Файл қосу

Қазақстан тарихы - менің тарихым

<<Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Белоградов орта мектебі>>мемлекеттік мекемесі












Қазақстан тарихынан сыныптан тыс жұмыс жоспары



Тақырыбы: Қазақстан тарихы-менің тарихым











Өткізген: тарих және география пәндерінің мұғалімі
Далелхан Мейрамбек












2015 жыл


Қазақстан тарихы-менің тарихым
Интеллектуалды ойын.

Мақсаты: Сабақ барысында игерген білімдерін нақтылау.
Ел тарихы туралы берілген тапсырмаларға дәл
жауап табуға дағдыландыру.Тарихи терминдер
қорын көбейту,тілдерін дамыту.Қазақ
тарихындағы қоғам қайраткерлері,батырлар,дана
тұлғалар жайлы білімдерін толықтыру.Қазақстан
тарихына қызығушылықтарын
арттырып,білімдерін кеңейту.Отансүйгіштікке ,
патриоттыққа,жеңімпаздыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: сайыс кезеңдері жазылған плакат,қанатты сөздер т.б.

Ойынға 9сынып оқушыларынан құралған <<Ғасыр>> тобы мен 11 сынып оқушыларынан құралған <<Заман>> тобы қатысады.Жауаптардың бағасы ұпаймен өлшенеді.
Сайыс сегіз кезеңнен тұрады:
І .Мен білемін.
ІІ .Осылай болған.
ІІІ.Жұмбақ оқиға
ІҮ.Базарлық.
Ү.Жылдар тізбесі.
ҮІ.Шардара.
ҮІІ.Тарихтан хат.
ҮІІІ.Тарихи тұлғаны таны>>

І кезең. <<Мен білемін>> деп аталады.Бұл кезеңде сұрақтар екі топқа кезек-кезек қойылады.Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
-Ендеше мұқият тыңдайық:
1.Шу,Талас аңғарындағы ХҮ ғасырдың ортасында қалыптасқан мемлекет?
(Қазақ хандығы)
2.ХҮІІІ ғ басындағы соғыс қасіретінен туған ән? (Елім-ай)
3.Қасиетті мұсылман санына байланысты заңның атауы?
(Жеті жарғы)
4.Қ.Жұмаділов романында Дарабоз атанған батыр?
(Қабанбай)
5.Жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан 15 жасар бозбала?
(Абылай)
6.Керей мен Жәнібектің ақылшы ,кеңесшісі болған жырау?
(Асан қайғы)
7.Абылайдың кеңесшісі,ақылшысы болған жырау?
(Бұқар)

8.Исатайға күй арнаған күйші?
(Құрманғазы)
9.Қазақты үшке бөлген сан?
(100)
10.Қай хан тұсында қазақ хандығындағы халықтың саны 1 млн-ға жетті?
(Қасым)
11.Бес ай қошауда болған қала?
(Отырар)
12.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ елі қай мемлекетпен күресті?
( Жоңғар)
13.Қазақстанда сопылық ілімнің негізін салушы?
(Қожа Ахмет Иасауи)
14.Үш есімді батыр кім?
(Ерасыл,Қабанбай,Дарабоз)
15.Кіші жүзде болған ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілері?
(Исатай мен Махамбет)
16. 98 қазақ батыр атағын алған қай соғыс
(1945 жылғы Ұлы Отан)
17.Қазақ тың әдет-ғұрып заңдарын ата:
(Жеті жарғы,Есім,Қасым)
18.Отырардың қираған жылы, орны?
(1219ж Шымкент облысы)
19.Қазақтың ұлт-азаттық күрестерін ретімен ата?
(Сырым,Исатай,Кенесары,Амангелді)
20.Ақтабан шұбырынды болған жылдар?
(1723-1727ж)
ІІ кезең. <<Осылай болған>> деп аталады.Бір қалташада сұрақтар екіншісінде жауаптары бар. І топқа:
Оларды сәйкестендіріп,дұрыс әрі тез орындауларың керек.
1.Қазақ жеріндегі Х-ХІІ ғасырлардағы ең ірі қала- (Отырар)
2.Қазақ тілінің негізін қалаған тіл- (Қыпшақ,Үйсін)
3.Қазақ АКСР-і құрылды- (1920 ж)
4.Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып аталды- (1936ж)
5.Алғашқы Астана- (Орынбар)
6.Алаш партиясы құрылды - (1917ж)
ІІ топқа:
1.Қазақ КСР-нің алғашқы Конституциясы қабылданды- (1937 жылы наурыз)
2.Қазақ газетінің алғашқы редакторы- (А.Байтұрсынов)
3.Қазақ АКСР-нің халық саны- (5000 000)
4.Қазақстанның демократиялық жаңару күні- (1990ж 25 қазан)
5.2030 стратегиясы қабылданды- (1997ж)
6.Астананың тұсау кесері- (1998ж10 маусым)

ІІІ кезең <<Жұмбақ оқиға>> деп аталады. Алдын ала таспаға жазылған материалды кезек кезек-тыңдап,бұл қандай оқиға туралы,кім туралы екенін табу керек.
1.Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді,оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады.Енді өзін өкпелеткендерден кегін алмақшы екенін айтады.Мақсаты:қарсыластарын қырғынға ұшырату еді.Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.
Бұл қашан болған ,қандай оқиға ,кім туралы?
(Бз.б.521-486) (Сақ-грек Македон соғысы.Шырақтың ерлігі)
2.Олар көрші империалар үшін өте қауіпті,қатерлі болды.Талдан тоқылған бөгеттер мен терең орлар да ,берік қамалдар да ешқандай бөгет бола алмады.Тіпті тұғыры берік әрі салуы қымбатқа түскен қорғаныс та түкке жарамай қалды.Олар Орталық Азияны ,Сібірді бағындырды.Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.Оларға көрші халықтар алым-салық төлеп тұрды.Олар адам келбетті,арыстан жүректі болды.Рим шекарасына беттеді..
(Ғұндар)
3.Ойламаған жерде қазақ-қырғыз шекарасында Алмалысай жайлауындағы Кекілік тауында қоршауда қалды.Наурызбай батыр өз жасағымен қоршауды бұзуға ұмтылады.Басшы оған <<Біз мүмкін қоршауды бұзып шығармыз,ал қалғандары қайтеді?Олардың бәрі қырылады ғой.Егер хан басыммен қашып кетсем не болғаным>>,-деген екен.Қырғыз Қалығұл Әлібеков оның басын шауып Ресей басшысына апарып беріп,500 сом күміс ақша алады.
Бұл қандай оқиға? (Кенесары қозғалысы)
4.Ілияс Есенберлиннің <<Жанталас>> романы: Қазақ жері енді жазықсыз жылаған жұрттың көз жасымен дымқылданды.Таланған мал-мүлік,өрт алған қалалар... Сұлу қыз-келіншектерді шаштарынан матастыра топтап,батырлары әйелдікке алды,найза ұстауға жарайтын жігіттерін қойдай бауыздады,кәрі-құртаң шал-кемпірлерді айдалаға тастады.Жас балаларды <<түбі бұлар да бізге жау болады>> деп ,найзаларының басына іліп алып,әке-шешелеріне көрсетіп,қарқ-қарқ күлді...Шапқыншылық қиянатын көрген ата-ана қорланып шаштарын жұлып,беттерін қан-жоса етіп тырнап,бүкіл сардаланы сарнауға,зарлы үнге толтырды...Небір азаматтар ақыл-естерінен адасып,жынданып кетті...
(Жоңғар шапқыншылығы)
ІҮ кезең <<Базарлық>> деп аталады.Мұнда үш жолдың біреуін кезекпен таңдап ондағы сұрақтарға жауап беру керек.

А
1
2
3
4
5
6
7
8
Ә
1
2
3
4
5
6
7
8
Б
1
2
3
4
5
6
7
8

А Тәуелсіз Қазақстан
1.Қазақстан өз тәуелсіздігін алған уақыт? (1991 16 желтоқсан)
2.Т.Әубәкіров қашан ғарышқа ұшты? (1991ж 2 қазан)
3.Семей поигоны қашан жабылды? (1991ж 29 тамыз)
4.Қазақ елінің тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел? (Түркия)
5.Қазақстанның ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993ж 15 қараша)
6.Конституция қашан қабылданды? (1995ж 30 тамыз)
7.Ақмола қашан Астана деп аталды? (1998ж)
8.Тудың авторы? (Ш.Ниязбеков)

Ә Кеңес-Герман соғысы.
1.316-шы дивизияны кім басқарды? (Генерал-майор Панфилов)
2.Т.Тоқтаров қай қала үшін шайқасты? (Москва)
3.Матросовтың ерлігін қайталаған кім? (Ленинградта С.Баймағанбетов)
4.Соғыс жылдарында 1 гектардан 200 пұт күріш жинаған атақты күрішші? (Ы.Жақаев)
5.Қай майдан неміс армиясы жеңілмейді деген аңызды жоққа шығарды?
(Сталинград)
6. 37 ұшақты атып түсірген Қазақстанның азаматы? (С.Луганский)
7.Украинада партизан тобын басқарған кім? (Қ.Қайсенов)
8. 3 рет батыр атағын алған ұшқыш? (И.Кожедуб)

Б. 1916 жылғы көтеріліс
1.Патша жарлығы бойыншы қанша Адам қара жұмысқа алынуы тиіс болды? (500 000)
2.1916 жылғы көтерілістің сипаты қандай болды? (ұлт-азаттық)
3.1916ж көтеріліс ошақтары? (Торғай,Жетісу)
4.Верный уезінде көтерілісті кім басқарды? (Т.Бокин)
5.Қарқара дағы көтеріліс басшылары? (Жәменке Мәмбетов,Ұзақ Саурықов)
6.Торғайда соғыстың қандай тактикасы қүрылды? (партизандық)
7.1916 жылға арналған шығармаларды ата? (М.Әуезов <<Қилы заман>>,С.Сейфуллин <<Тар жол тайғақ Кешу>>, Ж.Аймауытов <<Қартқожа>>, С.Мұханов <<Ботагөз>>)
8.Боралдайда жұрт көзінше дарға асылған көтеріліс басшысы?
(Б.Әшекеев)
Ү кезең <<Жылдар тізбесі>> деп аталады.Мұнда әр топқа он-оннан әртүрлі жылдар жазылған парақтар үлестіріледі.Сол жылдың тұсына қандай маңызды тарихи оқиға болғанын жазу керек.
І топ
1. ХҮғасырдың ортасы Қазақ хандығының құрылуы
2. 1650-1718ж Тәуке ханның ел билеу
3. 1731 ж Әбілхайыр ханның ант беруі
4. 1771-1781 ж Абылай билік құрған жылдар
5. 14 жыл Сырым Датұлы бастаған көтеріліс созылды
6. 1837-1847 Кенесары бастаған көтеріліс
7. 1929 ж Қызылордадан ел астанасы Алматыға
көшірілді
8. 1920 ж Қазақ АКСР-і құрылды
9.1931-32 ж Ашаршылық жылдарында 2,1 млн қазақ қырылды
10. 1990 ж Декларация қабылданды

1.1937 ж Қазақ КСР Конституциясы қабылданды
2.1726 ж Бұланты өзеніндегі шайқас
3.1729 ж Аңырақай шайқасы
4.1836-1838 Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс
5.1854ж Верный бекінісі салынды
6.1845-1904ж Ұлы Абайдың өмір сүрген жылдары
7.1916ж Ұлт азаттық көтеріліс
8. 1917ж Алаш партиясының құрылуы
9. 1835-65ж Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдары
10. 1920-1924ж Орынбор қаласы Астана болды.
ҮІ кезең <<Шардара>> деп аталады.Онда жасырынған буындарды тауып ,тарихи сөз жасау керек.
Әр топқа төрт-төрттен жасырылады.
1. 1 буын-жалынның атауы; 2 буын ұшақ маркасы .Саяси партяның аты шығу керек. (ОТАН)
2. 1 буын -бір затты ұсыну сөзі;2 буын- майдың орысша атауы
Әйелдер абақтысының аты шығады (АЛЖИР)
* 1буын - қарт Адам,2 буын-тұрғылықты жер. Отан сөзінің синонимі (АТАМЕКЕН)
* 1 буын-алақан түю,2 буын-жеміс-жидек ордасы Ауыз әдетиетінің жанры
Екінші топ:
* 1 буын- <<құпияның>> синонимі,2 буын-сөйлеудің түрі. (Батыр есімі.СЫРЫМ)
* 1 буын - үй құсы,2 буын-үйсін билеушісінің титулы Ел билеген дана (ҚАЗЫБЕК))
* 1 буын-жәндік,2буын-күннің түсі .Хан қолбасшы (КЕНЕСАРЫ)
+ буын-етістіктің қаратпа сөзі,2 буын-орта жүз руы .Батыр әскербасы (ҚАРАКЕРЕЙ)
ҮІІ кезең <<Тарихтан хат>> деп аталады.Бұл сайыста әр топ тарихи оқиғадан алынған мәтіндегі тастап кеткен сөздерді тауып орнына жазу керек.

Отарлау саясаты.
Ресейдің Қазақ жерін( ) саясаты басқару жүйесін отарлаудан көрінді.ХҮІІІ ғ 80 жылдарында ( )мен ( ) Кіші жүзде
( )жоюға тырысты. 1781 ж Абылай өлімінен соң ( ) патша өкіметінің билігін мойындады. Сібір генерал-губернаторы ( ) басшылығымен ( ) жылы жасалған <<Сібір қырғыздары туралы жарғысы>> негізінде басқарудың ( ) әкімшілік жүйесін құрды.

(керекті сөздер:отарлау,Игельстром,Тевкелев,хандық билікті,Уәли,М:М.Сперанский ,1822,жаңа)
Абылай хан
( ) шын аты Әбілмансұр. Ол қазақтың сұлтаны Көркем ( ) ұлы.Жоңғар шапқыншылығы кезінде ( ) жасар бала.Ел арасына ( ) кетіп,өзінің ( )жасырып( ) болған.20-30 жылдары Әбілмансұр жоңғарларға қарсы шайқасқа қатысып( ) болған.Абылай хан 1755 жылы ( ) Жоңғарияны басып алуын мойындамай Әмірсанаға көмектеседі. ( ) қазақ жерін ( ) күш салды. 1771 жылы ( ) сайланды.

(керекті сөздер: Ханның,Уәлидің, 13, қашып, атын, Сабалақ, батыр, Қытайдың, Абылай,қорғауға, хан.)
Соңғы ҮІІІ кезең <<Тарихи тұлғаны таны>> деп аталады. Аты айтып тұрғандай мен тарихи тұлғаларға мінездеме беремін,сендер оның кім екенін табуларың керек. (Әр топ кезекпен жауап береді)
* Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы.Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған.Ол байларға жалшы болды,еңбекші халықтың тартқан қайғы қасіретін,ауыр тұрмысын көрді.1905-1907 ж орыстың 1- революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы күресіне қатысты.
(Амангелді Иманов)
2.Кеңес - Герман соғысында жасаған ерлігі баршаға аян.Ол алғашқылардың бірі болып,Берлинде Рейстагтың үстіне қызыл туды тікті.Ақмола облысындағы қыстақта дүниеге келген. (Рақымжан Қошқарбаев)
3. 2-дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері.Халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы.Туған жері Жамбыл облысы.Әскери міндетін өтеуге шақырылып,запастағы командир атағын алады. Қызыл Армия қатарында,түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
( Бауыржан Момышұлы)
4.Тәуке заңдар жинағын жасауға қатысқан,Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күрес ұйымдастырушылардың бірі. ХҮІІІ ғ 40 жылдары Абылайды жоңғар тұтқынынан құтқарған.Шешендігімен өз жауын жыққан,қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі. ( Қазыбек би)
5. Қатаң тәртіп орнатуда атасының саясатын жүргізген.Үш жүздің руларын саясаткер,дипломат хан ретінде бір ту астына жинаған,әскер санын 20 мыңға жеткізген адам. І Николай оның басын кесіп әкелгендерге бәйге жариялады. Оның сардарбегі Амангелдінің атасы Иман болды.(Кенесары хан)
6.Әз Жәнібектің ұлы.Оның тұсында Қазақ хандығының саяси ықпалы күшейіп,ірі қуатты хандыққа айналды.Оның тұсында қазақ саны 1 000 000-ға жетті. (Қасым хан)

Қай топ жеңгенін қорытындылап,мадақтау.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік - тірегім
Нені оқыту, қалай оқыту
Ата тәуелсіздік
Б. Майлин - Күлпаш жайлы ақпарат
Ерліктің асқақ өрені
Біз еліміздің ертеңіміз
А.Құнанбаев. Қыс
Тәуелсіздіктің тірегіміз
Оқушыларға логикалық сұрақ бересің
Тарихқа саяхат
Пәндер