Шешендік өнерге кіріспе: 5-9 сыныптарға арналған таңдау курсының авторлық бағдарламасы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы
Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Ұйғыр аудандық бөлімі
Шешендік өнерге кіріспе
Таңдау курсының бағдарламасы
(Ұйғыр ауданы Сүмбе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мқғалімі Усабаева Нұргүл Даинқызының авторлық бағдарламасы )
2014 жыл
Түсінік хат
Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын кеңейту және оларды шығармашылық іс - әрекетке баулу, сонымен қатар өз бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіретін жқмыстардың бірі сыныптан тыс үйірме, факультатив жқмыстары болып табылатыны бәрімізге белгілі. Өз пәніне деген қызығушылықты ұстаз тек жеке басының өнегесімен ғана іске асыра алады. Бұл бағдарлама бойынша интербелсенді әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеті жоғары жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін, өмірде қолдана алуға үйретуге болады. Үйірме және факультативтік жұмыстар оқушылардығ пәнге деген қызуғушылығын, олардың дүние танымын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Үйірмелік жұмыстарда әр оқушы өзінің көңілі өалайтын әспен айналыса отырып, өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бағдарламаның көмегі мен шектеліп қалмай өз ұсыныстары негізінде де өздерін көрсете алады. Әр оқушыда ашылмаған шығармашылық қабілеттер бар. Мұғалімнің міндеті үйірме жұмыстары арқылы оқушы бойындағы дарынды анықтап, таныта білу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тек қызықты тапсырмаларды орындау барысында ғана анықтауға болады.
Курстың мақсаты:
Оқушының тіл амалдарын пайдалана отырып, пікір, ой айта білуіне, шешендік сөздің табиғатын танып, айтылған ойды саралай білуге үйрету, өз ой - пікірін, көзқарасын әсерлі айта білуге дағдыландыру, ұлттық құндылықтардың маңызын түйсінуге жетелеу.
«Шешендік өнерге кіріспе» таңдау курсының бағдарламасы
5- сынып
6- сынып
7- сынып
8- сынып