Өзің таңдаған өмір жайлы ақпарат

Жаңбырова К. Т.
Шымкент қаласы Қ. Сыпатаев атындағы
№7 техникалық мектеп-лицейінің
педагог-психологі.
«Өзің таңдаған өмір»
Ұсынылып отырған сабақ 7-9 сынып оқушыларымен жұмыс істеуге арналады. Бұл жұмыстың бағыты осы жас аралығындағы балалардың тұлғалықөсіп жетілуі мен денсаулығын жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс балаларды түзету мақсатында ғана қолданылмайды, сондай-ақ, барлық балалармен жұмыс істеуге тиімді. Жұмыс барысында алғашқы күннен бастап, қатысушылардың қызығушы-лығын қанағаттандыратын топ ережелері қабылданады.
Сабақта қолданылған диагностикалық жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді:
Сабақтың негізгі тапсырмалары:
- қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын анықтау;
- оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету;
- өзін-өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету;
- негативті импульсті шығару, жою.
Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.
Керекті заттар: түрлі-түсті қарындаш, гауш, әр қатысушыға А4 қағазы. Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейдж таратылады.
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.
1. Сергіту-жаттығуы «Мейірімді жануар»
Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлар-дың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.
2. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш - бұл . . .
Мен мынадай адамдарға сенбеймін . . .
Мен ренжимін, егер . . .
Мен ұмытпаймын, егер . . .
Маған көңілсіз, егер . . .
Егер маған дауыс көтерсе, мен . . .
Мен қарсыласқанда . . .
Егер мен сенімсіз болсам, онда . . .
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.
ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»
Жүргізуші: 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба - негізгі қалқан болып табылған. Қалқан - қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т. б. ) . Үшіншіден - ең үлкен жетістігім. Төртіншіден - сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз.
15 минут уақыт беріледі.
Қатысушылар қалаулары бойын-ша өз жұмыстарын көрсетеді.
Жүргізуші: Біз дайындаған жұ-мыс өзімізге көмектеседі. Осыны әр-қайсысымыз есімізде сақтауымыз керек:
- ішің пысқан кезде өзің істей алатын
жұмысты еске түсіру;
жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді
түрде тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан;
- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзі туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
IV. Жаттығу: «Әрі қарай не?»
Жүргізуші: Қазір сендерге өзің туралы сөздерді дауыстап, әрі сенімді айтуды ұсынамын. Ал, басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?
Бұл сөздерді әрбіреуің айтуларың керек. Әркім кімге айтқысы келсе, соған айтады. Бұл сөзді әрқайсыларың естулерің керек. Рахмет.
Қатысушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.
- бұл сөздерді өзің айтқанда не сездің?
- Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам саған айтқанда қандай айырмашылық болды?
- осы айтылған сөздерге лайық болу үшін не істеу керек?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz