Сындарлы оқыту теориясы - сапалы білімге бастар жол

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ-САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Искакова Айгерім Жарқынбекқызы
№123 Т. Жүргенов атындағы орта
мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жалағаш ауданы
«Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік
ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім, ең алдымен, оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл-тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашаққа лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау - білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз. Осы идеяны құптаушы ретінде 45 минуттық әрбір сабағымда оқушылардың бойына аталған дағдыларды қалыптастыруға тырысамын. Деңгейлік курстың бірінші деңгей сертификатына қол жеткізгеніме көп уақыт өткен жоқ, курстың бізге бергені өте көп болды. Мектепке енгізген біздің басымдығымыз әріптес, ата-ана, оқушылардың сауалнама нәтижесінде шықты: Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білім сапасын арттыру. Сондықтан сабақтар көрсетіп, өзгерісті өзімізден бастау басқа мұғалімдерге бағыт-бағдар бергенде өзімізге тиімді болады. Іс-әрекеттегі зерттеудің Ферранс (2000) ұсынған жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуі, бірлескен іс-әрекеттегі зерттеу, мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі, кеңейтілген аймақтық іс-әрекеттегі зерттеу секілді түрлері бар. Басымдығымызбен байланыстырып, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын қалай арттыру болады? деген сауалды қоя отырып, жеке мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуін жүргіздім. Сондықтан нақты осы сынып турасында ағылшын тілінен мен сабақ беретін 8 «Б» сыныбындағы оқушылардың сабаққа деген ынта, ықыласы төмен мәселемді шешуге тырысып, жоспар құрдым.
Оған дейінгі сабақтарда Не? Қашан? Қайда? секілді сұрақтарды қазіргі әрбір сабағымда Не себепті деп ойлайсың? Олай айтуыңа не негіз болды? Қандай дәлелдер келтіре аласың? сұрақтарына алмастырдым. Оқулықтан тыс ізденуге тапсырмаларды жиі беремін, бұл оқушылардың өзін-өзі дамытуына көп ықпалын тигізеді. Сабақ барысын мұғалім, яғни өзім хабарлап отырғаннан гөрі оқушылар осы үдерісті мұғалімнің бағыттауымен өздері жүзеге асырса, қызығушылық жоғары болады. Қызығушылық бар жерде білім сапасының да нәтиже болатыны анық.
Бұл бағдарлама оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін қолданғанда, үнемі әріптестермен бірге талқылап, тәжірибені ой елегінен өткізіп отыруды жөн деп санаймын. Сабақтарымда көптеп қолданатын стратегияларым: «Джигсо», «Ассоцация», «Кластерлеу», «Бес жолды өлең», «Әдеби үйірме», «Эссе», «ББҮ», «Түртіп алу», «Миға шабуыл», «Инсерт», «Екі жақты түсіндірме-күнделік», «Автор орындығы», «Үш қадамды сұхбат», «Сөзжұмбақ», «Кубизм», «Галереяға саяхат», «Бірін-бірі оқыту», «Дөңгелек үстел», «Сиқырлы қалам», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Пікірталас», «Құрылымдалған шолу» т. б. Және әдіс-тәсілдерді өзіме қолайлы етіп сабақтың әр кезеңдеріне ыңғайлап бөліп қойдым. Сабақ беретін сыныптарымдағы оқушылар бұл әдіс-тәсілдерге төселген, ережелерін біледі, басқарушылық, көшбасшылыққа ұмтылып, өзін-өзі басқара алады. Сонымен қатар оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне көз жеткізіп, әрі қарай әдістемемді жетілдіруді мақсат етудемін. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін өте аз пайдаланамыз, енжарлыққа бой алдырамыз, ендігі ойым келешекте осы әдісті әр сабағымда пайдалану. Сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді.
Топтарда бірлесе жұмыс жасауда өзіміздің ережелерімізді жасап алғанбыз. Оны сынып бөлмесінің оқушылардың көзіне көрініп тұратын жерге іліп қойғанмын. Жауапкершілік, сыйластықтың болуы; Топтарға бөлгенде топ құрамының әртүрлі болып отыруын естен шығармау; Кезекпен сөйлеп, топтардың ұтымды жұмыс жасау дағдысы. Ал оқушылар үшін бұл жоба бойынша жұмыс жасау үшін төмендегідей міндеттер орындалып отырғаны дұрыс деп таптым: өз алдарына сұрақтар қойып, оның жауабын табуға тырысу; өз бетімен білім алуға ұмтылу; зер сала тыңдай білу; өз пікірін дәлелмен жеткізу; Топта, жұпта, жеке жұмыстардағы ізденіске жетелейтін әдістерге тез бейімделу. Өзім үшін оқушылармен ашық, достық қарым-қатынас орнату; Жұмыстың әртүрлі формаларын, сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін тиімді ұйымдастыра білу; Оқушылардың өз бетімен білім алуына ықпал жасайтын стретегияларды дұрыс қолданып, өз шығармашылығыммен ұштастыра пайдалануды міндеттер етіп алдым.
8-сыныпта өткен «Values» тақырыбындағы сабаққа төмендегідей мақсаттар қойып алдым: Real Conditional-ды меңгерту; “The smell of bread” мәтінін оқу арқылы өз пікірлерін айта алуға дағдыландыру; Сын тұрғысынан ойлауын дамытатын тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу; Оқушыларды тыңдай білуге, қолайлы ортада жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Оқушыларды «Гүл күлтелері» ойыны арқылы топтарға бөлдім. Оқушыларға «Бір-бірімізге гүл сыйлаймыз» дегенде, арлы-берлі жүреді, «Үш күлтелі гүл сыйлаймыз» дегенде, үшеуден, «Алты күлтелі» дегенде, алтаудан бірігеді. Ең соңында «Бес күлтелі гүл» дегенде, бесеуден бірігіп, сол топтар бойынша орындарына отырады. Үй жұмысына «Art is long, life is short» тақырыбында эссе жазу тапсырылған. Кіріспе кезеңінде мақал-мәтелдердің қалып қойған сөздерін тауып, бас әріптерін қосу тапсырылды.
1. Find the missing words of proverbs.
1. Virtue is its own reward. 2. All that glitters is not gold.
3. He laughs best who laughs last. 4. Better unborn than untaught.
5. East or West - home is best. 6. Art is long, life is short . Сөйтіп, жаңа сабақтың Values тақырыбы шығады. How do you understand the meaning of the word “Values”? «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы әр оқушының тақырып жөнінде не білетінін жазу үшін 3 минут уақыт бердім. Оқушылар содан кейін жұптасып, жазғандарымен бөлісті.
Негізгі бөлімге «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісінің талқыла бөлігі арқылы көштім. Яғни, оқушылардан топтарда жұмыс жасап, өзімнің ойлап тапқан әдісім «Жаңылыспаған идея» әдісі арқылы оқушылар жұмыс қорғайды. Бірінші топ ойларын плакатқа суретпен жеткізді, екінші топ ассоцация арқылы көрсетті, үшінші топ диалог құрастырды. Әр топ төмендегі бағалау парақшалары арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалап, пікірлерін айтып өтті.
Groups’ marking papers
“The Smell of bread” мәтінін компьютерден тыңдап, оқушылар бір мәрте оқып, «Әдеби үйірмелері» стратегиясы арқылы орындап шықты. Баяндап берушілер-өз ойына сүйене отырып мәтін мазмұнын айтып берушілер. Зерттеушілер кейіпкердің түр-түсі, мінез-құлқына сипаттама береді. Сұрақтар құрастырушылар мәтін мазмұнына байланысты жоғары деңгейлі сұрақтар дайындап, оқушыларға қояды. Сілтемелер табушылардың міндеті-мәтін мазмұнына байланысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер тауып айту. Бейнелеуші суретшілер оқиғаны қойылым түрінде жеткізеді. Ал дәнекерлер мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады. Топтар бір-бірінің жұмыстарына екі жұлдыз, бір тілек айтады.
«Миға шабуыл» сұрақтары арқылы мәтін мазмұны талқыланады.
1. Was the baker a good man? Why or why not?
2. Do you think the judge was a wise man?
3. Do you agree with the judge? Why or why not?
4. Do you know a story like this one? Tell it to the class. What is the difference about two stories?
Оқушыларға грамматикалық материал түсіндіріледі. Unreal Conditional
Өзім ойлап тапқан «Балықшы ауы» ойынын ойнату арқылы жаттығу жұмысы орындалады. Шеңбер құрай отырып, тоқыма жіпті бір-біріне лақтырып, тапсырмаларды орындайды. Жіп қалыңдаған соң, кеттік балық аулауға деп орындарына оқушыларды жайғастырамын. Әрі қарай оқулықтағы жаттығулар орыфндалады.
Қорытынды кезеңіне «Дөңгелек үстел» әдісінің ауызша түрін қолдандым. Үш топқа үш ақ парақ беріп, тақырып төңірегінде real conditional-ды пайдаланып, бір сөйлем айтады, екінші оқушы ол сөйлемді қайталап, өзінің сөйлемін қосады. Осылай топ мүшелерінің барлығы айтып болғанша, жалғаса береді. Егер уақыт жеткілікті болса, бұл әдісті жазбаша орындатуға да болады.
Оқушылардың сабаққа кері байланысы тақтаға ілініп тұрған смайликтерге олардың стикерді жабыстыруы арқылы көрінді.
The lesson was very informative. I’ve got a lot of useful information. I was active. I answered well.
The lesson was quite interesting. I’ve got some information. I understood almost everything. But I was a little tensed. I've made a few mistakes.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz