Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
<<ғасырдан ғасырға>> сайысы
167640-186690Райымбек батыр атындағы
№50 <<Қазғарыш>> мектеп-лицейінің
тарих-география пән мұғалімі
Жатқанова Нұрлыгүл Ғабдужапаровна
Сыныптан тыс <<Ғасырдан ғасырға>> сайысы
Тақырыбы: Ғасырдан ғасырға
Мақсаты: Тәуелсіздік, бостандықтың асқақ рухтың жеңісінің нәтижесі екендігін ұғындыру. Тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін түсіндіре отырып, оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм сезімін қалыптастыру және халқымыздың ірі тұлғаларын құрметтей білуге тәрбиелеу. Кең байтақ қазақ даласын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған батырларымыздың сан қилы ерлік істерінің нәтижесі және оның жас ұрпақ есінде мәңгі сақталатыны көрінеді. Оқушылар өткен тарихқа көз жүгірте отырып, еліміздің тарихындағы елеулі өзгерістерге тоқталып өтеді. Сонымен бірге бабалар армандарын жалғастыру, аманатын аманаттау үшін қажымас қайрат пен береке-бірлік керектігі айтылады.
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Барысы:
Музыкалық фон: <<Үш қоңыр>>
1-жүргізуші:
Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді тендігін.
2- жүргізуші: Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына арналған, тәуелсіздік, бостандықтың асқақ рухтың жеңісінің нәтижесі екендігін ұғындыратын, тәуелсіздік жолындағы күрес шежіресін түсіндіретін, оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелейтін <<Тарих ат>> сайысын өткізгелі отырмыз.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік күні. Бұл күн - қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылған күн. Сөнген шырақ қайта жанған күн. Бүгін-Қазақстан- саяси тәуелсіз, зайырлы, құқықтық демократиялық, біртұтас мемлекет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: <<Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да біз ұлы ұғымдардың қадірін де, қасиетін де білуіміз керек. Ең ұлы ұғым біз үшін - Ұлы Отан>> деп айтқан еді.
2-Жүргізуші:
Тәуелсіздік ту көтерген тұғырым,
Шартарапқа жетті сенің дүбірің.
Байтақ елдің желбіреген байрағы,
Ұзақ болсын ұрандаған ғұмырың.
Тәуелсіздік мәртебесі даламның,
Орындалған арманымсың бабамның.
Егемендік мәңгі болсын, ағайын,
Қорғанысың мынау байтақ даламның
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым. Біз тәуелсіздігімізге ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі нәтижесінде жеттік.
2-Жүргізуші: Бүгінгі <<Тарих ата>> сайысы да ел Тәуелсіздігіне арналады. Сайысымыз ІІІ кезеңнен тұрады.
І-кезең. Тәуелсіздік тақырыбына арналған сайысқа дейін тапсырма эссе жазу. Бағалау: 1-10 балл аралығында.
ІІ-кезең. Әр топқа тапсырма ретінде берілген тарихи тұлғалар бейнесін ашу (көрініс) Бағалау: 1-10 балл аралығында.
ІІІ-кезең. Әр топ басшылары (1 не 2 оқушы) сұрақтарға жауап береді. Бағалау: Әр сұрақ жауабына бір ұпай беріледі.
Әр кезең бойынша әділ-қазылардың бағалауы арқылы сайыс қорытындысында жеңімпаз жарияланады.
1-жүргізуші: І-кезең тапсырмасы Тәуелсіздік тақырыбына арналған әр топ басшысының эссе жұмысы алдарыңызда. Таңыса отырыңыздар.
ІІ-кезең бойынша тарихи тұлғалар бейнесін ашу мақсатында өнер көсететін топтарымызды ортаға шақырамыз.
* 8 <<А>> сыныбы - Абылай хан
* 8 <<Ә>> сыныбы - Ахмет Байтұрсынов
* 8 <<Д>> сыныбы - Төле би
* 8 <<Е>> сыныбы - Қайрат Рысқұлбеков
2-Жүргізуші:
* АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ҮШ АРМАНЫҰлы хан дүниеден өтер алдында қоштасуға келген Бұқар жырау: <<Хан ием, не арманың бар?>>, - деп сұрайды. Абылай хан сонда: <<Үш арманым бар. Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емгізе алмадым. Екінші, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді. Үшінші, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті>>, - деген екен.
Ортаға 8 <<А>> сынып оқушылары.
1-Жүргізуші:
* Кек көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа"
А. Байтұрсынов
Ортаға 8 <<Ә>> сынып оқушылары.
2-Жүргізуші:
* Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп,Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар?- Құлдық ұрсаң дұшпанға
Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.
Ортаға 8 <<Д>> сынып оқушылары.
1-Жүргізуші:
* <<Желтоқсанның он жетінші жұлдызы>>
Қара ағайын, не боп жатыр қаланда,
Сарыарқадай ұлан-ғайыр даланда?
Қол қусырып отыра алмай, ағылып,
Жастар келді таң сәріден алаңға.
Бостандығын талап етті елінің,
Босатуын талап етті жерінің.
Жанын алды қанды қолдар, сол таңда
Қазағымның Қайраттайын ерінің.
2-Жүргізуші:
Сақтап қалған шайқаспенен елдігін,
Сақтап қалған Атамекен кендігін.
Басын изеп қарап тұрды Алатау,
Құптағандай ұланының ерлігін.
Желтоқсанның он жетінші жұлдызы,
Қаза болған талай қазақ ұл-қызы
Қасық қанын қиды олар ел үшін,
Тәуелсіздік таңы үшін қырмызы,
Желтоқсанның он жетінші жұлдызы.
Ортаға 8 <<Е>> сынып оқушылары.
ІІ-кезең қорытындысы бойынша әр топтың ұпай саны хабарланады.
ІІІ-кезең. Сұрақ-жауап. Әр сұрақ жауабына бір ұпай беріледі.
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Декларациясын қабылдаған уақытын ата /1991 жыл 16 желтоқсан/
2. Нұрсұлтан Әбішұлының дүниеге келген жері / Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы/
3. 1-желтоқсанда еліміз қандай салтанатты тарихи оқиғаны атап өтеді? /1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.
4. Үш жүздің басын біріктірген ұлы хан /Абылай хан/
5. Тәуелсіз жас мемлекеттің өз астанасын өзгертуі туралы қай жылы жарлық жарық көрді? /1997 жылы 10 желтоқсанда/
6. Абылай ханның билік құрған уақыты /1771-1781 жж /
7. Қазақстанның шекаралас көрші мемлекеттерін ата /РФ, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан Республикалары/
8. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы Декларациясын қашан қабылдады? /1990 жылы 25 қазан/
9. ҚР қандай халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады?
/ТМД, БҰҰ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ т.б/
10. Нұрсұлтан Назарбаев дүниеге келген уақытын ата. /1940 жылы 6 шілде/
11. ҚР қанша облыстан тұрады? /14/
12. ҚРМ гимнінің авторлары / Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов/
13. ҚРМ елтаңбасының авторлары / Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов /
14. Жоңғар шапқыншылығы жылдарында үш жүзден құралған қазақ қолын бастап ұлы жеңіске жеткен ұлы тұлғаларымыздың бірі /Әбілқайыр хан/
15. Қазақтың соңғы ханы /Кенесары хан/
16. Президенттің қазақ тілі туралы ұранды сөзі. /"Қазақ қазақпен қазақша сөйлессің."/
17. ҚРМ тудың авторы / Шәкен Ниязбеков /
18. Н. Ә. Назарбаев қай жылдан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді? / 1991 ж. 10 желтоқсаннан/
19. 1991 жылы 16 желтоқсанда ең бірінші еліміздің тәуелсіздігін мойындаған бауырлас мемлекетті ата. /Түркия/
20. Режиссёр Рүстем Әбдірашевтың Елбасы жайындағы фильмі қалай аталады? /<<Балалық шағымның аспаны>>/
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызда қатысып білімі мен өнерін ортаға салған қатысушыларымызы ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші: Сайыс жеңімпаздарын анықтау мақсатында әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
Жеңіпаздарды марапаттау.
2- жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі <<Тарих ата>> сайысына қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіріп, рахмет айтамыз. Баршаңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz