Етістіктің шақтары. 11 сынып

Бекітемін:

№ 28 жалпы орта

мектеп директоры

Қ. Ж. Құрманбекова

№ 28 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. М. Елимбекованың орта мерзімді сабақ жоспары

Іс-әрекеттегі зерттеу: жеті модульді қамтитын диалогтік оқытудың түрлері аспектісі;

Зерттеу тақырыбы: 11 Б сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен сөйлеу тілін дамыту үшін диалогтік оқытуды қолдану ;

Зерттеу сұрағы: 11 Б сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен сөйлеу тілін дамыту үшін диалогтік оқытуды қалай тиімді қолданамын?

Күні
Тақырыбы
Мақсаты
Мазмұны
Белсенді оқыту әдісі
Оқып-үйренудің нәтижесі
Бағалау
Күтілетін нәтиже
Кіріктірілген модуль
Негізгі дерек көздері
№: 1
Күні:
Тақырыбы: Етістіктің шақтары. Осы шақ
Мақсаты: Осы шақтың нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып бөліну ерекшеліктері туралы түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Мазмұны:

Ұйымдастыру

Ой қозғау

Жаңа тақырып

Бекіту

Қайталау

Кері байланыс

Бағалау

Белсенді оқыту әдісі: Топтық жұмыс, миға шабуыл, мағынаны тану, ойтолғау, зерттеушілік әңгіме, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, көпірше, ІNSERT әдісі
Оқып-үйренудің нәтижесі: Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым - қатынасқа түседі, бағалауға арналған тапсырмалар, өз деңгейін бағалай алады
Бағалау: Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, жұлдызшалар арқылы бағалау
Күтілетін нәтиже: Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақты ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Кіріктірілген модуль: Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану
Негізгі дерек көздері: Интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, маркер, стикер, желім, түрлі-түсті қағаз, қайшы, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, сауалнамалар, кері байланыс жаймасы
№: 2
Күні:
Тақырыбы: Өткен шақ.
Мақсаты: Өткен шақтың түрлері туралы нақтырақ мағлұмат беру. Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары мен қолданылуын үйрету. Тақырыпқа байланысты сұрақтар беру арқылы мағыналарды түсіндіру, сәйкестендіру, сөйлем құрату, өмірмен байланыстыру.
Мазмұны:

Ұйымдастыру

Ой қозғау

Жаңа тақырып

Бекіту

Қайталау

Кері байланыс

Бағалау

Белсенді оқыту әдісі: Топтық жұмыс, ой қозғау, кім жылдам, ойтолғау, кластер құру, қар көшкіні, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, ІNSERT әдісі
Оқып-үйренудің нәтижесі: Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым - қатынасқа түседі, бағалауға арналған тапсырмалар, өз деңгейін бағалай алады
Бағалау: Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, бағдаршам әдісі арқылы бағалау
Күтілетін нәтиже: Өткен шақтың жасалу жолдарын біледі, мағынасын түсінеді, сөйлемдер құрау арқылы өмірмен байланыстырып қолдана алады;
Кіріктірілген модуль: Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану
Негізгі дерек көздері: Интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, флип-чарт, маркер, стикер, фломастер, қағаз, қайшы, желім, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс жаймасы
№: 3
Күні:
Тақырыбы: Келер шақ.
Мақсаты:

Келер шақтың мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып бөліну жолдарын білу, мысалдар келтіре отырып түсіндіру, өмірмен байланыстыра қолдану және талдау; сөздік қорын молайту,

Дұрыс сөйлеуге үйрету. /жақсарту, қалыптастыру, жүйелеу/

Мазмұны:

Ұйымдастыру

Ой қозғау

Жаңа тақырып

Бекіту

Қайталау

Кері байланыс

Бағалау

Белсенді оқыту әдісі: Топтық жұмыс, ыстық орындық, миға шабуыл, мағынаны тану, ойтолғау, ДЖИГСО әдісі, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, көпірше, ІNSERT әдісі
Оқып-үйренудің нәтижесі: Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым - қатынасқа түседі, бағалауға арналған тапсырмалар, өз деңгейін бағалай алады
Бағалау: Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мадақтаулар арқылы бағалау
Күтілетін нәтиже: Келер шақтың мағынасына қарай бөліну жолдарын біледі, мысалдар келтіре отырып түсіндіреді, дұрыс қолдана алады
Кіріктірілген модуль: Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану
Негізгі дерек көздері:

проектор, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс

жаймасы/алма ағашы/, түрлі-түсті қағаз-қаламдар, желім, қайшы

№: 4
Күні:
Тақырыбы: Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау
Мақсаты: Етістіктің шақтарына байланысты алған білімдерін жинақтау, бағалау. Орынды дұрыс қолдануға дағдыландыру, топтық жұмыстарды жақсарту, үйрету, қалыптастыру
Мазмұны:

