Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Суретші қ.телжановтың шығармашылығымен танысу



Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,

Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің
7-
класс оқушысы Сақтаған Нұргүл.

Жетекшісі: Молбаев А.

Мәнжазба тақырыбы:Суретші Қ.Телжановтың

шығармашылығымен танысу.

Қазақстанның осы күнгі бейнелеу өнерінде СССР халық суретшісі Қанафия
Темірболатұлы Телжановтың шығармашылығы жетекші орындардың біріне ие.Ол
үлкен өнерге 50-ші жылдардың бас кезінде туысқан республикалардағы өз
әріптестерімен қатар келді де,советтік тақырыптың кескіндеу өнерінің жаңа
кезеңін орнықтыруға ат салысты.Туған халқының тағдыры мен тарихы туралы
философиялық ой толғау-Телжановтың шығармашылық дүние танымына тән
қасиет.Шебер суреткер өзінің көркемдік пайымдауларына замандастарымыздың
өмірінен алуан түрлі тақырып табады.
Қ.Т.Телжанов 1927 жылы Омбы қаласында туған.Оның өмір жолы оңай болған
жоқ,әкесінен жастай жетім қалды,қоршаудағы Ленинградта анасы қайтыс болды.
Ленинградтың мектеп оқушыларымен Киров облысына көшірілген ол интернатта
тәрбиеленеді,содан соң Алматыға келіп көркем сурет училищесін бітірді.1947
жылы ол Ленинградтың И.Е.Репин атындағы кескіндеу мүсіндеу және архитектура
институтының студенті болып М.И.Авилов шеберханасында сурет салу өнерімен
шұғылданған.
Телжанов институтта алған білімін өз еңбектерінде көрсетуге
талаптанады.Ол студент кезінде-ақ бірқатар шығармалар жазды Ол студент
кезінде-ақ бірқатар шығармалар жазды.
«Жайлауда» 1950, «Үгітші шопандар арасында» 1951, «Аманкелдінің қызыл
сарбаздары» 1952 жылдары Алматыда өткізілген көркем сурет көрмелерінде
қойылды.1953 жылы Телжанов «Аманкелді Иманов» деп аталатын шығармасымен
диплом қорғап,Алматыға қайтып оралды.Ол көркем сурет училищесінде сабақ
беріп,жемісті шығармашылық жұмыс істеді.Суреткер өз халқының тарихы мен осы
заманғы өмір шындығын терең зерттеуді,өз туындыларында Қазақстаннның
өткендегі қаһармандық өмірін,кезеңдерін бейнелеуді мақсат
тұтады.Телжановтың тұңғыш шығармашылық табысы оның «Жамал» атты (1956)
поэтикалық,аса тартымды туындысымен байланысты.Кешқұрым алау жанында ойға
шомылып отырған шопан қыздың лирикалық жарқын бейнесі арқылы Телжанов адам
болмысымен ортаның жарасымдылығын кейіпкер жан дүниесінің
тазалығын,айқындығын таңғажайып нәзіктікпен ашып көрсетеді.
Полотно тұтас бір тылсым тыныштыққа бөліп тұрғандай.Көкжиектің кең аумағы
және суретте соны қайталайтын композициялық сызықтар едәуір дәрежеде тепе-
тең үйлесімділікті танытарлықтай әсер туғызады.Жасыл және көгілдір
бояулардың үйлесімі шығарманың колориттік құрлымына арқау болған.Сол
үйлесімділіктен көктемгі дала көріністерін бейнелегенде сарғыш,жасыл түстен
көгілдір жасыл реңге жеңіл ауысады және тау жоталарының күлгін көгілдір
түстері нәзік иірімдер құрайды.
Бұл туындыдан поэтикалық бастау айрықша көрініс тапқан.Суретші күнбе-
күнгі тіршіліктен,өмірдің бір адамды табиғи ағымынан ғажайып сұлулықты
да,кемеңгер даналықты да көре білген.
Қанафия Телжанов қазақ халқы өнерінің нақты материалы негізінде
жастық,бақыт,қуаныш,махаббат жөніндегі мәңгілік тақырыптардың шешімін
табуға ұмтылады.оның бір мысалы «Қарлығаш» (1958) картинасы.Қос бұрымы
желкілдеп далада жүгіріп бара жатқан қыз көз алдында ұшып жүрген
қарлығаштарға ұқсайды.Телжанов көркем суреттің барлық құралдары арқылы
қыздың талша бойын кернеген өмірлік күйін,оның алаулаған албырт жастығын
бейнелеуге талпынған.Суретшінің көптеген туындыларындағы қалаулы
қаһармандар – егде әйелдер,балалар,жастар «Шопандар» 1962, «Құрбылар»
1966.Әдетте,бұл суреттердің сюжеттері көп сөзді емес.Алайда суретші әрдайым
жаңа бір өзіндік шешім таба біледі.Бұл қасиет көп іздену нәтижесінде қол
жеткізген,әсер туғызатын ұдайы сюжеттік,композициялық олжа деуге болады.
Телжановтың шығармалары оның көркемдік ізденістерінің сан қырлы
екенін,қажымас-талмас шығармашылық талпынысын,үнемі жаңашылдыққа
ұмтылатынын дәлелдейді.
Телжанов күрделі әлеуметтік мәселелерді көтеру арқылы тақырыптық суретті
байытты,қазіргі заманды бейнеледі.Оның өнері үлкен суреткердің,азаматтың
белсенділігін,шынайы сенімін танытады.

Қолданылған әдебиеттер: 1.Қанафия Телжанов. 1982 жыл.
2.Қазақ совет
энциклопедиясы.

Ұқсас жұмыстар
Топта оқушылар суретші
Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнері
Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту
Қадыр Мырзалиев Кәрі қыран
Әңгіменің мазмұнын баяндау
Қызыл сары
Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығы
Қ.Бекхожин Ақсақ Темір мен ақын
Қыздар шеберханасы жұмысымен танысу
Бейнелеу өнерінің бастауы
Пәндер