Әбілқайыр хандығы: құрылуы, территориясы және этникалық құрамы (7-сынып сабақ жоспары)

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы әкімдігінің
«№16 ЖОББМ» КММ,
тарих пәнінің мұғалімі
Бимакаева Раушан Жуматкызы
Қазақстан тарихы: 7А сыныбы (13. 01. 2015ж)
Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр хандығы
Сабақтың мақсаты: Ортағасырлық хандықтар туралы түсініктерін кеңейту. Тақырыпты меңгерумен қатар сыни ойлауға жетелеу. Оқушыларды коммуникативтік қарым - қатынасқа түсуге жетелеу, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру. Түйінді идеялар: Жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қолдана алуға үйрет
Ресурстар: Интерактивті тақта, слайд, карта, постерлер, түрлі-түсті маркерлер
Күтілетін нәтиже: Білімді өздері меңгеру, жоба қорғау, өз ойларын жеткізе білу қабілеті дамиды.
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Уақы
ты
Мұғалім бір тарихи сөз айтады, соны оқушылар
соңғы әрпінен келетін сөздермен жалғастырады.
Үй тапсырмасын сұрау: ХІҮ-ХҮІ ғ. ғ. Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір тақырыбы бойынша сұрақтар:
1. Ноғай Ордасының орталығы: (Сарайшық)
2. Ноғай Ордасының аты кімнің есімімен аталған: (Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен)
3. Ноғай Ордасын тағы қалай атаған: («маңғыт елі»)
4. Орданың іргесін қалаған кім: (Едіге)
5. Қай ханның кезінде жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шығады)
6. Тайбұғалықтар деген кімдер?
7. Ноғай Ордасының этникалық құрамын ата:
8. Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы:
9. Орыс патшасы ІІІ Иванмен өзара сауда қарым-қатынасын орнатқан хан: (Ибақ хан)
10. Батыс Сібір қай жылы Әбілқайыр ханның қарамағына өтті: (1428ж)
Оқушылар сағат тілі бойынша:
- Таңертеңгі сағат 9-дағы досымен Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы туралы жұп болып постер құрайды.
- Түскі сағат 12-дегі досымен кездесіп, Халқының этникалық құрамы туралы жұп болып постер құрайды.
- Әбілқайыр хандығының нығаюы және хандықтың әлсіреуі туралы жұп болып постер құрастырады.
Қорытынды:
Кешкі сағат 6-дағы досымен кездесіп, дайын постерлерді іріктейді. Неге таңдадыңдар? Не жазылғанын айтып қорғайды. Сағат алтыдағы досымен қолтықтасып галереяны аралаймыз. Түсінбей қалған жерлерін толықтырамыз, қараймыз.
Бағалау
Жиынтық бағалау