Ұйымдастыру

Ой қозғау

Жаңа тақырып

Бекіту

Қайталау

Кері байланыс

Бағалау

Белсенді оқыту әдісі: Топтық жұмыс, миға шабуыл, мағынаны тану, адасқан әріптер, ойтолғау, әңгіме -дебат, қалыптастырушы бағалау, сауалнама, кері байланыс, көпірше, балық қаңқасы, ІNSERT әдісі
Оқып-үйренудің нәтижесі: Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым - қатынасқа түседі, өз деңгейін бағалай алады
Бағалау: Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, критерийлер арқылы бағалау
Күтілетін нәтиже: Етістіктің шақтарына байланысты алған білімдерін жинақтайды, бағалай алады. Орынды дұрыс қолдануға дағдыланады, топта жұмыс жасауды жақсартады, қалыптастырады
Кіріктірілген модуль: Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану
Негізгі дерек көздері:

Проектор, тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс

жаймасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

№ 28 жалпы орта мектеп

Пән мұғалімі
Елимбекова Луиза Мелдехановна
Пән мұғалімі: Пәні
Елимбекова Луиза Мелдехановна: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Сыныбы
Елимбекова Луиза Мелдехановна: 11 "Б"
Пән мұғалімі: Өтетін күні
Елимбекова Луиза Мелдехановна: 13. 10. 2014
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің шақтары
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
Етістіктің шақтары: Осы шақтың нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып бөліну ерекшеліктері туралы түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Етістіктің шақтары: Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақты ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Сабақтың тақырыбы: Бұрын меңгерілген білім
Етістіктің шақтары: Есімше мен көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың тақырыбы: Пәнаралық байланыс
Етістіктің шақтары: Қазақ әдебиеті, тарих, география, музыка
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың ресурстары
Етістіктің шақтары: Интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы

Кезең

Уақыты
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Кезең:

Ой шақыру

Уақыты: 2 минут
Сабақтың барысы: Топқа бөлуді ұйымдастыру

Алдын ала осы шақтың түрлеріне байланысты тапсырмалар дайындалып, оқушылар өздері таңдаған етістік түрлеріне қарай топтарға бөлінеді

1-топ - нақ осы шақ

2-топ - ауыспалы осы шақ

Кезең: 5 минут
Уақыты:

Үй тапсырмасын қайталау

"Кім жылдам?"

Сабақтың барысы: Сұрақтарға барынша тез жауап беру
Кезең: 3 минут
Уақыты: « Мен кіммін?», "Мен не істеп отырмын?" деген сұрақтардың аясында осы шақ етістіктерді қатыстырып сөйлемдер жаздырту
Сабақтың барысы: Оқушылар өздерінің жауаптарын жазады.
Кезең: Тақтаға кім қандай мысалдар жазғандарын оқып шығу
Уақыты: Оқушылардың сөйлемдеріне қарай, кімнің қаншалықты тақырыпты түсінгендігі байқалады
Кезең:

Мағынаны тану

Уақыты: 3 минут
Сабақтың барысы: «Ой қозғар» әдісі (интерактивті тақтадағы ой қазығы етіп алған пікірлерді оқу)

Етістіктің шақ категориясы туралы оқушылар өз білетіндерін, ойларын ортаға салады.

Сұрақтар дайындау

Кезең: 5 минут
Уақыты:

Етістіктің шақ категориясы - іс -әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы: "келе жатыр", "оқып отыр", "жел соғады". Осы шақтың екі түрі бар:

1. Нақ осы шақ

2. Ауыспалы осы шақ

Сабақтың барысы:

Оқулықпен жұмыс. ІNSERT әдісі. Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақ туралы оқу. (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу. ) Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» - жаңалық ІNSERT әдісі., «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.


Кезең: 3 минут
Уақыты: видеоролик көрсету
Сабақтың барысы: Видеоролик көру арқылы оқушылар мысалдар келтіріп, етістіктің оыс шақ категориясының қалай жасалатындығын түсінеді.
Кезең: 5 минут
Уақыты:

Мұғалім түсіндірмесі:

1. Нақ осы шақ - қалып етістіктің ("жүр", "жатыр", "отыр", "тұр") тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. (мен жазып отырмын, сен жазып отырсың) . Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі.

2. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады. (мен жүземін, сен оқисың) немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: "жаңбыр жауады", "құс ұшады", "ит үреді". Бұл етістіктің осы шақ не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

Сабақтың барысы:

1-топ, нақ осы шаққа байланысты қалып етістіктің ("жүр", "жатыр", "отыр", "тұр") тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп келуі арқылы сөйлемдер құрап жазады

2-топ, ауыспалы осы шақ -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалатын (мен жүземін, сен оқисың) немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіретін сөйлемдер жазады

Кезең: Оқушылар жұрнақтарды орынды пайдалана отырып, етістіктің осы шақ формасының жасалу жолын есте сақтайды, сөйлемдер құрай біледі, мағынасын түсінеді және ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана алады.
Кезең: 10 минут
Уақыты:

1. Тапсырма:Осы шаққа байланысты сурет салу

2. Суретті сөйлету

3. Мәтін бойынша сұрақтар қою

а/ кем дегенде 7 түс қолдану

ә/ 5-6 сөйлем болу

б/ осы шақтағы етістіктерін қолдану

Сабақтың барысы: Әр топқа осы шаққа байланысты сурет салу беріледі. Сурет салынып болған соң, топ арасында бағаланады. Содан соң критерийлер ұсынылады. Критерийлер бойынша қайта бағаланады.
Кезең: 5 минут
Уақыты:

Дәптермен жұмыс:

1. Мәтіннен осы шақ етістіктерді теріп жазады, жасалу жолын түсіндіреді.

2. Асты сызылған етістіктерді етістіктің осы шақ формасына айналдырады. (айналды - айналып отыр)

Сабақтың барысы:

Оқушыларға арналған мәтін:

Су - тіршілік көзі, су - тіршілік негізі. Сусыз өмір жоқ.

Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ сол судың тоқсан пайызы адам өмірі үшін, өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемі үшін жарамсыз тұзды сулар. Оның тек 2, 5 пайызы ғана тұщы су. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.

Ата-бабамыз «Судың да сұрауы бар» деген екен. Ол - шындық. Біздің ғасырымызда су проблемасы аса өзекті мәселе. Қазір 1, 7 миллиард адам тұщы су тапшылығына ұшырап отыр. Бүгінде таза су тауарға айналды. Германия елі тұщы суды Швециядан сатып алады. АҚШ 1 текше метр су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Алжир мемлекеті де тұщы суды басқа елдерден сатып алады.

БҰҰ зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы бүкіл дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан қиындық көреді екен. Бұл - ойланатын жағдай.

Біздің елімізде су қоймалары көптеп саналады. Бірақ өзіміздің экологияға жауапсыз қарауымыздан қаншама көлдер, өзендер, теңіздер ластанып жатыр. Балқаш көлі - жер бетіндегі ең таза су қоймасы. Ол оңтүстік шығыста орналасқан. Қазіргі кен-металлургия комбинатының қалдықтары Балқашты ластап жатыр. Көлдің деңгейі төмендеген. Балқаш жайында аз айтылып жатқан жоқ. Табиғатқа қауіптің бәрі адамнан келіп жатыр.

Біз судың тазалығын сақтауымыз керек. Ең бастысы, жауапкершілікті түсінуіміз керек.

Кезең: Мәтін арқылы оқушы осы шақ етістіктің жасалу жолын есте сақтайды және өткен шақ, келер шақ етістіктерді осы шаққа айналдырады. Осы шақ етістіктің түр - тұлғасы қандай болу керектігін ұғынады.
Кезең:

Ой толғау

Уақыты: 4 минут
Сабақтың барысы:

Кері байланыс. Жаңа сабақты талдау

Бағалау (формативті және суммативті)

1. Сұрақ-жауап

2. Сауалнама

Кезең: Үйге тапсырма
Уақыты: Ережені түсініп оқу және осы шаққа байланысты сөйлем құрап, жасалу жолын талдау, түсіндіру.
Кезең: Рефлексия
Уақыты:
Кезең:

Бекітемін:

№ 28 жалпы орта

мектеп директоры

Қ. Ж. Құрманбекова

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

№ 28 жалпы орта мектеп

Тексерілді

Пән мұғалімі
Елимбекова Луиза Мелдехановна
Пән мұғалімі: Пәні
Елимбекова Луиза Мелдехановна: Қазақ тілі
Пән мұғалімі: Сыныбы
Елимбекова Луиза Мелдехановна: 11 "Б"
Пән мұғалімі: Өтетін күні
Елимбекова Луиза Мелдехановна: 14. 10. 2014
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің шақтары. Өткен шақ
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты
Етістіктің шақтары. Өткен шақ: Өткен шақтың жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Етістіктің шақтары. Өткен шақ: Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақты ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Сабақтың тақырыбы: Бұрын меңгерілген білім
Етістіктің шақтары. Өткен шақ: Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақ
Сабақтың тақырыбы: Пәнаралық байланыс
Етістіктің шақтары. Өткен шақ: Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, тарих, география, музыка
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың ресурстары
Етістіктің шақтары. Өткен шақ: Интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы



Ұқсас жұмыстар
Етістіктің ішінен шақтарды табу
Етістік. 7-сынып. тиси технологиясы бойынша сабақ
Етістіктің шақтарын қайталау
Келер шақ Етістік шақтары осы шақ
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістіктің шақтары. 4-сынып
Мақсатты келер шақ
Оқытудағы құзіреттілік технологиясын қолдану
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары. Сабақтың тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz