3-сынып математика сабағы: 0-1000 аралығындағы сандар, ауызша қосу-азайту және үш таңбалы сандардың разрядтық құрамы

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Шүкірлік селосы
«Шүкірлік негізгі мектебі» КММ
Математика
3-сынып
Азанова Светлана Файзыракмановна
Сабақтың тақырыбы : 0-ден 1000 -ға дейінгі сандар. Ауызша қосу және азайту
Мақсаты: Өтілген материалды қайталау және 1000-ға дейінгі сандардың нөмірленуіне байланысты жеке қиындықтарды анықтау, оларды түзету.
Сабақтың барысы:
Оқу қызметіне ынталандыру. Сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау.
Ойын : Тақтада 9, 0, 1 сандары бейнеленген қызыл шарлар; 2, 6, 7 сандары бейнеленген сары шарлар, 4, 8, 3 сандары бейнеленген жасыл шарлар ілінген. Оқушылар берілген цифрлардан түрлі сандарды құрастырады. (табылған нұсқадағы сандар қайталанбайды) .
Біз бүгін сабақта үш таңбалы сандарды қарастырамыз. Үш таңбалы сандар туралы не білетінімізді еске түсірейік.
Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.
Қызыл түсті шарларды пайдалана отырып, құруға болатын сандарды атаңдар. (109, 901, 910, 190) ( сандар тақтаға жазылады) .
Осы сандардағы «0» саны не туралы айтады? ( қайсыбір разрядтың жоқтығы туралы) .
Ең аз санды атаңдар. (109) Бұл санда «0» цифры не туралы айтады? Осы санның разрядтық құрамын атаңдар. (1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік. ) Оның алдындағы санды атаңдар?(108) Келесі сан қандай? (110)
Ең үлкен санды атаңдар. (910. ) Бұл санда «0» цифры нені білдіреді? ( Бірліктегі санның 0 болатынын. )
Сары түсті шарларды пайдалана отырып, сандар құрап, оларды атаңдар. (267, 276, 627, 672, 726, 762. ) Сандар тақтаға жазылады.
Жасыл түсті шарларды пайдалана отырып, сандар құрап, оларды атаңдар. (483, 438, 348, 384, 834, 843. )
Сандарды өсу тәртібінде орналастырыңдар.
Ең кіші сандарды атаңдар. (348)
Оны разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар.
( 300+40+8) . Ең үлкен санды атаңдар. (843) Оны разрядты қосылғыштар түрінде жазыңдар. (800+40+3) Сонымен, сендер ұсынған сандардың ұқсастығы неде? (Олар үштаңбалы. ) Олар неге олай аталады? (Олар үш орыннан (цифрдан) құралған. ) Үш таңбалы сандар қандай разрядтардан тұрады? (жүздік, ондық, бірліктен)
Оқулықпен жұмыс: №2, №3 тапсырмалар орындалады
Сергіту сәті:
№4 Барлығы-508 оқушы Шешуі: 508+12=520
Келді-12 оқушы 520-320=200
Ер балалардың саны-320 Жауабы: 200 қыз
Мектепте қанша қыз бала?
№5 Тиімді тәсілмен орында
Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып есепте.
37+17+13=67 48+(12+36) =48+12+36=96
29+48+11=88 17+(59+13) =17+13+59=89
Сабақтағы оқу іс-әрекеттерін қорытындылау .
Сабақтың мақсаты қандай болды? Қандай тапсырмалар қиындықтар тудырды?
Үйге тапсырма:
Бағалау: Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық, рахмет балалар.