Қазақ қоғамында қыз тәрбиесінің ұлттық дәстүрлері мен тәрбиелік рөлі

Айжан Садыкова,

Тасқұдық бастауыш мектебінің

мектепалды даярлық тәрбиешісі.

Алматы облысы Сарқан ауданы,

Бақалы ауылы.

Қыз өссе - елдің көркі

Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. Оны мынадай мақалдар мен даналық сөздерден де аңғаруға болады.

«Қыз - қылығымен тәтті. », «Қыз - қонақ», «Қыздың жолы жіңішке»,

«Қызға қырық жерден түю» - деген сияқты мақалдарда қыз баланың тәрбиесінің маңыздылығы туралы айтылғандай. Шынымен де, қыз баланың дүниеге келгеннен кейін жақсы тәрбие алып, бойжетуіне анасы көбірек көңіл бөледі, себебі қыздар өте нәзік, анасына бір табан жақын келеді.

Әлбетте, ата- ана үшін ұл болса да, қыз болса да дүниеге әкелген баласын -қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз қатарынан қалдырмай өсіріп жеткізу міндет. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Ал үш қызды дүниеге әкеліп, өсірген ана жұмақтың төріне барады деп айтады. Әрине қыз баланың тәрбиесі өте күрделі, әрі жауапты. Ертеде ата- бабамыз қыздарына әдемі әшекей бұйымдар салып, тағуының да өз мәнісі бар екен. Әшекей бұйымдар қыз баланың көркіне, әсемдігі мен нәзіктігіне өте жарасымды. Сонымен қатар, көз тимейді деп те ырым қылған. Салпылдаған қазақи ою- өрнекті сырғаның сылдырын естіртпей, ақырын басып жүруге сабырлы, нәзік, өте төзімді әрі мәдениетті де сыпайы болып өсуіне баулыған екен. Қазақ қыздарын болашақ ана, алдағы ұрпақ жалғастырушы халық қыздар мен бойжеткендер, апа - әжелерге үлкен құрметпен қараған. Сөйтіп, қыздарымыз - қылықты, ұлдарымыз - ұлықты болып өсе берсін, лайым.


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: мәдени мұра мен тәрбиелік рөлі
Қазақ қыздарының ұлттық қасиеттері мен тәрбиесінің негіздері
Қазақ ұлттық ойындарының денсаулыққа әсері және тәрбиелік рөлі
Қыз тәрбиесі: ана өнегесі мен ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні
Қыз тәрбиесі мен ұзату дәстүрлері: Қыз өріс, қыз қонақ тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: дәстүрлі рәсімдер мен тәрбиелік мәні
Қыз бен ұлды тәрбиелеуде ұлттық салт-дәстүр мен әдептің рөлі
Қазақ қоғамында бала ұғымы: жас ерекшеліктері, туған тәртібі және тәрбиелік дәстүрлер
Қазақтың ұлттық тағамдары: түрлері, дәстүрлері және тәрбиелік мәні
Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеудің технология пәніндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz