Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы

Тақырыбы: Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы

Мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікті бойына дарыту; бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру; мектеп пен отбасы қарым - қатынасын нығайту, татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата біледі, ата - ана орны ерекше екенін түсінеді, мектеп пен отбасы қарым - қатынасын нығайтып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасайды.

Деректер: плакаттар, суреттер, интерактивті тақта, А3 -фарматты қағаз, маркер, желім, шаңырақ, кереге т. б.

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал:

(Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнайды. )

Оқушылар шеңбер құрып, хормен айтады:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.

Топқа бөлу: ( мұғалім оқушыларға мақал - мәтел жазылған бетшелер таратады.

Оқушылар сол мақал - мәтелдер бойынша 3 топқа бөлінеді. Тақырыпты өздері табады)

І топ: Балам-балым,

баланың баласы -жаным.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

Бала - бауыр етің.

Бала, баланың ісі шала.

ІІ топ: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Ата - баланың қорғаны.

Атаға баланың алалығы жоқ.

Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.

ІІІ топ: (Аналар туралы төрт мақал)

Мұғалім сөзі:

Құрметті ұстаздар, тәрбиешілер, оқушылар бүгін Сіздер «Тәрбиенің тамаша мектебі -

отбасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Отбасы - мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар - ұяты, ой - өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.

Тәрбие - отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда ата - ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі бар. Олар - әлпештеген әке мен аялаған ана деп айтуға болады. Ата - ананы сыйлау, ата - бабаны, елді, ұстазды - өмірді құрметтеу деген сөз. Балаға білім мен тәрбие беретін басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушысы, демеушісі - тағы да ата-ана.

І. Көрініс:

Жақсы, олай болса көрініс тамашалайық. «Ана жүрегі қашанда дархан ғой, шіркін!»

Оқушылар жауабы тыңдалады . . .

ІІ. «Ертегі терапия» сайысы. Әрбір топқа сөздер жиынтығы беріледі. Осы сөздерді пайдалана отырып әңгіме құрастырады.

І топ: Әсел, сабақ, ренжіді, апай, дала, кешірім, дайындалмады, ескерту жасады.

ІІ топ: Тұрар әжей, дүкен, көмектесті, алғыс, тәрбие, Марат.

ІІІ топ: Батырбек ағай, үлкенді сыйлау, үздік оқушы, спорт, интернат, үйіміз.

Ән: . . .

ІІІ. «Жағдаяттық сұрақтар» Құпия хаттарға жауап беру.

І топ: Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе - көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайынба?

ІІ топ: Құрметті достар!

Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде өтіп бара жатқан үлкен кісілерді, ағай-апайларды артында жүріп мазақ етеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы, достар!

ІІІ топ: Құрметті достар!

Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем «сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек? (жауаптарын тыңдау)

ІҮ. Келесі кезекте көріністі тамашалайық: « Қарттар үйі»

Ү. Постер қорғау:

І топ: Қыздар тәрбиесі

ІІ топ Ұлдар тәрбиесі

ІІІ топ: Ата - әжелеріміздің ұлағатты сөздері

Ән: . . .

Қорытынды:

С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат

Тақырыбы: Тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы

Өткізген: Досыбай Назира

  • Жыңғылды -

Ұқсас жұмыстар
Қатысушы топ
Анаңа ауыр сөз айтпа
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар
Тақырып Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Баланың отбасындағы еңбек тәрбиесі
Отбасындағы балаңыздың еңбегі
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Баланың ата - анаға деген махаббатын ояту
Білім бастауы тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz