7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Пысықтауыштық қатынас

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың барысы: : I. Қызығушылықты ояту II. Мағынаны тану III. Ойтолғаныс
1-ден 3-ке дейін санау арқылы ҰОС-на қатысқан ардагер ақын-жазушылардың атындағы 3 топ құру.
Топбасшыларға жұлдызша тарату.
Әр топ бірлесе өз тобының атын және топбасшысын таңдады.
І топ: Қасым Аманжолов
ІІ топ: Бауыржан Момышұлы
ІІІ топ: Баубек Бұлқышев
Әр топбасшы топ мүшелерінің жауабына қарай жұлдызша беріп отырады.
Мағынаны та ну Ойқозғау
Анықтаманы айқындауға бағыттау
-Пысықтауыш сөзін естігенде қандай ұғымдар ойға оралады?
Жаңа сабақты слайдтағы сөйлемдер арқылы ашу:
* . . . Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
*«Бөлтірік көзін ауылға келген соң екі күннен кейін ашты. Түн баласына Құрмаш қасына алып жатады. Бөлек жатады . . . »
- Пысықтауыштық қатынастар қандай сөз тіркестерінен болады?
Оқушы жауаптарын айтады:
Пысықтауыш-тұрлаусыз мүше;
Іс-қимылдың мекенін, мезгілін, себебі мен салдарын, амалын анықтайды.
Сөйлемдерді оқып, қай шығармадан және авторы кім екенін анықтап, пысықтауыш болатын сөз тіркесі түрлерін анықтайды.
*М. Мақатаев «Қара өлең»
*Мұхтар Әуезов «Көксерек»
- Меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен пысықтауыштық қатынаста жұмсалады да, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың мекенін, бағытын, мезгілін, себебін білдіріп тұрады. Басыңқы сыңардан бағыныңқы сыңарға қайда? қайдан? қайтіп? қалай? қашан? деген сұрақтар қойылады.
Бекіту жаттығулары
Топтық жұмыс
Карточкамен жұмыс
257- жаттығу -Өлеңде не туралы айтылған?
258- жаттығу
-Мәтін қай тақырыпта жазылған?
Әр топ атына сай постер жасау.
259- жаттығу
«Шежірелі сандықшамен» жұмыс
Мәнерлеп оқу. Сөз тіркесі түрлерін анықтау.
(- Батырлық туралы айтылған)
Оқу, мазмұнын анықтау. Бірыңғай мүшелерді табу. (-Мәтін ҰОС туралы айтылған)
Әр топ бірлесе отырып өз ақын-жазушыларының атына сай постер жасап, ол туралы мәлімет береді.
І бөлім: Сөйлем мүшелеріне талдау
ІІ бөлім:Б. Бұлқышев шығармасын ауызша талдау
Синтаксистік қатынастар және ҰОС туралы сұрақтарды сандықшадан алып, жауап береді.
Ойтолғаныс
Бейнежазба
«Еркін жазу»
«ҰОС жылдарында»
«Бейбіт күн орнасын әлемде»
Бейнежазбадан ҰОС туралы мәлімет алады.
Бейнежазбадан алған әсерлерін тақырып бойынша жазып, «автор орындығында» оқып береді.
Бағалау
Үй тапсырмасы
Формативті және жиынтық бағалау
Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар (168-бет)
Топбасшылар топ мүшелерінің нәтижесін анықтайды. Топтар «Бас бармақ» әдісімен бірін-бірі бағалайды.
Түртіп алу: Берілген сұрақтарға жауапты анықтама дәптеріне жазып, дайындалады.
Пән мұғалімі: Жорабекова С. Ж.
Тексерген: Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары СеврюковаВ. А.