Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жігіт сұлтаны 2014 "сегіз қырлы бір сырлы" 7 сыныптар арасында
№21 орта мектеп
Тақырыбы: <<Сегіз қырлы, бір сырлы>>
7 сыныптар
Өткізген: 7 сынып жетекшілері
Жаңаөзен 2014 ж
Сабақтың тақырыбы: <<Сегіз қырлы, бір сырлы>> Сабақтың мақсаты:1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сайыс кезеңдеріСабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
7 <<А>> сынып жігіттері: Бердімұратов Азамат, Чопанбаев Оразалы
7 <<Ә>> сынып жігіттері: Амандықов Қайрат, Худжанов Қанат
7 <<Г>> сынып жігіттері: Өмірзақов Төлеміс, Избасаров Жарас
7 <<Ғ>> сынып жігіттері: Сағызбаев Ержан, Қожахметов Бегарыс
7 <<Д>> сынып жігіттері: Қалдыбаев Тахрат, Жұмақанов Саяуыш
1 - жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде <<Сегіз қырлы, бір сырлы>> атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші. Яғни бұл алда келе жатқан аналарымыздың, қыздарымыздың мерекесіне арналмақ.2 - жүргізуші:Нағыз кәусар жігітті, Нағыз қайсар жігітті, Нағыз бұлбұл жігітті, Нағыз дүлдүл жігітті, Анықтайтын кез келді!1 - жүргізуші:Уа, халайық, халайық,Мұнда назар салайық!Ата жолын жалғамақЕл дәстүрін қолдамақЕл намысын қорғамақ.Ұлдар шықсын ортаға,Бүгін сұлтан атанбақ!
Қайсысы әнші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І кезең <<Тегімді менің сұрасаң...>> өзін таныстыру.ІІ кезең <<Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес>> қол өнер сайысы.ІІІ кезең <<Кім тапқыр?>> салт дәстүрге байланысты сұрақ - жауап сайысы.
ІV кезең <<Ел іші, өнер кенші>> өз өнері ән, би, өлең, квн.V кезең <<Ақылына күші сай>> қол күресі сайысы.VІ кезең <<Кім жылдам?>> түрлі-түсті қағаздан гүл немесе басқа заттар жасау.2 - жүргізуші:Жігіт сұлтаны байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар! 1 - жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып бүгінгі сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар.2 - жүргізуші:Ақыл - көрік бойларында жетеді, Әлі талай сынақтардан өтеді. Мына отырған баршыңызды өзімен Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі <<Тегімді менің сұрасаң. . . >> деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді. Бағалау 5-1 ұпай аралығында.Өнер қуып жігіттер өтер деймін,Бір басына өнері жетер деймін.Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,Таныстырып өздерін өтер деймін.2 - жүргізуші:Таныс болдық жігіттер тегіменен Туып өскен мекені, еліменен. Бәрі де ақын көрінеді, Таныстырып кетті ғой төгіп өлең. Парасатты ер жігіт, Ақылымен әр іс біледі. Өнерің барда жігіттер, Тоқталып сірә, іркілме. Жұрт қарасын қызығып, <<Бәрекелді!>> деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың <<Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес>> бөлімін бастаймыз. Бағалау 5-1 ұпай аралығында.Ал кімнің өнері бар қаншалықты,Би билеп, ал біреуі ән салыпты.Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,Жігіттер аянбай - ақ жан салыпты.1 - жүргізуші:Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер, Келді кезек тапқырлықты танытар. Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей, Жүлде сенде, қуана бер, күлімде - деп <<Кім тапқыр?>> салт дәстүрге байланысты сұрақ - жауап сайысы. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай.Сұрақтар1. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)2. Түйе пірі? (Ойсылқара)
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? ( Көкпар, Қыз қуу, Алтыбақан т.б.)4. Қой пірі? (Шопан ата)
5.Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? ( домбыра, қобыз, сырнай т.б.)6. Сиыр пірі? (Зеңгібаба)
7.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (бесбармақ, қазы-қарта, бауырсақ т.б.)8. Жылқы пірі? (Қамбарата)
9. Қазақтың салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесер т.б)10. <<Кел, балалар,оқылық!>> өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақтың ұлттық мерекелерін ата? (наурыз, құрбан айт )
12. <<Ғылым таппай мақтанба>> өлеңінің авторы? (Абай Құнанбаев)
13.Қазақтың ұлы ақындарын ата? (Абай, Жамбыл, Шәкарім т.б.)
14. Бес арысты ата? (М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев)
15. Үш бәйтеректі ата? (С.Сейфуллин Б.Майлин І.Жансүгіров)
16. Қазақтың жыл басы? (22 - наурыз)
--------------------------------------------------------------------------------
17. Қазақ халқының биші қызы? (Шара Баймолдақызы Жиенқұлова
18. Қ.Р. <<Бөбек>> қорының төрайымы кім? (Сара Назарбаева)
19. Қазақтың әнші қыздарын ата? ( Роза Бағланова, Бибігул Төлегенова т.б)
20. Қазақтың ақын қызын ата? ( Фариза Оңғарсынова)
21. Қазақ балаларының ең алғаш ұстазы кім? (Ы. Алтынсарин)
22. Той мереке (мыс: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдар әзірлейді ол не деп аталады? (ұйқыашар)
23. Жігіттердің ұйқышардың қарымтасы ретінде қыздарға айна тарақ сыйлау салты? (селт еткізер)
24. Қыздарға ұсынылатын бағалы сыйлық? (Гүл)
2 - жүргізуші:Әй, ер жігіт, ер жігіт, Ей, өр жігіт, өр жігіт. Атыңа ерік бер, жігіт. Күшіңді көрсет, ер жігіт! - дей отырып, сайысымыздың <<Ақылына күші сай>> деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында <<Қол күресі>> өткізіледі.1 - жүргізуші. Мықты болсаң тығырықтан шыға біл Келді кезек тапқырлықты танытар Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей Жүлде сенде, қуана бер, күлімде - деп, соңғы кезеңіміз <<Кім жылдам?>> түрлі-түсті қағаздан гүл немесе басқа заттар жасау. Бұл қыздарымыздың мерекесіне деген арнау. 2 - жүргізуші: Осымен, <<Сегіз қырлы, бір сырлы>> атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы сөз кезегін береміз.1 - жүргізуші:Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ <<Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда>> демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.Қазыларға тек қана әділдікті,Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.2 - жүргізуші:<<Жүзден - жүйрік>> күшімен, <<Мыңнан - тұлпар>> шықты шың Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын! Құттықтайық ал енді Сұлтан болған баланы Өрге жүзіп өнері, Тауға өрлесін талабы. Қуанышты жанары, Шоқтай болып жанады.Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:
1 - жүргізуші:Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!
12
11
10
9
8
7
5
6
4
2
3
1
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz