Жасөспірімдердің мінез-құлқында болатын өзгерістерге отбасының ықпалы

Жаңаөзен қаласындағы № 7 орта мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары

Каримова Гульфарам Хайдарқызы мамандығы: педагог-психолог

Жасөспірімдердің мінез-құлқында болатын өзгерістерге отбасының ықпалы.

Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару.

Мағжан Жұмабаев

Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп баян етілген.

Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы -жоғары адамгершілікті, ізгі ниетті, отансүйгіш, азаматтық, адамгершілік қасиеттерінің иесі. Саяси-мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қызмет етеді. Бұл бағдарлама -өскелең ұрпақты тәрбиелеуде насихаттау, азаматтылыққа, төзімділікке, рухани-өнегелікке және тұлғаның қалыптасуына оқушылар арасында туған жерге, Отанға деген патриотизмді қалыптастыруда негізгі стратегиялық бағыт ретінде мемлекеттік стандартталған жалпыға бірдей міндетті болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы»деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мін бермеуі де мүмкін. Біреу бағытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді - адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды.

Кейбір жасөспірім жастағылар өтпелі кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген.

Баланың жас ерекшелігі әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін -мұғалім. Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті - оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгерішілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.

Жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе азғындаған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренкенішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек:Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті деуге болады. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады.

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ата-ана - бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Ал, отбасында тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы, ата-аналардың зиянды әдеттерге әуестенуі баланың нәзік әрі сезімтал психологиясына кері әсер етеді. Аталған жағдайлардың салдары нәтижесінде баланың бойында агрессивті мінез-құлқының бастамалары мен оның мінез-құлқының жалпы өзгерісі пайда болады. Баланың агрессивті мінез-құлқы мектепте оның мұғаліммен қарым-қатынасында ерекше көрініс береді. Осы мәселе дер кезінде шешіліп, бала мен ата-анаға арнайы профилактикалық кеңес берілмесе, бұл баланың құқық бұзушылыққа бейім мінез-құлқын тудырады. Мектептегі профилактикалық кеңес жұмысы мектепішілік жиналыстар мен кезектен тыс отырыстарында, мектеп психологымен бірлікте жүзеге асырылатын тренингтер арқылы ұйымдастырылады. Агрессивті оқушы мектепте мұғалімге қарсы сөйлеп, тәртіпке бағынбай кетеді. Сол ретте мектепте профилактикалық кеңес отырысын өткізіп, оған мектепішілік инспекторларын шақырып, оқушылардың тәртібі сараланып, ата-аналарына кеңес беріліп, нақты шешім қабылданып тұрады.

Баланың бойындағы өзгеруші мінез-құлықты діни экстремисттік топтар өкілдері жедел байқауға бейім. Бала бойындағы өзгерістер оның іс-қимылының баялауынан, ойға берілуінен көрінеді, яғни тұлғаның әлсіз тұстары көрінеді. Діни экстремисттік топ өкілдерінің жұмысы өте күшті психологиялық күшке ие және ол алдын ала ұйымдастырылған схема бойынша әрекет етеді. Баланың әлсіз тұсы мен оған не қажет екені анықталған соң, діни экстремисттік топ өкілдері оған лицензиясы жоқ, адамды суицидтік мінез-құлыққа, түрлі дәстүрлі емес діни ағымдарға итермелейтін сайттарға кіруді ұсынады. Ал, бұл сайттардың баланың қалыптасушы психологиясына орасан зор зиянын келтіреді. Діни экстеризмнің алдын алу және жасөспірімдерге діни салауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің кестесі бойынша Теңге кентінің имамы маманбаев Қайрат, қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Жакешова Таңсұлу, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Машқұлов Жақсылық оқушыларға басқа діни ағымдардың шырмауына ілінбеу, имандылық тәрбие, дәстүрлі дінді насихаттау мәселелері бойынша әңгіме -кеңес жүргізді.

Бар адам да үйден бастау алатын осы кішкене соқпақпен жүріп, үлкен жолын табады. Баланы мектепке сілтеп тастаған ата-аналар қатты қателеседі. өз бөбегіңіздің іңгәсін есіткен сәтіңізден бастап, сіздің алдыңызға нәзік те, өте жауапты қоғамдық қызметіңіз басталады. Отбасылық өмірдің басты мәні де, негізгі мақсаты да жасөспірімдерге дұрыс тәрбие беру. Бала тәрбиесіне жеке адам, мектеп, ата-ана ғана емес, көше, қоршаған орта да үлкен ықпал етеді. Баланы жастайынан қалай тәрбиелесің, солай болып өсетіні белгілі. «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген атам қазақ айтып кеткен сөзді естен шығармай, есте сақтап, шығармаған жөн.

Оқушылар арасында тәртіпсіздік пен қылмыстың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу маңызды болып табылады. Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының Ювенальды полиция бөлімшесінің аға инспекторы Б. Елемесов, мектепішілік инспектор Ғ. Курбановпен кездесу жиналысында оқушыларғады қылмыстық кодекстің баптарымен таныстыру, өз құқығын білу, оқушылардың міндеттері, оқушылар арасында бір-бірін қорқытып ақша талап ету, ұру-соғу фактілерінің алдын алу шаралары туралы айтылды.


Ұқсас жұмыстар
Рухани адамгершілік құндылықтарды меңгерту
Зейінді тудырып отыру керек, балаларда ырықты зейін
Девиантты мінез - құлықты оқушыларды анықтау мен зерделеу проблемаларын шешу жолдары
Жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі жоба
Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері
Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!
Жеткіншек ұрпаққа тәрбие беру мәселелері
Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе қиын балалар
Отбасы тәрбиесінің айрықша құбылыстары
Мектеп ұжымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz