Қосындыны санға әртүрлі тәсілдермен бөлу: өтілген материалды бекіту (3-сынып, математика)

Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту. «Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлу»

Мақсаты: қосындыны санға бөлу әдісі туралы білімдерін бекіту; зерделенген түрдегі тапсырмаларды шешуді үйренуді бекіту.

Пәндік нәтиже: Оқушылар қосындыны санға бөлу ережесін үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, алмұрт ағашы қағаздан, сиқырлы хаттар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтын әдісі: түсіндіру, талдау, топтық жұмыс, сәйкестендіру.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

А) Сәлемдесу (оқушылар ортаға шығады) .

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Бейсенбі күніміз,
Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағамыз,
Кілең бестік болсын.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ.

№1. Осы сандармен теңдіктер төрттігін құр :(тақтада алмұрт өсіп тұрған алмұрт ағашынан әр оқушы алмұрт таңдап алады да, тақтада орындайды)

1-оқушы 2-оқушы

72 , 9, 8 48 , 8, 6

3-оқушы 4-оқушы

12, 3, 4 56 , 7, 8

№2. Көрсетілген сан шығатындай өрнектер құрастыр :(орындарында орындайды)

  • Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика қызықты тоймайтұғын- дей келесі тапсрымаға көшейік.

№3. Оқулықпен жұмыс. Есептеу тәсілдерінің бірімен шығар.

  • Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді сендерді

Математика сырына- дегендей, енді балалар ортаға шығып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті (бейнебаян музыкалық балалар презентациядан қарап қайталау) .

ІІІ. Өткенді қайталау.

№4. Ауызша түсіндіріп отырып шығар (тақтаға бір-бір оқушыдан келіп үстелден билеттер алып соларды тақтада орындайды) .

1-оқушы 2-оқушы

24:2 66:3

66:6 93:3

3-оқушы 4-оқушы

330:3 46:2

93:3 640:2

  • Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың болар табылатын қасыңнан.

«Рас па?» ойыны:

1. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне немесе енін ұзындығына көбейтеміз рас па?

2. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз рас па?

3. Азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосамыз рас па?

4. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді рас па?

5. Көбейтуді бөлу амалы арқылы тексереміз рас па?

6. Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығына енін қосамыз рас па?

7. Әріпті өрнектің мәнін таба алмаймыз рас па?

8. Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлуге болады рас па?

9. Санды 10-ға көбейткенде оған оң жақтан бір нөл жалғанады рас па?

10. Санды 100-ге көбейткенде оған оң жақтан екі нөл жалғанады рас па?

№5. « Кім тапқыр» ойыны. (балалар тақтадағы «кім тапқыр» конвертінен тапсырмаларды алып, тақтада орындайды)

1-0қушы 2-оқушы

600-462 457+349

605-309 132+765

3-оқушы 4-оқушы

108+673 709-408

409+379 852-713

«Санды тап» ойыны:

  • Мен бір сан ойладым, егер оны 5-ке көбейтсем 25 шығады.
  • Мен бір сан ойладым, егер оны 3-ке көбейтсем 27 шығады.
  • Мен бір сан ойладым, егер оны 4-ке көбейтсем 32 шығады.
  • Мен бір сан ойладым, егер оны 7-ге көбейтсем 56 шығады.

№6. Есепті шығар. (оқулықпен жұмыс)

І-орамда- 128м

ІІ-орамда-? одан 45м артық

Ш: 128+45=173

128+173=301

Ж. 301м

ІV. Қорытынды.

Сәйкестендіру әдісі: (мұғалім оқушыларға А4 парағындағы сандарды таратып береді )

4х2 9х2

3х4 5х8

10х4 2х6

6х3 2х4

Үйге тапсырма: №6, №9 тапсырмалар 44 бет

C:\Users\1\Desktop\gulzhan_ashyk_sabak\Фото0647.jpg

C:\Users\1\Desktop\gulzhan_ashyk_sabak\IMG-20150228-WA0004000.jpg

C:\Users\1\Desktop\gulzhan_ashyk_sabak\IMG-20150228-WA0002.jpg

C:\Users\1\Desktop\gulzhan_ashyk_sabak\IMG-20150228-WA0008.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Шүкірлік негізгі мектебі

Тақырыбы: «Қосындыны санға әртүрлі тәсілмен бөлу. Өтілген материалды бекіту»

/аралас сабақ/

/математика, 3-сынып/

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Г. Д

2015жыл


Ұқсас жұмыстар
3-сынып математика сабағы: Қосындыны санға бөлу - әдістері мен бағалау
3-сынып математика сабақ жоспары: 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу және қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу тәсілдері: бастауыш сынып математика сабағының жоспары
3-сынып математика: Өтілген материалды бекіту - шамалар арасындағы байланыс, теңдеу құру және амалдар тәртібі
3-сынып математикасы: Қосындыны санға бөлу және көбейтудің қасиеттерін қолдану сайыс сабағы
3-сынып математикасы: Өтілген материалды бекіту және бір-екі амалдық есептер (Астанаға саяхат)
Қосындыны санға бөлу: жарыс түріндегі сабақтың әдістемелік жоспары
Қосындыны санға бөлу: сабақ жоспары мен оқыту әдістері
3-сынып математика: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу - сабақ жоспары
2-сынып математикасы: Өтілген материалды пысықтау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz