Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

"көңілді тапқырлар" сайысы



Гүлдана Қабан

МАТЕМАТИКА
Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта
мектебі.
Сабақтың тақырыбы: “Көңілді тапқырлар” сайысы.

Мақсаты: Халқымыздың мәдени өмірінің мұраларын пайдалану.
Халықымыздың дәстүрімен байланыстырып ауыз әдебиет үлгілерін
пайдалану арқылы жарыс түрінде оқушылардың логикалық ойлауын
шыңдау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушының танымдық қабілеттерін дамыта
отырып, математикалық біліктерін ауызша және жазбаша есептеу
дағыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Қазіргі заманға сай бейімделген, санасында жаңа
рухани түйсік қалыптасқан. Алға қойған мақсаттарына жетуге,
шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: жарыс, сұрақ-жауап, викториналық сұрақтар,
көңілді тапқырлар, жұмбақтар, мақалдар,
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту.
I. Кім тез?
Теңдеу
Х+20 =40 90-С = 50
Амалдардың жақшаларын нәтиже шығатындай етіп қой.
4+2 • 3 =18
11-8• 6 =18
6 • 7-4 =18
II. Викториналық сұрақтар
1. Жұмыртқа 8 минутта піседі 10 жұмыртқа неше минутта
піседі?
2. 5 кг темір мен 5 кг мақтаның қайсысы ауыр?
3. Алты қоян он үш тауық барлығы?
4. 5 себет, әр себетте 10 алма барлығы қанша алма?
5. Бір жігіт ақсақалға нешедесіз ?–деп сұрайды. Ақсақал
сонда
4 жылқы деу арқылы 4 мүшел толғандығын айтты тоқты
деу арқылы 2 жас
қос деді. Сонда ақсақалдың жасы нешеде?
6. 3 пар ат сегіз шақырымға шапса, 1 ат нее шақырым
жер шабады?
7. 1, 2, 3, .........99 сандарында 6 цифры неше рет
кесдеседі?
8. Сегіз адам кездесіп, бір-бірімен қол алысты.
Олар барлығы неше рет қол алысқан?
III. Көңілді тапқырлар
Қажетті әріптерді немесе сөзді тап. (олар барлық жерде
бірдей)
Талды ( ......)
(......) төбе
Жаңа (......)
(......) бек
Еліңе (......) бол.
Қажетті сөзді немесе әріптерді тап. (олар барлық жерде
бірдей),оларды топтарға бөл.
Ақ (...), Ұлы (...) Көкше ( ...)
Темір (...), Ала (...),
Бірінші сөздің соңы екінші сөздің басы. Сөздерді анықта.
(Адам дене мүшесі)
Нарын (...) ғап.
Елдімекен атының соңғы буыны ( үш әріптен тұратын) мен
лауазым атының алғашқы буыны бірдей. Сол буынды тап.
Алға (...) тық

Қоян, тауық он сегіз,
Аяқтары қырық сегіз,
Тауықта бар екі аяқ
Қоянда бар төрт аяқСонда қанша тауық бар
Сонда қанша қоян бар.
IV. Жұмбақтар
Дарияның ортасында бір құс отыр,
Құйрығы дарияның жағасында.
( Ожау)
Жайған жастық сөгілді,
Бір мамық төгілді.
( Қар )
Мың назалы жалғыз батыр.
Жауларына алғызбай жатыр.
( Кірпі )
Екі құлағы бар.
Бір бұлағы бар.
( самауыр )
Байлаулы екі аяғым,
Қолымда екі таяғым.
( Шаңғышы

V. Мақал- мәтелдер.
Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырар
Бір теңге бие болмайды
Екі теңге түйе болмайды

Екі аяқтыда бажа тату
Төрт аяқтыда бота тату.

Тоғыз қабат торқадан,
Тоқтышағымның терісі артық.

Төрт түліктің төресін
Түйе дейді

Жігіт бір сырлы,
Сегіз қырылы болсын

Жігітің құны жүз жылқы.
Ары мың жылқы,
VI. Қорытынды.
Ең үлкен бір таңбалы санды, ең кіші бір таңбалы санды
және ең кіші бір таңбалы натурал санды жаз.

1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысының мәнін тап
Кім жылдам?


Ұқсас жұмыстар
"көңілді тапқырлар" сайыс сабақ
Сайыстың көрнекіліктері
Өрік ағашының жапырағы
Молекула тобына аралған сұрақтар
Алғырлар тобына
Математика. Тапқырлар сайысы
Ойнайық та, ойлайық ( сыныптан тыс )
Жанұя және математика
Көңілді тапқырлар сайысы жайлы ақпарат
Тапқырлар сайысы
Пәндер