Шет тілі сабағында ойын түрлерін қолдану

Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында
қолданылатын ойын түрлері
Дайындаған:
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қуанышбаева Л. Қ.
Махамбет, 2013 жыл
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
• Ойын - сауық
• Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
• Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы)
• Коррекциялық (өзін-өзі түзетуі)
• Әлеуметтендіру
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде:
* ойын-сабақ;
* ойын-жаттығу,
* сергіту ойындары,
* дидактикалық мақсаттағы ойындар,
* логикалық ойындар,
* грамматикалық ойындар, т. б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Оқушының ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігінің артуы оның алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әрі тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер мынадай мәселелердің басын ашқанын зерделедік:
• ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
• жеке оқыту маңызының артуы;
• оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т. б.
Қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырған талаптардың бірі - оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдану. Осы тұста төмендегідей коммуникативті ойындарды пайдалану әбден орынды деп есептейміз. Мысалы:
Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т. б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс. Сұрақтар былай болуы мүмкін:
What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/ do you like? Are you a man or a woman? Are you married or a single? т. б.
Just the facts.
Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?
Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.
Бұл ойынды «Атамұра» баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова. Т. Әбілдаева. З. Ұқбаев. А. 9 - сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады. Why?
Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтыңыздар деп сұрақ арқылы ойынатуға болады.
What is your favourite TV show? Why?
What is your favourite magazine? Why?
What is your favourite gift you have received? Why?
What is your favourite time of the day? Why?
What is your favourite day of the week? Why?
Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп отыруға болады.
Сонымен бірге, мынадай коммуникативті ойындар ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі: Interrupting the story, Make a text, Answer the questions, Find the theme, Make a story, Tell the story on the III-rd form, Name game, Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects, Sentence Completion, Learning the actions.
Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысында бақылаған Бельгиялық бизнесмен “It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін.
Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу барысында шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері, жаттығулар оқушыларға беріліп, салыстырыла талданды.
Міне, біз шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын коммуникативті ойындар мен ойын әрекеттерін, тапсырмалар мен жаттығуларға да тоқталып өтуді жөн санадым.
Riddles. Read the first riddle and have the class ask questions to try and solve the riddle. Riddles promote discussion and curiosity.
The man was injected with deadly poison-but it did not kill him ( He was already dead)
Everyone around him knows who he was, but no one knew his name ( He has just been born)
The man had been a hostage for 10 years. His wife watched him leave he plane, and called to him excitedly. He did not respond (She saw him on television)
I run but no legs (nose)
The more there is the less you see (darkness)
What has hands but not skin or bones? (сlock)
What is black and white and read all over? (newspaper)
Tongue twisters. Tongue twisters are phrases or sentences that are very difficult to say fast. Tongue twisters are not only fun but they train the tongue to speak in English. Ask for three volunteers to stand up front. Write the first tongue twisters on the board and have each one say it five times. Have the rest of the class vote on the fastest and funniest for each one.
Toy boat. Toy boat. Toy boat.
The sixth sick shakes sixth sheep’s sick.
Suzy sells seashells on the seashore.
Three free throws.
Greek grapes.
I thought a thought. But the thought I thought wasn’t the thought I thought I thought.
Сонымен қатар, шетелдік мектептер мен оқу орындарында мынадай ойын әрекеттері қолданылады:
What is in the picture, Weather, That’s me, Expressing Feelings, Description, Speed up, Dicto Gloss Description, Chain Drills, etc.
Осы көрсетілген шетелдік мектептердегі ойын түрлері мен әрекетерін қарастыра келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында өздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды да нағыз образға шынайы түрде ене отырып орындайды, ал біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойдың туындауында, себебі қазақ мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz