Оспанхан Әубәкіровтің Сүт қалай ұйықтады ертегісін талдау және сүт өнімдерімен таныстыру

Қызылорда облысы, қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Жазира Маратқызы

Күні:11. 02. 2015 жыл

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? (Оспанхан Әубәкіров)

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: қазақтың белгілі сатирик ақыны Оспанхан Әубәкіровтің өмірбаянымен таныстыру, ертегінің мазмұнын ашу, сүт тағамдарымен тереңірек таныстыру.

Дамытушылығы: оқушыларға бағыт бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу қабілетін, ой өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелігі : ертегі арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу, төрт түлікті құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу

Әдісі: ой қозғау, түсіндірмелі

Көрнекілігі: О. Әубәкіров суреті, тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың барысы : I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу

2. Оқу құралдарын түгендеу

3. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

1. Мысалдың мазмұнын 4 оқушыдан сұраймын.

2. «Кім жылдам » арқылы үй тапсырмасын бекіту.

1. Мәтіннің авторы кім?

2. Салақтық сөзіндегі қарама қарсы сөзді айт.

3. Керім қандай жігіт еді?

4. Керім жуынбағандықтан неге душар болды?

5. Керім ауруханадан шыққаннан кейін қайда жұмысқа тұрды?

6. Ол зауытта немен айналысты?

7. Қожайыны не тапсырма берді?

8. Мәтін соңында Керімге не болды?

9. Мәтін арқылы нені түсінуге болады?

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Жұмбақ жасыру:

1. Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең сусын қанады

Ақ болса да қар емес

Шешуін кім табады? (сүт)

2. Мал төлдеп әр ауыл

Пісірдік ақ бауыр . Бұл не?(уыз)

3. Күбіге құйып піскен не? (қымыз)

4. Ұйытып қойып ішкенім не? (айран)

5. Кілегей шайқап алғаным не ( май)

6. Сөреге кептіріп жайғаным не?

-Балалар, күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі жайында не айтасыңдар?

-Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар?

-Малдың жем шөбін дайындайды?

Төрт түлік малдың етін, сүтін тағам ретінде, жүнін, терісін, киімге пайдаланады?

III. Жаңа сабақ

Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттық.

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Ұйқышылдық қандай әдет?

Қарама- қайшы пікір

-Ұйқының зияны

-Ұйқының пайдасы?

-Бүгін Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?»деген шығармасымен танысамыз, ең алдымен шығармамен таныспас бұрын авторымен танысып алайық. Оспанхан Әубәкіров:1934 жылы 4- мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сүйінбай атындағы совхоздың Үшбұлақ бөлімшесінде дүниеге келген. 1986 жылы дүниеден өткен. Сатира жанрын дамытушы, актер «Қағаз қалпқымды білесізбе?» «Сүзеген сөз» т. б шығармалардың авторы.

Оқулықпен жұмыс:

1. Ертегінің мазмұнын түсіндіремін

2. Өлеңді нақышына келтіріп оқып беремін

Ертегімен жұмыс:

1. Ертегіден ел- жұрттың сөзін тауып, әуенініе сай оқы.

2. Ертегідегі мақалды тауып оқы.

3. Әженің іс әрекетін тауып оқы

4. Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы

Ертегіні бөлімдерге бөлу (3 бөлім)

Бөлімдерге ат қою

1 -бөлім: «Сүттің ұйықтап қалуы»

2- бөлім: « Сүттің тасуы»

3- бөлім: «Қалтаға құюы»

Дәптермен жұмыс:

Қаймақ. ірімшік, сүзбе, айран, шұбат, қымыз, көже, шұлық, қолғап, тон, ішік.

Топтық тапсырма: «Сөз құрау ойыны»

Берілген буындардан сөз құрап жазу

Қай рім сүз шұ мыз кө шұ қол і

І ай шік же бат ран ғап лық шік

ран мақ бе ай қы май ты тон мақ

«Бәйге» ойыны : 1-қатарға

1. Бір күні сүтке не болыпты?

2. Сүт неліктен жылады?

3. Ертегідіегі кейіпкерлері ата?

4. Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы?

2- қатарға

1. Ел- жұрт неге қайран қалды?

2. Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?

3. Сүт неліктен жылады?

4. Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың?

5. Оспанхан Әубәкіровтің туған жері?

3- қатарға:

1. Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?

2. Сүттің аянышты халін кім айтты?

3. Сүттен жасалатын тағамдарын ата?

4. Жұрт сары су жайлы не дейді екен?

5. Ертегінің авторы кім?

Сабақты қорыту

Бағалау: Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу.

Ертегі желісі бойына сурет салу.

.


Ұқсас жұмыстар
Оспанхан Әубәкіровтің Сүт қалай ұйықтады ертегісі бойынша сабақ жоспары: өмірбаян, мазмұн және сүт тағамдары
О. Әубәкіровтің Сүт қалай ұйықтады ертегісі негізіндегі әдебиеттік оқу сабағының жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Оспанхан Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады ертегісінің сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағының оқу-әдістемелік жоспары: О. Әубәкіровтің Сүт қалай ұйықтады ертегісі
Сүт және сүт тағамдары: құнарлылығы, дайындалу әдістері және ұлттық дәстүрлер
6-сынып: Технология сабағы - Сүт және сүт өнімдерінің тағамдық құндылығы, өңделуі және сақталуы
Еңбекке баулу пәні: Сүт және сүт тағамдары - 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-сыныптың технология пәні: Сүт және сүт өнімдері - оқу мақсаты, әдіс-тәсілдер және бағалау
Практикалық сабақ: сүт қорабынан қалам салғыш жасау
7-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: Сүт өнімдерінің пайдасы және ет - негізгі азық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz