5-сынып қазақ тілі сабағы: Антонимдерді қайталау және жаттығулар

5 - с ы н ы п Қа за қ т і л і Күні
Сабақтың тақырыбы:
Антонимдерді қайталауға арналған жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты: білімділік - антонимдерді ойды әсерлі, көркем етіп етіп жеткізудің құралы ретінде пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелік - пайдаланған мәтіндер арқылы оқушылардың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіру;
Дамытушылық - шығармашылықпен жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға жол ашу, пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Түрі : аралас сабақ
Әдісі : сұрақ-жауап, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі : кеспе қағаздар, түрлі-түсті суреттер.
Пәнаралық байланыс : әдебиет, бейнелеу.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі : а) оқушылардың назарын аудару; ә) сабақтың тақырыбы, оның мақсат-міндеттерімен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
92-жаттығуды тексеріп шығу.
1) Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
2) Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы.
3) Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
4) Антоним дегеніміз не? Мысалы.
Жаңа сабақ:
Антонимдер - ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады. Тақтамен жұмыс:
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
- Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.
- Көз қорқақ, қол батыр.
- Істеу қиын, сынау оңай.
- Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты - шешеге.
- Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
- Аттан биік, қойдан аласа.
- Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым
Кітаппен жұмыс : 93, 94-жаттығулар. Шарты бойынша орындау.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой
Арқанның ұзыны жақсы,
Әңгіменің . . . жақсы.
Дұшпанға тастай қатты бол,
. . . балдай тәтті бол.
Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы . . . қолды болар.
Ақыл - дос, ашу - . . .
Көп сөз - күміс,
. . . сөз - алтын.
Қыс арбаңды сайла,
. . . шанаңды сайла.
Білімді пысықтау: Венн диаграммасы
Омонимдер
Синионимдер Антонимдер
Шығармашылық жұмыс: 99- жаттығу бойынша:
І қатар - «Туған күн»
ІІ қатар - «Дос қылығы»
ІІІ қатар - «Сиқырлы таяқ» (Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің? - осы сұраққа жауап болатындай мәтін жазыңдар, онда міндетті түрде антоним сөздер болсын)
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Үйге тапсырма: ережелерді қайталау, 96-жаттығу шарты бойынша
Білімді бағалау : Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.