Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүгінгі 1 сынып оқушысы. ол қандай?


«Бүгінгі 1 сынып оқушысы. Ол қандай?»

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі,
ұлтымыздың болашағы екені даусыз.
«Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңына сәйкес «Әр баланың
жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын,
талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны
белгілі. Қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаны қазіргі
өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен және
дағдымен қамтамасыз ету.
Мектепке алғаш келген балалардың бойына мектептік өмірдің басталуы
күрт өзгеріс әкеледі. Өйткені бала мектеп қабырғасына келе отыра ұжымға,
жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге үйренуі қажет. Баланың мектепке
келуі жүйелі психикалық дамуымен сәкес келеді. Яғни, танымдық әрекеттері,
әртүрлі ес түрлері, сөздік-логикалық ойлаулары дамиды.
Мектептегі оқудың басталуы –жалпы баланың әлеуметтік психологиялық,
физиологиялық жағынан қиын, әрі жауапкершілігі мол кезеңі. Бала өміріндегі,
іс-әрекетіндегі жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттердің тоғысуы болып
табылады. Баланың бұл кезеңде барлық өмірі өзгеріске түседі.
Бүгінгі күні 1 сынып оқушысы физиологиялық дамуы, ақыл-ойы жетік
дамыған тұлға болу керек. Бала ағзасының негізгі қызметтік жүйесінің даму
деңгейі мен денсаулығы арқылы анықталады.
Жеке бас дайындығы – баланың жаңа әлеуметтік көзқарасын, арнайы өзінің
міндеттері мен құқықтары бар оқушы ережесін қабылдауға дайын, мектепке, оқу
әрекетіне, мұғалімге, өзіне деген қарым-қатынасы қалыптасқан, танымдық
қабілеттерін дамытатын жаңа білім алуға мүмкіндіктері бар тұлға болу керек.
Интеллектуалдық дайындығы саралап қабылдай алатын, білімге деген
қызығушылығы, күшінің артуы, сөйлеу тілін жылдам игеретін, белгілерді
ажырата алатын, қол қозғалысының белсендірілуі, көру мен қозғалу арасындағы
үйлесімділігі дамыған тұлға.
Әлеуметтік-психологиялық дайындығы баланың басқа балалармен,
мұғаліммен еркін қарым-қатынасы қалыптасқан, балалармен тез тіл табысып,
басқалардың пікірімен санаса алатын тұлға болуы керек.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Мектептің нәтижесі, жетістігі,
дамуы да ұстаз бен шәкіртке байланысты. Сондықтан ойымды қорыта келетін
болсам біріншіден, оқушыларының физиологиялық өзгерістер: баланың жасы,
жынысы, денсаулығы, тамағы, еңбек мөлшері, тынығуы. Екіншіден, физикалық
факторлар: баланың еңбекқорының жарықтығы, тыныштығы, ауаның тазалығы.
Үшіншіден, психологиялық факторлар: баланың шабыты, көңіл қошы,
таңдаушылдығы, тындырымдылығы. Осы факторлар бір –бірімен байланысты
болғандықтан оқушы бойында болу керек деп ойлаймын.

Май ауданы «Малайсары жалпы орта
білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
батауыш сынып мұғалімі
Шарипбекова Жулдыз Манатовна


Ұқсас жұмыстар
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Жас қаламгерлердің жыр мүшәйрасы
Көрнекі құралдар
Айгөлек ән-би байқауы
Қадыр поэзиясы өлеңдерін мәнерлеп оқу
Тіл - ұлттың жаны
Ана тілім, ана тілім жүрегім
Жас эрудит байқауның ІІІ орын иегері
Мектеп аруы
XXI ғасыр көшбасшысы жайлы ақпарат
Пәндер