын қалайша қолданғанын туып көрейік. Менің сұрақтарыма дұрыс жауап айтқандарға - <<оң +>>, ал қателескендерге <<теріс->> белгілерін қойып отырамын. Кім бір <<оң +>>, бір <<теріс->> алса, бірін-бірі жойып отырады. Ал ең кемі үш <<оң>> белгі алса, <<бестік>>, керісінше үш төмен <<теріс>> белгісін алса, <<екілік>> баға алатын болады.
-Кәне, <<оң>> нәтиже көбейтуге құштарлана кірісейік.
-Ал енді мен сендерге мынадай карточкаларды таратамын, қазір сендер мұндағы сауалдарға жауап бере отырып жұмыс істейтін боласыздар.
Сұрақтар:
* Қай сөздерден біз Айсулудың сұлу болғандығын көреміз?
* Толағайдың әдемі бала болып туғандығын автор қай сөздер арқылы көрсеткен?
* Толағайдың күшті, мықты болғандығын қай жерден байқадыңдар?
* Оның мерген болғанын қайдан білдіңдер?
* Ақын жаңбырдың жаумай қойғанын қай сөдермен көрсетті?
* Қай сөздер арқылы біз толағайдың өз жері , елі үшін қатты қайғырғанын көреміз?
* Тудың үлкен екендігін қайдан аңғардыңдар?
* Жаңбырдың қатты жауғанын көрсетіңдер.
* Қай жерде Толағай қатты шаршап, әлсізденгенін көрдік?
* Толағай өлімінен кейін халықтың қатты қайғырғанын автор қалай жеткізді?
* Анасының қайғыруын көрсетіңдер.
* Эпитеттер.
* Теңеулер.
V. Бекіту кезеңі
Сабақ кесте толтыру арқылы бекітіледі.
Ертегінің аты, авторы
Басты кейіпкері
Ертегі проблемасы
Проблеманың шешілуі
Негізгі идеясы

VІ.Сабақты қорытындылау кезеңі
- Ә. Тәжібаевтің <<Толағай>> ертегісі қандай шығарма түріне жатады?
-Жазушы өз шығармасында қандай көркемдеуіш құралдарын қолданған екен?
-Ал сендер өз туған жерлерін үшін қандай қызмет еттін боласыңдар?
VІІ.Үйге тапсырма беру кезеңі:
Отан туралы 10 мақал-мәтел жаттау, туған жер туралы шағын шығарма жазу.
VІІІ. Бағалау кезеңі.
Алдабаева А.
+
-
+
+
+
5
Дамирова Е.
-
-
+
-
+
3
Ерманов А.
+
-
-
+
+
4


Ұқсас жұмыстар
Ә.тәжібаев "толағай"
Сырдария өлеңі
Әдеби ертегі
Ә.тәжібаев «портреттер», «монологтер»
Әбділда тәжібаев. «сырдария»
Тәжібаев Толағай әдеби ертегісі
Әбділда тәжібаевтың «сырдария» өлеңі
Ақбұлақ әні композитордың туған жеріне арнаған әні
Сырдария өлеңін мәнерлеп оқу
Ә. тәжібаев "толағай" ертегісі
Пәндер