«алтын қақпа» сыныптан тыс шара 5 сыныптар

№21 орта мектеп

Тақырыбы: «Алтын қақпа»

Сыныбы: 5 «А», 5 «Ә»

Тарих пәні мұғалімі: Таймаганбетова Г. У

Жаңаөзен 2014

Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа»

Сабақтың мақсат - міндеттері: Білімділігі:

Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін

пысықтау арқылы білімдерін қайталау.

Дамытушылығы: Оқушыларды өз ойларын ашық

айтуға, шапшандылыққа, топпен жұмыс жасау

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, оз тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Буклеттер, сызбалар, тест тапсырмалары, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, сызбалар толтыру, тест тапсырмасын орындау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

5 «А» сынып оқушылары «Батырлар» тобы.

5 «Ә» сынып оқушылары «Хандар» тобы.

Сабақтың кезеңдері:

І кезең «Тас қақпа»

ІІ кезең «Күміс қақпа»

ІІІ кезең «Алтын қақпа»

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі 5 - ші сыныптар арасында өткізілетін «Алтын қақпа» ойын сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әдәл - қазылар алқасын тағайындап алайық.

Ендеше сайысымызды бастаймыз.

І кезең «Тас қақпа»

Бұл кезеңде топтарға 5 сұрақтан беріледі. Топбасшы жауап береді. Егер топбасшы жауап бере алмаған жағдайда топ мүшелері жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І топ «Батырлар» тобының сұрақтары.

  1. Әйгілі қазақ билері қатысқан заң. (Жеті жарғы)
  2. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?(Б. з. б. ІІ ғасырдың соңы)
  3. Әлемнің екінші ұстазы кім?(Әл - Фараби)
  4. Қаланың қолөнершілері мен егіншілері тұратын бөлігі қалай аталды?(Шахристан)
  5. Монғол мемлекетін кім, қашан құрды?(1206 ж Шыңғыс хан)

ІІ топ «Хандар» тобының сұрақтары.

  1. Ханның мұрагері қалай атаған?(Сұлтан)
  2. «Дарабоз» атанған батыр кім?(Қабанбай)
  3. Орыс патшайымы Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бадандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды?(1731 ж)
  4. Абылай хан ресми түрде қай жылы хан сайланды?(1771 ж)
  5. Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс қай жылы өтті? (1837 - 1847 жж)

ІІ кезең «Күмыс қақпа»

Бұл кезеңде әрбір топ мүшелеріне кестелер үлестіріледі. Сол кестелерді толтырып, келесі топқа береді. Қарсылас топ дұрыс жауабын анықтап, бағасын береді. Кесте толық орындалса 5 ұпаймен бағаланады.

І топ «Батырлар» тобының кестелері.

Шоқан Уалиханов

Қай жылы, қай жерде дүниеге келген.
Қандай оқу орнын бітірген.
Қайда саяхат жасады.
Қандай құнды ғылыми мұра қалдырды.
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген.: 1835 жылы Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде
Қандай оқу орнын бітірген.: Сібір кадет корпусы
Қайда саяхат жасады.: Ыстықкөлге, Алатау қырғыздарна, Қашқарияға
Қандай құнды ғылыми мұра қалдырды.: «Манас» жыры

Абай Құнанбаев

Қай жылы, қай жерде дүниеге келген.
Қандай өлеңдерін білесіңдер.
Қанша қара сөзі бар.
Шығармаларында жастарды неге үндейді.
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген.: 1845 ж Семей облысы Абай ауданындағы Шыңғыстаудың баурайында
Қандай өлеңдерін білесіңдер.: Қыс, жаз, күз, Көзімнің қарасы, Ғылым таппай мақтанба
Қанша қара сөзі бар.: 50 ге жуық
Шығармаларында жастарды неге үндейді.: Өнер-білімге, ғылымға

Қабанбай батыр

Туған жері туған жылы
Шын есімі берілген аты
Көрсеткен ерлігі
Қайтыс болған жылы
Туған жері туған жылы: 1691 жылы туылған
Шын есімі берілген аты:

Ерасыл

«Дарабөз батыр»

Көрсеткен ерлігі: Ірі-ірі ұрыстарда қазақ қолын басқарып, бас сардарлық міндер атқарған
Қайтыс болған жылы: 1769 жылы

Абылай хан

Өмір сүрген жылдары.
Төле бидің қойған аты.
Жекпе - жекке шыққан қалмақ батыры.
Таққа отырған жылы.
Өмір сүрген жылдары.: 1711 - 1781 жж
Төле бидің қойған аты.: Сабалақ
Жекпе - жекке шыққан қалмақ батыры.: Шарышты
Таққа отырған жылы.: 1771 жылы

Баян батыр

Туған жері туған жылы
Шын есімі берілген аты
Көрсеткен ерлігі
Қайтыс болған жылы
Туған жері туған жылы: 1710 жылы
Шын есімі берілген аты: «Батыр Баян»
Көрсеткен ерлігі: Қазақ - жоңғар соғыстарында ерлік көрсенкен
Қайтыс болған жылы: 1757 жылы

ІІ топ «Хандар» тобының кестелері.

Бөгенбай батыр

Туған жері туған жылы
Шын есімі берілген аты
Көрсеткен ерлігі
Қайтыс болған жылы
Туған жері туған жылы: 1680 ж Түркістан өңірінде Бөкен өзенінің жағасында
Шын есімі берілген аты: «Алатаудай ақша батыр»
Көрсеткен ерлігі: Жаукершілік заманда 50 жылдан астам қазақ қолын бастады
Қайтыс болған жылы: 1778 жылы қайтыс болып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген

Ыбырай Алтынсарин

Қай жылы, қай жерде дүниеге келген.
Қандай оқу орнын бітірген.
Қандай еңбектер жазған.
Еңбектерінде жастарды неге үндейді.
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген.: 1841 жылы Қостанай облысының Торңай жерінде
Қандай оқу орнын бітірген.: Орынбор шекаралық коммиссиясы жанындағы мектеп
Қандай еңбектер жазған.: «Қазақ хрестоматиясы», «Кел, балалар оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар»
Еңбектерінде жастарды неге үндейді.: Отанын сүюге, адамгершілікке, тәлім-тәрбиеге

Қазақстан және Ресей

Тәуке ханның мирасқоры
Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші.
Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналатын жер.
Ресей бодандығын қабылдаған хан.
Тәуке ханның мирасқоры: Қайып хан
Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші.: Тевкелев
Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналатын жер.: Ордабасы
Ресей бодандығын қабылдаған хан.: Әбілқайыр хан

Наурызбай батыр

Туған жері туған жылы
Шын есімі берілген аты
Көрсеткен ерлігі
Қайтыс болған жылы
Туған жері туған жылы: 1706 ж Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер
Шын есімі берілген аты:
Көрсеткен ерлігі: Жоңгарлармен болған шайқас. Жетісу жерін 1750 жылы жаудан босатты
Қайтыс болған жылы: 1781 жылы

Қазақ билері

Әйгілі билер
Өмір сүрген жылдары
Қандай заң жинағын жасауға қатысты
Әйгілі билер:

Төле би - төбе би

Қаз дауысты Қазыбек би

Әйтеке би Байбекұлы

Өмір сүрген жылдары:

1663-1756 жж

1667-1764 жж

1682-1766 жж

Қандай заң жинағын жасауға қатысты: «Жеті жарғы»

ІІІ кезең «Алтын қақпа»

Бұл кезеңде топтарға тест тапсырмалары беріледі. 10 тесттен құралған тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Тестті орындап болған соң қарсы топқа береді, олар дұрыс жауаптарын анықтап бағасын береді. 10, 9 дұрыс болса 5 ұпай, 8, 7, 6 дұрыс болса 4 ұпай, 5, 4, 3 дұрыс болса 3 үпай ал 2, 1 дұрыс болса 2 ұпай береді.

І топ «Батырлар» тобының тест тапсырмалары.

  1. Жазба тарихтың негізін салушы

а/ Алаша хан

ә/ Геродот +

б/ Рашид ад-Дин

в/ Әл-Фараби

  1. Халықтардың тұрмыс - тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы

а/ археология

ә/ этнография +

б/ антропология

в/ топонимика

  1. Ежелгі түріктер қандай жазуды пайдаланды

а/ ұйғыр жазуы

ә/ сына жазуы +

б/ иероглиф

в/ пиктография

  1. Дүние жүзнде қанша этнос бар

а/ 200

ә/ 470

б/ 1200

в/ 3000 +

  1. Көне замандарда құжаттарды қайда сақталады

а/ театрда

ә/ мұрағатта +

б/ баспада

в/ мектепте

  1. Жыл санауды алғаш кімдер ойлап таптты

а/ қазақтар

ә/ египеттіктер +

б/ римдіктер


Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі білім - ертеңгі болашағымыз
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы
Математика, физика және информатика апталығы
Өсімдіктер тұқымдасы
Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы
"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып
Менің елім - Қазақстан
Үшінші тур
Сабақтардың тақырыптары
Топ басшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz