Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Абай құнанбаевтың "қыс"өлеңі
Қостанай облысы,Жангелді ауданы,Ақшығанақ ауылы
Қ.Топаев атындағы орта мектебінің бастауыш мұғалімі
Махатова Ақбөпе Құттықожақызы.
Сабақтың тақырыбы: "Қыс"
Сабақтың тақырыбы: "Қыс"
Сабақтың мақсаты:
* Білімділігі:Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірімен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру, оқушыға қыстың қатаң көріністерін түсіндіру;
* Дамытушылығы:Оқушыларды байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту;
* Тәрбиелілік:Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған ортаның табиғат сұлулығын тануға және сұлулыққа тәрбиелеу;
Сабақта қолданылатын әдіс : Блум әдісі,сұрақ ̵ жауап әдісі,түсіндіру әдісі,топпен жұмыс,ойын әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер,интерактивный тақта,оқулық,жұмбақтар,жыл мезгілінің белгілері,фишкалар,стикерлер,постер.
Сабақта қолданылатын модульдер:
* Жас ерекшілігіне сәйкес оқыту.
* Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс ̵ тәсілдер.
* Сын тұрғысынан ойлау.
* АКТ
Сабақтың бөлімдері
Мұғалімнің іс ̵ әрекеті
Оқушылардың іс ̵ әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу.
1.Білім.
"Үзінді" ойыны.
Оқушыларды жыл мезгілінің белгілері арқылы топқа бөлу.
Өтілген бөлім бойынша сұрақтар беру.
* Балалар "Ата ̵ бабам тарихы ̵ менің тарихым" деген бөлімді аяқтап отырмыз. Бұл бөлімде қазақ халқының бастан кешкен қиындықтары мен тәуелсіздікке жету тарихын әңгімеледік. Осы бөлімді "үзінді" ойыны арқылы тиянақтайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.Осы бөлімнен оқыған мәтіндер арқылы халқымыз басынан қандай кезеңдерді өткізген?(Ақтабан шұбырынды,алқа көл сұлама,аштық,тоқырау т.б.)
2.Қаракерей Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты.Қай мәтінде?(Халық қорғаны)
3.Алғашқы қазақ жасағын құрған кім?(Қаракерей Қабанбай)
4.Ақжолтай Ағыбай батыр мәтінінің авторы кім?(Марат Әбсемет)
5. Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тасталқан етіп жеңгені туралы қай мәтінде айтылған?(Махамбет пен Жақия)
6. Езілген қазақ елінің
Бағы үшін туған ер, қай мәтінде,авторы кім?(Амангелді батырым өлеңі,Нұрпейіс Байғанин)
7.Қара судан басқа түк татпағанына, бүгін үшінші күн үзінді қай мәтінен алынған?(Күлпаш)
8.Азаттық жолында мәтінінің басты кейіпкері кім? Үзінді айту.(Тоқаш Бокин)
9.Ол кезде С. Сейфуллиннің есімін айтуға жұрттың қорқатын кез еді.Бұл қай мәтін?Авторы кім?(Мәңгі жасар өмір.Тұрсынбек Кәкішев)
10.Аңсап көкті жасынан
Еркін қаққан қанатын.. өлеңін ары қарай жалғастыр.
11.Бауыржан туралы деректі әңгімені кім жазған?(Мәлік Ғабдуллин)
12.Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас,қан төгіс,ұрыс жүріп жатыр.Бұл қай мәтін?(Ту тіккен Рақымжан)
13.Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды!Көк жүзімен астасқан қасиетті көк туымыз асқақ желбіреп тұр! Қай мәтінде? (Ол ақын болар ма еді?)
Табиғатым тамаша ,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз.
* 1."Үзінді" ойыны арқылы аяқталған бөлімді тиянақтау.Берілген сұрақтарға жауап беру.
2.Түсіну.
Сызбамен жұмыс,слайдпен жұмыс.
Топтастыру стратегиясын қолдану.
Жаңа сабақ.
Негізгі бөлім.
3.Қолдану.
Кітаппен жұмыс.
Сөздік жұмыс.
Сергіту сәті:
4.Талдау.
Дәптермен жұмыс.
Суретпен жұмыс:
Қорытынды бөлім.
5.Жинақтау.
Постермен жұмыс.
6.Бағалау.
Үйге тапсырма:
* Оқушыларға жұмбақтар жасыру арқылы жаңа сабақты ашу.
1.Қыста барда ,жазда жоқ
2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бір ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр қатты-ақ.
4.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жел еді.
Аузы жоқ ұлиды.
* Қыс мезгіліне байланысты сұрақтар қою:
1. Қазір қандай мезгіл?
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
3. Қыста қандай өзгерістер болады?
4.Қыс айларын ата?
5. Қыс мезгілі несімен қызық?
* Жалпы қыс туралы не білеміз?Қыс мезгілі дегенде ойымызға не түседі?Соны топтастырып көрейік.
"Қыс бейнесі" слайд көрсетіледі.
Олай болса, біз бүгін "Туған жерге қыс келді" деген жаңа бөлімді бастаймыз.
* Абай Құнанбев слайд көрсету.
Балалар,мына суретпен көріп отырған қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, кемеңгер,дана ұлы ақынымыз Абай туралы не білеміз?
* Абай атамыздың бұрын қандай өлеңдерін оқыдық?
* Абай өлеңдері жастарды өнер ̵ білімге,еңбек етуге үндейді.
* Абай аударған қандай шығармалар білеміз?
* Абай табиғат суретшісі ретінде қандай өлеңдер жазды?
* Абайдың сазгер ретінде қандай әндері бар?
* Абай данышпан: 500 ̵ ге тарта өлеңдері,45 қара сөзі бар.
Балалар,олай болса біз Абай өмірінен қысқаша мәліметтер алып,Абай туралы білімімізді толықтырайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Абайдың табиғат сұлулығы жайында туған "Қыс" өлеңі болмақ.Бұл өлең 1888жылы жазылған екен.Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін,сендер мұқият тыңдаңдар.(өлеңді оқу)
* Балалар,осы өлең ішінде сендерге таныс емес сөздер бар,сол сөздермен танысайық.
* Осы өлең шумақтары бойынша топ ̵ топпен жұмыс жасайық.
I топқа тапсырма: Ақын қысты кімге теңеген? Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?
II топқа тапсырма: Шалдың киімдері қандай? Соқыр мылқау деген себебі не?
III топқа тапсырма: Киім деп отырған не? Түр ̵ түсі қандай,түсі суық дегенді қалай түсінесің?
IY топқа тапсырма: Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?Ақын балалармен малшыны қалай суреттеген?
Балалар,өлеңдегі адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді тауып дәптерлеріңе жазып, оқыңдар.
Қазақ халқының өмір сүру дағдылары жыл мезгіліне байланысты болған.Бұрынғы заманда ауа райын зерттейтін метерологиялық станциялар болмаған.Сондықтан әр түрлі табиғат құбылыстарына қарап болжамдар жасаған.
* Слайд көрсету: Мына суретте Абайдың "Қыс" өлеңіне ұқсастық барма?
Төрт топқа қыс мезгіліне сай әр топқа,әр түрлі тапсырмалар беру.
I топқа: Қыс мезгіліне байланысты мақал ̵ мәтелдер.
II топқа: Қыс туралы шағын эссе жазу.
III топқа: Бес жолды өлең құрастыру.
IY топқа: Қыс мезгілін бейнелеп сурет салу.
Сонымен,балалар Абайдың "Қыс" өлеңін оқи отырып,қыстың өзіне тән қасиеттерін,ерекшеліктерін білдік.
Үйде "Қыс" өлеңін жаттап келіңдер,қыс туралы сурет салыңдар.
* 2.Жұмбақтардың шешуін табу.Шешуі болған сөздерге назар аудару.Өтілетін тақырыптың мағынасын,тақырыбын ашу.
* Берілген сұрақтарға жауап беру.
Қыс мезгілінің ерекшеліктеріне топтастыру стратегиясын құру.
Қыс
* Сызбамен жұмыс.
Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
Абай
ойшыл дана
ғалым кемеңгер
ақын
сазгер
аудармашы
"Адам болам десеңіз", "Әсемпаз болма әрнеге", "Жасымда ғылым бар деп ескермедім".
* Шегіртке мен құмырсқа,Қарға мен түлкі.
* Қансонарда,Қыс,Жаз,Күз,Жазғытұрым.
* Көзімнің қарасы,Желсіз түнде жарық ай,Сегіз аяқ,Бойы бұлғаң т.б.
* 3.Оқу жұмыстарын жүргізу.
Шулап оқу.
Тізбектеп оқу.
Іштей оқу.
Мәнерлеп оқу.
Әр топ,әр шумақты оқу.
* Сөздік жұмысы:Шидем ̵ қой жүнінен тоқылған сырт киім.
I топ жауап: Қысты адамға,кәрі шалға теңейді.Ол қатал,соқыр ̵ мылқау адам сияқты.
II топ жауап: Ол ақ киімді,үстін ақ қырау басқан.Ол ештеңе көрмейді,аямайды,бәрін тоңдырады.
III топ жауап: Ол жауып тұрған қар,қатқан мұз.Түсі ақ қырау сияқты суық,қатал,ашулы адамды айтады.
IY топ жауап: Ақ киімді,ақ сақалды Аяз атаға теңеген.Ойнаған балалардың беті ̵ қолы тоңып,малшылар жылы киінсе де аязға шыдай алмай теріс қарады деп суреттеген
* "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындау.
* Ақ киімді денелі,ақ сақалды;
Үсті ̵ басы ақ қырау,түсі суық;
Бұлттай қасы жауып екі көзін.
* Суретке қарай отырып,өлең мазмұнына сай өз пікірлерін,ойларын әңгімелеу.
* 5.Шығармашылық жұмыс.(постермен)
I топ: Қыс мезгіліне байланысты мақал ̵ мәтелдер жазып,оның мағынасын ашып түсіндірді.
II топ: Қыс туралы ойларын шағын эссе жазу арқылы әңгімеледі.
III топ: Қыс туралы бес жолды өлең құрастырды.
IY топ: Қыс мезгілінің құбылыстарын және тіршілігін бейнелеп сурет салды.
* Оқушылар фишкалар арқылы бір ̵ бірін бағалау.
* Сабақтан алған әсерлерін стикер арқылы жазу.
Өлеңді жаттап келу,қыс туралы сурет салу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz