Сабақ жоспары :: Дене тәрбиесі
Файл қосу
Апталықтың ашылуы
«Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі Бакашева Румилям Шаймардановна
Апталықтың ашылуы
Тақырыбы: Спорт – денсаулық кепілі
Мақсаты: Дене шынықтыру және спорттың балалардың дене бітімінің дұрыс
жетілуі үшін маңызын түсіндіру. Оқушылардың шапшаңдық, күш, епшілік
қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, төзімділікке, батылдыққа,
икемділікке тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Зиянды
әдеттерден сақтануға шақыру.
Мазмұны:
1.Жүргізуші: Әр бір адам баласы күнделікте толып жатқан әрекеттермен әр
түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекеленген
мүшелерінің дұрыс қалыптасып өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Адамның
жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты Демек,
денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп,
шығармашылық қабілетін арттырады. Сондықтан әр бір бала жас кезінен бастап
ертеңгілік жаттығуларды жасап, күн режимін сақтап, денені таза ұстап, өз
денесін шынықтыруы және спортпен шұғылдануы және басқа зиянды әдеттерге жол
қоймауымыз керек.
Салауатты өмір салты-әдемі және жарқын өмір сүрудің белгісі.
1 оқушы: Балақай!
Болсаң да әлі қаршыдай,
Ойнау үшін шаршамай.
Оқу үшін мектепте,
Алу үшін тәбет те,
Құру үшін сен сауық-
Керек жақсы денсаулық.
2 оқушы:
Денсаулық-ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық ол жүруің,
Еш бір жерің ауырмай.
3 оқушы:
Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
4 оқушы:
«Басты байлық-денсаулық»,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
5 оқушы:
Ол үшін көп қозғалып,
Таза ауа жут көбірек.
Спортты да қолға алып,
Тамақтанғын уақытында
6 оқушы:
Болар барлық мүшең сау,
Жүрсе жылдар бойында.
Баяндалған осынау
Ережелер ойыңда.
7 оқушы:
Денсаулықты сақтауға,
Денсаулықты жақтауға.
Гигиена-тән таза,
Гигиена-сау ағза.
8 оқушы:
Жазда суда жүземіз,
Құмда күнге күйеміз.
Қыста қызып денеміз,
Коньки, шаңғы тебеміз.
9 оқушы:
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
«Денсаулықты» сақтаймыз.
10. Акробатикалық жаттығуларды 8 оқушы орындайды.
11. 4 оқушы (қыздар) Гимнастикалық элементтермен би.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz