Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу: сабақ жоспары


Күні:

Сынып:

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік тақырыбына есептер шығару. Теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: Үлестірме материалдар.

Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін.

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Қызығушылықты ояту

« Не білемін»

  1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік дегеніміз?
  2. Теңсіздікті шешу дегеніміз не?
  3. Мәндес теңсіздік дегеніміз не?
  4. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу жолы?
  5. а=0 және в˂0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай болады?
  6. а=0 және в˃0 болса, теңсіздіктің шешімі қандай?

III. Мағынаны ашу. Кубизм стратегиясы

А-деңгей

№1013

1) 3х-7˂х+1, 2) 2+х˃8-х, 3) 1-х≤2х-5, 4) 2х+1˃х+6, 5) 4х+2˃3х+1, 6) 6х+1˂2х+9,

3х-х˂1+7, х+х˃8-2, -х-2х≤-5-1, 2х-х˃6-1, 4х-3х˃1-2, 6х-2х˂9-1,

2х˂8, 2х˃6, -3х≤-6, х˃5. х˃-1. 4х˂8,

х˂4. х˃3. х≥2. Ж: (5; +∞) Ж:(-1; +∞) х˂2

Ж: (-∞; 4) Ж: (3; +∞) Ж: [2; +∞) Ж: (-∞; 2)

В-деңгей

№1022

1) х-тің қандай мәндерінде 7, 6+2х-(3х-6, 4) өрнегінің мәні оң сан болады?

7, 6+2х-(3х-6, 4) ˃0,

7, 6+2х-3х+6, 4˃0,

-х˃-14,

х˂14.

2) у-тің қандай мәндерінде у+2, 8+(9, 8-3у) өрнегінің мәні теріс сан болады?

у+2, 8+(9, 8-3у) ˂0,

у+2, 8+9, 8-3у˂0,

-2у˂-12, 6,

у˃6, 3.

3) х-тің қандай мәндерінде 6(х+1) -5х-3 өрнегінің мәні оң сан болады?

6(х+1) -5х-3˃0,

6х+6-5х-3˃0,

х˃-3.

4) у-тің қандай мәндерінде 5(у+2) +8+у өрнегінің мәні теріс сан болады?

5(у+2) +8+у˂0,

5у+10+8+у˂0,

4у˂-18,

у˂-4, 5.

IV. Ой толғаныс. Түртіп алу стратегиясы

Қатесін тап

№1023

1) 5у+9≤3-7у, 2) 3х+1≤4х-5, 3) 6-5у˃3у-2, 4) 3-7у˃5у-3,

5у-7у≤3-9, 3х-4х≤-5+1, 5у-3у˃-2-6, 7у-5у˃-3-3,

-2у≤-6, -х≤-4, 2у˃-8, 2у˃-6,

у≥3. х≤4. у˃-4. у˃-3.

Сәйкестендіру тесті:

реті
Теңсіздік
белгіленуі
реті: 1
Теңсіздік: 5(х-2) ≥2х-1
белгіленуі: A. х≤2
реті: 2
Теңсіздік: 7х-8≤5х+2
белгіленуі: B. х˃7
реті: 3
Теңсіздік: 4(х-3) ≤х-6
белгіленуі: C. х˂-2
реті: 4
Теңсіздік: 3+2(х-1) ˃8+х
белгіленуі: D. х≤5
реті: 5
Теңсіздік: 2х+5˂х+3
белгіленуі: E. х≥7
реті: 6
Теңсіздік: 3х+4≥2х+11
белгіленуі: F. х≥3

Жауабы: 1-F, 2-D, 3-A, 4-B, 5-C, 6-E.

V. Үйге тапсырма: №1017, №1023(3, 6)

VI. Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды.

VII. Қорытынды


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz