Сәби болғым келеді

Күні: 09. 02. 2015.

Тақырыбы: Сәби болғым келеді, сәби болғым

Мақсаты: 1) М. Мақатаевтың өмір жолымен, балалық шағымен қысқаша таныстыру

2) Өлең - жырларды мәнерлеп оқуға, айтуға дағдыландыру.

3) Ақынның ойшыл - парасаттылығын әңгімелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, репродуктивті

Көрнекілігі: Суреттер.

Түрі: Ертеңгілік

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе:

Ақниет: М. Мақатаев ( 1931 - 1976) Алматы облысының Райымбек ауданында Қарасазда Хантәңірі тауының баурайында туып өсті. Балалық кезі

Отан соғысына тұспа - тұс келеді.

Мұқағали ақиық ақын. Ол кісі бала кезінен - ақ өлең жаза бастапты.

Біз бұл атамызбен мектепке келген күннен бастап таныспыз. Ілім білімнің бастау, бұлағы көзі Әліппені не деп жырға қосты?

Ержанат: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың

Ұлпан: Аяз ұрған ақпанда

Аунайықшы ақ қарға

Қайтайықшы бір барып

Қайран бала шақтарға - дегендей атамыздың бала кезінен білгендерімізді

ортаға салайық. Мұқағали атамыз балаларды хан тұтып, өте жақсы көрді және балалық шақ бал дәуренін жиі еске алатын. Сондықтан да «Сәби болғым келеді » өлеңін жазып бүлдіршін болған кезін аңсап өткен.

Ән: «Сәби болғым келеді » Ақниет

Данияр: Мен таулықпын

Мен таулықпын

Таудан мен жаратылғам

Бұлт бүркеніп жай отын ала туғам

Күн алғашқы сәулесін маған шашты

Маған келіп түнейді қара тұман

Тау ұлымын, тау менің дәу бесігім

Мен оның әуресімін сәулесімін

Асқар шыңдар желпиді бесігімді

Бір орамын ағытып сәлдесінің

Ән: Мектебім - айтар әнім

Наз: Мұқағали өзі де 10 - 11 жасында өлең жаза бастапты. Өлеңдері көбнесе асқар таудай әкесіне арналады сағынышын білдіреді.

Абылай: Мен қасқа атпен тепеңдеп желемін кеп

Ойлаушы едім артыңнан еремін деп

Қанша жүрсем жан әкем жеткізбейсің

Атанып - ең майданнан келемін - деп

Айгерім: Өлең деген әкежан, өлең деген

Өлеңдесе құлағым өлеңдеген

Күнде күтем сарғайып түнде күтем

Жауды жеңіп, батыр боп келем - деп ең

Әліби: Тауға шығып ойнаймын жуа аламын

Қолында аласы жоқ дуанамын

Көңілім шат көркімді нұр ойнатып

Қашан мен әкем келіп қуанамын

Бірте - бірте осындай өлеңдері қалың дәптерге айналады.

Айым: «Он жастамын »

Онда мен он жастамын, он жастамын

Соғыспай-ақ сұрапыл жол басқамын

Атаңнан қалып қалған мұраңды мен

Әжеңмен бірге жүріп қорғасқанмын

Жерді жыртып тоңды ашқанмын

Солай менің басталды жол дастаным

Ұлпан: Мұқағалидың өмір баяны өлеңдерін де өмір оны ерте есейтті. Мұқағали балаларға деген сүйіспеншілігін білдіріп бірсыпыра өлеңдер жазған. Балалық шақтың бал қызығын сағыныш сырындай шертеді. Осындай өлеңдерінің бірі « Бәсіре »

Аружан: Жылқышы атам қамқоршы асыл еді

Әкелді де ерттеді бәсірені

Үзеңгімді тең теуіп орныққанша

Бәсірені құлақтан басып берді

Әлия: Асау тай мөңкитұғын көрінбеді

Тебінбеді немесе шегінбеді

Атам тайдың қоя беріп

Тізгін шылбыр ұстатып «Тебін » деді

У. Дулат: Сарт еткізіп мама ағашты

Әзер тұрған асау тай ала қашты

Бір тентектің үстінде бір тентек бар

Екі тентек әй-әй кеп жағаласты.

Ж. Дулат: Құлаймын - ау деген бір қауыппенен

Шауып келем ызғытып, шауып келем

Атам таққан құйысқан түсіп қапты - ау

Әттеген - ай қай жерден тауып берем

Наз: Н. Тілендиев Мұқағалидың көптеген жырларына ән жазды. Оның ішінде балаларға арналған «Көгершіндер әні », Қырқыншы жылдар «Бесік жыры », «Құттықтаймын мама туған күніңмен », «Сәби болңым келеді ».

Томирис: Қысқа ғұмыр кешсе де мінезі бала

Мұқағали ата бал дәуренін аса бір

Ілтипатпен есіне алады

Дияр: Қоңырау күлкім айналам

Қошақандарым ойнаған

Сәнді шағымды жайнаған

Сәби кезімді ойға алам

Н. Әли: Балғын ем мен де ақ бала

Орнатқан мен де аққала

Ырзамын бала шаққа да

Ырзамын бола шаққа да

Маржан: Бала дәурен өтті ғой құйындаған

Балы мен шекері бұйырмаған

Өзін - өзі 10 жастар қорғамаса

Өзгелерді қорғауы қиын балам

Шұға: Сезілген сөзінен

Мінезі жайдарман

Өмірдің өзі ол

Өлеңге айналған.

Б. Әли: Құрметтеп елі оны

Өшірмес санадан

Өлеңі өйткені

Аумайды анадан

Аумайды ағадан

Аумайды баладан

Аумайды даладан

Ақниет: Шеше сен бақыттысың, жыламағын

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Мен едім тәңіріңнен сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын

Бармын ғой, тірімін ғой, қасыңдамын

Өлмеймін, мен де өзіңдей асылданмын!

Таусылып өз - өзіңнен шашылмағын

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып тозбасыма

Екі жыр жазсам саған, бірін арнап

« Шеше » деп жаздым ылғи сөз басына

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазам сенің есіміңді

Ана, сен бақыттысың тербете бер,

Иілген құба талдан бесігімді.

Ұлпан: Ең бірінші бақытым- Халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тілімнен тілімдедім

Кей - кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?

Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.

Томирис: Түтін түтет, өс - өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер

Жадыңда ұста, жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Қорытынды:

Аружан: Кірпікке кір жуытпай құндақтаған

Мыны өмір, мына дәуір қымбат маған

Бұл ғасыр сірә менің жүрегім - ау

Танысын қыбыр етпей тыңдап бағам.

Мына дәуір менікі, мына ғасыр

Минут сайын керемет ұлан - асыр

Мәңгілікке ғасырың бара жатса

Бірге кетпей қалайша тұра аласың

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім

Ұлпан:М. Мақатаев - қазақ халқының Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр кешеніндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі. М. Мақатаев

халықты қалай сүйсе, халықта оны солай сүйеді.

Мұқағали атамыз туралы, ақындық өнері туралы, балалық шағы туралы мәлімет алдық. Халқымыздың тіл өнерін, сөз қудіреті, ақындық өнеріне биік шыңға көтеріп кеткен атамызды еске ала отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Сыныбы 2 «а»
Математика
: 1
Сыныбы 2 «а»: Сабақтың тақырыбы
Математика: Қайталау. Есептер шығару
: 2
Сыныбы 2 «а»: Жалпы мақсаты
Математика:
  1. Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептер бойынша алған білімдерін пысықтау.
  2. Ойлау, есте сақтау, танымдық қабілеттерін дамыту.
  3. Ынтымақтастыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
: 3
Сыныбы 2 «а»: Күтілетін нәтиже
Математика: Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыланады. Өз беттерінше есеп шығаруға талпынады. Қосу мен азайтуды өмірде керекті жағдайларға қолдана білуге ұмтылады.
: 4
Сыныбы 2 «а»: Сабақ түрі
Математика: Пысықтау сабақ
: 5
Сыныбы 2 «а»: Әдісі
Математика: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлау.
:
Сыныбы 2 «а»: Көрнекілігі
Математика: Қима қағаздар, суреттер.
: 6
Сыныбы 2 «а»: Орындалатын жаттығулар
Математика:

Психологиялық ахуал;

Математикалық диктант;

Есептер шығару;

Қызықты жаттығулар;

Қорытынды;

Рефлексия;

Бағалау.

: 7
Сыныбы 2 «а»: Сабақ кезеңдері
Математика:

Мативациялық бағдарлау кезеңі;

Орындаушылық кезеңі;

Рефлексиялық- бағалау кезеңі.

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Ресурстар
Сабақ кезеңдері:

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс- әрекеті:

Психологиялық ахуал

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын

“Ғылымдар патшасы” боп дараланып Математика қызығына тоймайтұғын, -деп математика сабағын бастайық !

Оқушының іс- әрекеті: Ынтымақтастық, атмосфера қалыптастыру
Ресурстар:
Сабақ кезеңдері: Топқа бөлу
Мұғалімнің іс- әрекеті:

1- топ. “Зерде” Ой арманын кешеміз, Ақылды боп өсеміз. Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз.

2-топ. “Зеректер” Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену.

3-топ. “Қырандар” Математика сабағын, Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі боп сананың, Мәнінен ой табамыз.

Оқушының іс- әрекеті:
Ресурстар:
Сабақ кезеңдері: Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғау.
Мұғалімнің іс- әрекеті:

Математикалық диктант.

Мыналардан тұратын сандарды жаз

1 онд. 5бірл

2онд. 3 бірл

5 онд. 2 бірл 7 онд. 8 бірл

8 онд. 1 бірл

6 онд. 0 бірл

Оқушының іс- әрекеті: Оқушылар ауызша айтылған сандарды жазады.
Ресурстар:
Сабақ кезеңдері: Есептер шығару
Мұғалімнің іс- әрекеті:

1-топ. Саяжайдан 30кг қияр және 20кг қызанақ жиналды. Саяжайдан барлығы неше кг көкеніс жиналды ?

Ш: 30+20= 50

Ж: 50 кг көкеніс.

2-топ. Саяжайдан 50 кг қызанақ және қияр жиналды. Қияр 30 кг. Неше кг қызанақ жиналды ? Ш: 50-30=20 Ж: 20 кг қызанақ.

3-топ

Саяжайдан 50кг қызанақ және қияр жиналды. Қызанақ 20кг. Неше кг қияр жиналды? Ш: 50-20= 30 Ж: 30 кг қияр.

Оқушының іс- әрекеті: Әр топ өздеріне берілген тапсырманы бірлесіп орындап, жауабын тақтаға жазады.
Ресурстар: Оқулық
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс- әрекеті: №3 Есеп шартын, сұрағын, шешуін, жауабын құрады, дәлелдейді, сыни тұрғыда ойлайды.
Оқушының іс- әрекеті: Оқушылар №3 есепті орындайды.
Ресурстар: Оқулық
Сабақ кезеңдері: Теңдеуді шешу
Мұғалімнің іс- әрекеті:

№4

8+х= 60; х-8=52; 60-х=8;

Оқушының іс- әрекеті:
Ресурстар: Оқулық
Сабақ кезеңдері: Сергіту сәті
Мұғалімнің іс- әрекеті:
Оқушының іс- әрекеті:
Ресурстар:
Сабақ кезеңдері: Мысалдар шғару
Мұғалімнің іс- әрекеті:

№6

50-4꞊46 35-5꞊30 71-8꞊63

40+(4+7) ꞊51 50-(6+9) ꞊35 25-(12-5) ꞊18

61+9꞊70 35+9꞊44 65+6꞊71

Оқушының іс- әрекеті: Әр топ өздеріне берілген мысалды өздері орындайды.
Ресурстар: Оқулық
Сабақ кезеңдері: Қызықты жаттығулар
Мұғалімнің іс- әрекеті:

1. Балапанға көмектес.

1 т. (6 6) =2

2 т. (11 5) = 6

3т. (9 6 ) = 3

2. Сандарды қалай тез қосуға болады ?

3. Кел ойнайық !

Оқушының іс- әрекеті:
Ресурстар:
Сабақ кезеңдері: Рефлексия
Мұғалімнің іс- әрекеті: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері туралы өз ойларын жазады.
Оқушының іс- әрекеті: Кері байланыс өз ойларын жазу.
Ресурстар: Стикер
Сабақ кезеңдері: Бағалау
Мұғалімнің іс- әрекеті: Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау, жұлдызшалар тарату.
Оқушының іс- әрекеті:
Ресурстар:
Сабақ кезеңдері: Үйге тапсырма
Мұғалімнің іс- әрекеті: №2. 136- бет.
Оқушының іс- әрекеті:
Ресурстар:

Ұқсас жұмыстар
Туған жылың
Қалау рай, қалау райдың мағынасы
Сүйемін, өскен Отаным
М.Мақатаев Мен таулықпын
М. Мақатаев үш бақытым жайлы ақпарат
35 күз, 35 қыс, 35 жаз
Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия
Н. Сералиев Аңсау әңгімесінің кейіпкерлеріне талдау
Қара өлең қасиетіңнен айналайын
Таза бұлақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz