Бабаға құрмет-балаға міндет

Сабақтың тақырыбы: Бабаға құрмет-балаға міндет

Мақсаты: - Аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту.

- Білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту;

- Өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру. (Құрманғазының «Сарыарқа» күйі орындалып тұрады. Сахнаға жүргізушілер шығады)

Барысы

1-жүргізуші: Ар ма ардақты ағайын! Ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Бабаға құрмет-балаға міндет» атты тарих апталығының қорытынды кешін тамашалауға шақырамыз!

2-жүргізуші: Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінгі күні бейбіт, азат елдің бірі. Қазақ халқы - еліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқы - еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алабын және дешті-қыпшақ даласын мекен еткен.

1-жүргізуші: Құрметті, қауым!

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түріктей адамзатқа ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?-деп, Мағжан жырлағандай, бүгінгі күн-Қазақ елінің мәртебесін жоғарылатып, шоқтығын биіктетер айтулы күн.

2-жүргізуші: Бабаларымыз мирас еткен білектің күші, найзаның ұшымен біріктіріп ел еткен, атажұртын басқыншылардың езгісінен азат етуде қылышынан қан тамып, өмірінің соңына дейін жойқын жорықтар мен сұрапыл соғыстардың ортасында жүріп, елін қызғыштай қорғаған батырларымыздың бірі - Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туылғанына -240 жыл толып отыр.

1-жүргізуші: XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтарының өктемдігі мен Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы шыққан халық батыры.

2-жүргізуші: Соғыс десе жанын шүберекке түйіп жазықсыз жапа шеккендер, опасыз отаршылдық құрбандары, олардың мұңы мен зары Жанқожаның жанына қатты бататын. Әсіресе, Хиуа хандығының жер, мал-мүлікті отарлауы, оның қолына қару алып, ерте соғысқа аттануына түрткі болды

Ендеше, сахнада-тірі тарих. Көрініс:

/Хан сарайы. Төрде тақта төңірегінде нөкерлерімен бірге Кенесары хан отыр. Қабағы қатулы. Есіктен басына дулыға киген Жанқожа батыр енеді. Бір тізесін иіп, қолын кеудесіне қойып тағзым етіп отырды. /

Кенесары: Келдің бе? Менің қол астымда 1500 төлеңгіт, ал сен 500 ғана жігіт ертіп келіпсің?

Жанқожа: Алдияр ел ағасы, ханым дана

Алғашқы ауыр күнде болған пана

Кешігіп, кінәлі боп, енді алдыңа

Келді ерің іші жалын, сырты жара . . .

Талқыға жан жарасын сала алмаймын,

Мәнімді мен айтпаймын, сен сұрама

Тілегім енді жауға аттаналық

Қан көрсе, қас дұшпанда шер тұра ма?

Кенесары:- Таң ата жүреміз.

1- жүргізуші: Хан Кене алғашқыда аз әскермен келген Жанқожаға суық қабақ танытса керек. Созақты қоршағанда Ұлы жүздің де жасағы болыпты. Иә, сол кездегі дәстүр бойынша, қазақтың үш жүзінің жасақтары үш кезекте шабуылға шығуға тиісті болады. Соңғы кезек Жанқожа батырдікі. Жанқожа батыр Хиуа әскерін бастап келген Тықы батырды, Қоқан әскеріне көмекке келе жатқан Тоған балуанды, тағы көптеген баһадүрлерді жеңіп, Созақты Қоқандықтардан сақтап қалады.

2-жүргізуші: Созақ бекінісін шапқан Жанқожа хан сарайынан бір қоржын алтын, оқ-зеңбірек тауып алып Кене ханның құзырына ұсынады.

Жанқожа : Зеңбіректі өзіңізге олжа етіп, алтынды үш жүздің баласына тең үлестіріріп беруіңізді сұраймын.

Кенесары: «батырдан сауға, ханнан сарқыт» салты бойынша алтынды хан қазынасына алайық. Алтын хан қазынасында тұрсын.

Сол кезде Жанқожа батыр былай дейді:

- Ал, алтын болса сұрағаның,

Ерлігің - елдің басын құрағаның.

Үш жүздің осы арада басын қосып,

Дұшпанды қойдай қырып қуаладың.

Туысқан - түбі бірге атам қазақ,

Жоқ екен бөтендігі іні-ағаның.

Сыртыңнан саулығыңа тілектеспіз,

Ойласаң Кіші жүз де өз адамың.

Соны айтып батыр жолдасымен кері қайтты.

1-жүргізуші : Жанқожа батыр Орта Азия хандарын біршама тәубесіне келтіреді. Батыр ешқашан шен мен шекпенге, олжаға қызыққан емес.

Сахна: Жанқожа батыр көрпе үсінде домбыра тартып отырды. Сол кезде үйге бір адам келеді:

Адам: Батыр, жаудан алған екі түйемді Қылышбай тартып алды», - деп шағым білдірді. Батыр Қылышбайға келіп: - Мынаның түйесін бер, - деді. Қылышбай бермеді.

Сол жерде Қылышбайды бір ұрып, әлгі адамның түйесін әперді.

2-жүргізуші. Елге келгесін болған оқиғаны әкесі есітіді. Нұрымбет пен Қылышбай екеуі жастытұғын

Сахна Жанқожаның әкесі үйде әрі-бері жүр.

Әкесі: Жанқожаның олжаға еш қызықпайтын, біреудің ақысын әсте жемейтін жан еді. Орыстың сөлкебайын да, 200 рубль күміс алуды да ұсынып, жасауыл шенін бекіткенімен, бұл ақшаныда, күмісті де ешқашан қабыл алмаған еді. Диқаншының маңдай тер ақысы бар деп бидайдан тартылған нанды жемей, құмда өсетін құмаршақты жеп, орыс әкелген шайды татпай, малдың шұбат, сүт-айранын ғана қорек етуші еді. Бұл қалай болды?

Жанқожа үйге кіреді.

Әкесі: балам, менің үмітімді ақтамадың. Халықтың бірлігі мен ынтымағы қиын-қыстау сын сағатта елді азаттыққа алып шығатын алтын кілт деп жүрсем. Бүгін сенің үлкенге қолың тиді- деп, әдептен аттаған жас батырдың мойынына арқан тағып, ауыр айыптаған әкесі, Қылышбайға алып келеді.

Әкесі: Қылышбай, сенің алдыңда айыптымыз. Міне, менің ұлым. Қателік жіберіп, саған қол жұмсады. Не істесеңде сенің қолыңда. Жазасын өзің бер

Сонда Қылышбай:

Мен кешемін қанымды,

Қадірімді білсеңдер.

Жанқожаны қолдаған

Жеті ғайып ерендер.

Өзімнен болды білместік,

Бетіне келіп жүрмеңдер.

Нұрымбет, босат баланың мысын қайырмай. Кінә өзімнен. Бала да болса, бізден ақылы артық. Ерді баулап ер қылады. Елдің басын құрап, ел қылатын осы болады. Онан да налымай, балаға батамызды берейік, - деп, екі шал батасын берді.

Бата: Талдай бой берсін,

Жақсы ой берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болсын,

Ағаға қуат болсын.

Нәзік жаны болсын,

Елінің ары болсын.

Басыңа өнердің бағы қонсын,

Ақ Орданың шамы болсын!

Әумин!

1-жүргізуші: Атақты Қылышбайдан бата алған бір туар батыр - Жанқожа Нұрмұхамедұлы, қалың қазақты бодандықтан бостандыққа жеткізу үшін қажыр-қайратын сарп еткен әулие, қоғам қайраткері ретінде тарихта қала берері сөзсіз.
Қорғаймын деп, ұрпақтың азаттығын.
Өтті қанша басыңнан азапты күн?!
Қылышпен найзаның ұшыменен
Қорғап өттің қазақтың ҚАЗАҚТЫҒЫН!!!

2-жүргізуші: Сол мінез ұрпақта сақталып, бапталған,

Ар-намыс тапталар кезіне шақ қалған.

Оқыстан оятты рухтың ұраны

«Име» деп басыңды бақ қонған.

1-жүргізуші Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.

2-жүргізуші Жанқожа батыр мен оның үзеңгілес серіктерінің қаны бекерге төгілген жоқ. Олар ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен тәуелсіздік таңын жақындатуға қомақты үлес қосты. Батырдың аруағы алдында басымызды иеміз!

2-жүргізуші Азат бүгін байлыққа тұнған жерім!

Азап жүгін, ел жауын қуған ерім

Әділет пен бірлікке жанын қиып

Қорғап өткен ата - баба туған жерім

2-бөлім:

І жүргізуші:

О, кең дала!

Ен қызыққа батқаның

Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.

Халқымыздың қуанышын молайтқан

Егемендік сенің алып жатқаның.

Ән: Тұрлығожа Әділет

І жүргізуші:

Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,

Бастағандай көгім бүгін ашыла

Еңсесі тік, егеменді ел болып,

Бақыт қонды қазағымның басына.

ІІ жүргізуші:

Сарыарқа сайран төріміз,

Кең байтақ біздің жеріміз.

Егемендікке қол жетіп,

Тәуелсіз болды еліміз.

Би: 7 сынып қыздарының орындауында

І жүргізуші:

23 жыл, тәуелсізбін, дербеспін,

Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.

Бодандығым ғасырларға жалғасқан,

Қазір міне артта қалды, келмес күн.

Ән: Ысқақ Жомарттың орындауында

ІІ жүргізуші:

Қуаныштан жасқа толды жанарым,

Ұрпағы едім Көк бөрідей дананың.

Енді міне билік тиіп қолыма,

Женлбірейді күн астында жалауым.

8 а сынып оқушысы Жөкен Алина өлең оқиды

І жүргізуші:

Дамуымыз керек енді қарқынмен,

Уақытымыз есептеулі алтынмен.

Тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіріп,

Өркендейміз ата -баба салтымен.

Би: 6 а сынып қыздарының орындауында

ІІ жүргізуші:

Астанамыз, бар қаламыз гүлденіп

Келе жатыр жылдан-жылға түрленіп,

Тәуелсіздік арқасында үкімет,

Жатыр міне, барлығына үлгеріп.

Тұрлығожа Әділет өлең оқиды

І жүргізуші:

Төбем көкке жетпей қалды бір елі,

Енді міне бүкіл әлем біледі.

Қазақ деген жомарт халық емес пе,

Аузын ашса көрінетін жүрегі.

Ән: 5 сынып оқушыларының орындауында

І І жүргізуші:

Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,

Бізге қарап жол түзейді адасқан.

Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,

Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

Ысқақ Жомарт өлең

оқиды.

Тарих апталығына белсене қатысқан оқушыларды марапттау І жүргізуші:

Алашты азаттық пен жеңістерге жеткізіп, сыртқы жауды күйретуге басты себеп болған негізгі құндылық- халық бірлігі. Иә, қазақ батырларының ішінде әулие батыр атанған Жанқожа батырдың тұлғасы ғасырдан ғасырға аттаған сайын биіктеп барады. Өйткені ол халықтың батыры болды, халықтың амандығы үшін, елдің тәуелсіздігі жолында жанын аяған жоқ. Ал халық өз батырын қай кезде тек төбесіне көтереді .

Екі жүргізуші бірге:

Қалықтасын көгімізде қыран құс,

Ерлігіміз болсын елге жыр -аңыз.

Ата-бабам армандаған сан ғасыр,

Тәуелсіздікке тәубе, тәубе, мың алғыс .

Соңы

Би: Балбырауын

2-жүргізуші: Жәнібек, Бұрындық хан, Қасым хан, Тахир хан Хақназар хан, Шығай хан, Тәуекел хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хандар қазақ хандығының нығайуына үлкен үлестерін қосты. Тәуке хан тұсында береке-бірлік барынша күшейіп сыртқы жауға барынша қажырлы қайрат жұмсады.

2-жүргізуші: Тәуке хан дүниеден өткеннен кейінгі жағдай биліктегі қырқыстар жаулардың, әсіресе Жоңғардардың қазақ даласын жаулауы тоқтамады. 18-ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар шапқыншылығы қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды» апатына душар етті. «ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр хәлі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім-ай» сынды ән шығарды.

«Қара таудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Ел-жұртынан айырылған жаман екен

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, қысқан заман,

Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.

Шұбырған ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман қай заман, бағзы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман . . .

Ата қоныс, туған жер қалғаннан соң

Көздің жасын көл қылып ағызамын».

1-жүргізуші: қазақ халқы қорлыққа шыдамады, ол бойындағы бар күшін жинап, жоңғар басқыншыларына қарсы ерлік күреске жаппай атанды. Бұл жорық халқымыздың бостандық пен тәуелсіздік жолындағы әділетт шайқасы - Отан соғысы болды. Оған қазақ ханы Абылай сияқты батыр қолбасшылар қолбасшлық етті.

2-жүргізуші: 18 ғасырдың 30-жылдарында ауыр кезеңдерде Абылай тарих сахынасына шықты. Әбілмәмбет хан үш жүздің 90 игі жақсыларын ертіп барып, Жәнібек деген кісіден бата алып Абылайды хан сайлады.

1-жүргізуші:

Алаштың ұрпағымыз атқа мінген,

Ықпаған құл етуге әлде кімнен.

Абылай, Абылайлап жауға шапса,

Райымбек өз есімін ұран еткен

Алихандар бастаған есіл ерлер

Елі үшін өз бастарын құрбан еткен.

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз!

Байтақ елмен, жерімді

Жау қолына бермейміз!!!

2-жүргізуші:

Сол мінез ұрпақта сақталып, бапталған,

Ар-намыс тапталар кезінде шақ қалған.

Оқыстан оятты рухтың ұраны

«Име» деп басыңды бақ қонған.

Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.

1-жүргізуші: Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым, қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау тоспасын, горбачевтік қайта құру баспасын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті.

2-жүргізуші:

Зымиян қулықпен арбалған, маталған,

Бр сәтте түнекке айналған,

Кеңестік жүйенің қулық пен сұмдығы,

Шорт сынды, дес бермес жойқын күш ағыннан

1-жүргізуші:

О, ғажап! Тәңірм осыны күтті ме,

Көңілім күй сарын төкті де,

Тасыған жігері ұл-қыздың

Желтоқсан күндері көрінді, сұсты да, кекті де.

2-жүргізуші:

Қырандар қалықтап көгімде,

Ұшқаны биіктеп тегін бе?

Танытар өршілдік өз мінез,

Жарасым жалғасып тартқаны тегіне.

1-жүргізуші:

Ғасырлар қойнауы тереңде,

Көп көрген тағын да, қазылған көрін де.

Таптауға арыңды жат жандар талпынған,

Кешірген басынан бұл қазақ бәрін де.

16-желтоқсан Қазақ халқының тәуелсіздік күні. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Олай болса келесі кезекте оқушылардың тәуелсіз елге арналған жыр шумақтарына берейік.

2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

1-жүргізуші:

Жеткен арман - жаса тәуелсіздігім

Өз қолына берген ерік тізгінін

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейін құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер. Жанқожа батыр

Жанқожа
батыр бүкіл жасағымен лап бермейді. Жанына оншақты жігітті ертіп, неше түрлі
оқыс қимылдар жасап, жауған оқты дарытпай, мылтықтың оғы қауіп төндірмейтін
қамал қабырғасына жетіп, қақпаны балталап бұзып, жасағына жол ашады. Қазаққа
тозақтай болған Созақ қамалы осылайша құлайды. Жанқожа батырдың аты алыстарға
кетеді. Достары арқаланып, жауларының құты қашады.

Жанқожа
батыр Сауран қамалын алып, қасиетті Түркістанға бағыт түзейді. Ойлап отырсаңыз,
қазіргі Қазақстан аумағындағы көптеген қала, кент, сулы да нулы жерлер,
мыңғырған малға өріс болған өңірлер жатқа жем болмай, атам қазақтың иелігінде
қалды. Мұны Жанқожа батырдың ересен еңбегі деп қабылдау қажет.

Сол кездегі
қалыптасқан дәстүр бойынша, жауласқан жақтардың әскерлері бетпе-бет келгенде,
қолбасылар жекпе-жекке шыққан ғой. Жанқожа батыр бірде-бір рет жеңіліп Жанқожа батыр Созақ бекінісіне шабуыл жасағанда Кене хан қолымен тізе біріктіріп шайқасады. Жырлардың барлық нұсқаларында Созақты қоршаған үш жүздің қолы жеңіске жете алмай (бес күн) дағдарып тұрғанда ханның өтінішімен қолы жеңіл, ғайып ерен пірі бар, сан мәрте қоқандықтарға соққы берген тәжірибелі Жанқожа он жігітті таңдап ертіп алып (кей нұсқада жалғыз өзі жасырын барып), бекіністі талқандап, қақпаны бұзып шабуылдайды. Осылайша дәстүрлі поэтикаға сай жыршы кейіпкерінің ерлігін мыңнан оқшау етіп, даралап сомдайды.

Жыр-аңыздарда Жанқожаның олжаға еш қызықпайтын, біреудің ақысын әсте жемейтін тақуа, әулие жан екені айтылады. Жыршы Лұқпан Кенжеұлы «Қолына нәрсе алмайды, кәпір қалмақ, жүйіттен» десе, Мұсабай нұсқасында «Орыстың алмай кетті сөлкебайын» дейді. Қарман Сұлтанұлы нұсқасында батырдың диқаншының маңдай тер ақысы бар деп бидайдан тартылған нанды жемей, құмда өсетін құмаршақты жеп, орыс әкелген шайды татпай, малдың шұбат, сүт-айранын ғана қорек еткенін айтады. Бұл мінездеме тарихи деректермен де үйлеседі. Зерттеуші И. В. Аничков Орынбор әскери губернаторы 1848 жылы 4-мамырда №610 өкіммен жыл сайын 200 рубль күміс алуды ұсынып, жасауыл шенін бекіткенімен, батыр бұл ақшаны ешқашан қабыл алмағанын жазады.

.

көрмепті. Хиуа әскерін бастап келген Тықы батырды, Қоқан әскеріне көмекке келе
жатқан Тоған балуанды, тағы көптеген баһадүрлерді жеңіп шығуы ел ақындары жырларында,
аңызға бергісіз әңгімелерде сақталып қалыпты.

Сонымен
Жанқожа батыр Орта Азия хандарын біршама тәубесіне келтіреді. Есесіне орыс
экспансиясы кең өріс ала түсті. Патша үкіметінің әскері зеңбіректерін сүйретіп,
мылтықтарын шошаңдатып ішке қарай сұғына түсті. Олардың соңынан қарашекпенді
қоныстанушылар ағылды. Орал казактарының отбасылары байырғы қазақ кенттеріне
орныға бастады. Жердің шұрайлысы, судың мөлдірі, шөптің шүйгіні келімсектерге
тиесілі болды. Тілі, діні, ділі бөлек бұлар жергілікті халықты жабайы санады.
Шығыс мәдениетін ұқпады. Көкіректеріне нан пісті. Сөйтіп, бірден жергілікті
халықпен тұздары жараспады. Сыр бойының қазақтары қатты толқыды. Бітеу жара
сыздап, намысы бар ерлерді бебеу қақтырды. Екі арада кішігірім қақтығыстар жиі
орын алды. Өрістегі мал талауға түсті. Кісі өлімі көбейді. Патша өкіметінің
жергілікті әкімшілігі қазақтарға қырын қарап, арыз-шағымдарына құлақ аспады.

1856 жылдың
желтоқсан айында Сырдария қазақтарының отаршылдыққа қарсы көтерілісі бұрқ етті.
Бұл қазақтар үшін қарулы күреске өте қолайсыз кезең еді. Ашынған халық шыдай
алмады. Әлімұлының Шекті, Төртқара, басқа да рулары дүркірей көтеріліп, Жанқожа
батырдың туы астына жиналды. Қарулы қосын 3 мың адамнан 5 мың адамға жетті.
Жанқожа батырдың жасағы Қазалы форты мен Перовск форты (қазір Қызылорда қаласы)
маңына орналасып, Сырдария шебіне шабуыл жасайды. Қазалыны қоршауға алады.
Патша әкімшілігі қатты састы. Үрей биледі оларды. Халық қаһарынан сескенді.
Алайда күш, қару-жарақ тең емес еді. Орыс әскерлерін соғыс стратегиясы мен
тактикасы ілімдерін жетік меңгерген генералдар мен полковниктер басқарды.
Көтерілісшілерді талқандауға басқа қару түрлерімен қатар, ракета қондырғылары
қолданылды.

Көтеріліс
жеңіліс тапты. Жазалау басталды. Сыр бойы азадан аңыраған үнге толды. Мойындағылары
келмесе де, бұл көтеріліс отарлаушыларға біршама сабақ болды деп айта аламыз.

Жанқожа
батырға жаратқан ие берген ғұмыр жасы тұйықталып келе жатты. Жеңіліс тапқан
баһадүрдің жауы көбейді. Ауқатты, әлділер патша өкіметіне жағынуын күшейтті. Шен-шекпен
алуға ұмтылды.

Жанқожа
Нұрмұхаммедұлы 1860 жылы бесін намазын оқып отырған кезінде, хан Кененің туысы
Елекей сұлтанның бұғып келіп атқан оғынан қаза табады. Сөйтіп, қазақтың тағы
бір хас батыры опасыздықтың құрбаны болады.

Кеңестік
дәуірде Жанқожа батырдың аты ауызға алынбады. Себебі, отаршылдыққа қарсы
күресті. Ол туралы құжаттар құлыпталды. Ақын-жыраулардың өлең-дастандары көзден
таса жерлерде сақталды. Тек соңғы он-он бес жылдың бедерінде ғана батыр туралы
жазылып, айтыла бастады. Кесене, басқа да есте қалдырар орындар бой көтеріп,
кітаптар шығуда.

Жанқожа
батырды жаулары да мойындап, ерлігін, қолбасылық дарынын, адами қасиеттерін
жоғары бағалаған. Әсіресе, орыс тарихшысы И. Аничковтың 1894 жылы жазған «Қазақ
батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» деген очеркі оқиғалар ізі суымай тұрғандағы
деректерді тілге тиек етуімен құнды.


Ұқсас жұмыстар
Бар білімге бас болған - әліппе ғылым анасы
Сыйластыққа себеп көп. 3-4 сынып
Жанұядағы тәрбиенің ерекшелігі
Қазақтың дәстүрлері
Сабақтың тақырыбы. Сабақтың типі
Ана тілі пәнінен тест сұрақтары
Ұстаздық- ұлы құрмет
Тапқыр достар. 2-сынып
ЖЫЛ ТАРЛАНЫ-2016
Алтын қақпа ойыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz