10-ға дейінгі кестелік қосу бойынша сайыс сабағы - ойлау, есептеу және топтық ынтымақтастықты дамыту

Сабақтың тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған

білімдерін, санды өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару,

берілген есепке кері есептер құрастыру дағдыларын бекіту.

Оқушылардың қызығушылығын ояту, білім-білік, таным

әрекеттерін артттыру.

2. Оқушылардың ой - өрісін, есептеу шапшандығын,

шығармашылық,

логикалық, есте сақтау қабілеттерін жан-жақты дамыту.

3. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Әдіс-тәсілі: Талдау, жинақтау, өз бетінше жұмыс жасау, дидактикалық ойын.

Көрнекілігі: Қима қағаздар, үлестірмелі кеспелер, ойын атрибуттары т. б.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақққа даярлық, оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.

Ертегілер әуені ойналады. (Сынып төрінде «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары, яғни оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады) .

Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің біржағында «Күн» елі, Бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.

«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.

Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Математика» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.

1- оқымысты: - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.

2- оқымысты: - Оның дұрыс-ақ, әріптес. Олардың балалары жақында математика ғылымымен танысыпты. Ендеше, сол ғылымды меңгеру барысындағы білімдерін сайыс арқылы салыстырайық.

1- оқымысты: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа жаны жақын.

2- оқымысты: - Жарайды, сайыс «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.

1- оқымысты: - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Бүгін математикадан сайыс жерде болады.

2- оқымысты: - Уа, «Бұлт» елі математикадан білімділер сайысы жерде болады.

Мұғалім: Міне, сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен сайысты «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл сайысқа ұзақ дайындалды. Сөйтіп, сайыс болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын-ала болжамайық, оданда сайысты бастайық.

2. Балалардың психологиясын қалыптастыру.

Хормен: Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін.

Күліп шықты, күніміз,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Сәлеметсін бе, достарым?!

Сәлеметсіз бе, ұстазым?!

-Саламатсыңдар ма балалар?

- Балалар, мұнда назар аударындаршы, бүгін бізге аспан әлемін шарлап көгершінде келді. Ауызында тістеген ашық хаты бар.

- Қане, көрейікші бізге тапсырмалар әкеліпті.

1- кезең: «Кім жылдам?»

2- кезең: «Кім ойшыл?»

3- кезең: «Кім тапқыр?»

4- кезең: «Кім жүйрік?»

5- кезең: «Дода» ойыны.

Осы тапсырмаларды толық орындап шықса, сабақ соңында аққала құрастырылып шығады.

Мұғалім: - Саламатсындарма, балалар?! Балалар бүгін біз математика сабағында сыныптың оқушыларын 5-топқа бөліп, жарыс сабағын өткіземіз.

(Геометриялық фигуралар арқылы)

(Оқушылар топқа бөлініп, топ басшылары сайланып, мұғалімнің сәттілік тілектері айтылады. Бағалау парақшалары таратылады. )

Сайыскерлерге тілек:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді.

Математика сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт-сапар енді тілейік!

1. «Ұйқасын тап » ойыны.

5+4= 9 Жәндіктің бірі қоңыз.

0+1= 1 Үсті басың кір.

2+2=4 Қауіпті жағдай өрт.

9-6=3 Бойға жина күш.

«Үндемес» ойыны.

(Мұғалім өрнекті оқиды, оқушы мәнін үндемей көрсетіп отырады. )

2+4=6 10-5=5

9-5=4 9-6 =3

2-1=1 8-6=2

3+4=7 5+4=9

2. 1-кезең « Кім жылдам?» кезеңі

№1 Өрнектерді пайдаланып, теңсңздік құрастыр.

5+4 8+2

9-5 6-3

2+4 4+3

2-кезең «Кім ойшыл?» кезеңі

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топқа: Болғаны - 6 2- топқа: Болғаны - 8 3- топқа: Болғаны - 5

Келді - 3 Кетті - 2 Жарылғаны - 4

Барлығы - ? Қалғаны - ? Қалғаны - ?

4-топқа: Болғаны - 3 5 - топқа: Қонып отыр - 5

Келді - 4 Ұшып кетті - 2

Барлығы - ? Қалғаны - ?

3- кезең «Кім тапқыр?» Тақтаға орындау. 5-топтан 5-оқушы шығады.

№3 Салыстыр

7+0*7-0 5-5*5-2

6+0*6+2 4+4*4+0

3+2*3+0 8+0*8-8

4-кезең «Кім жүйрік?» Сандардың құрамын тап. Топпен жұмыс.

7 8 9 10


Ұқсас жұмыстар
1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау: ертегі арқылы есептеу және логикалық ойлауды дамыту
10-ға дейінгі сандарда 2-ні қосу және азайту: бастауыш сыныптарға арналған сайыс сабақ
Коучинг жоспары: Топтық ынтымақтастықты дамыту стратегиялары
Сайыс сабақ: Адасқан сандар - 10-ға дейінгі сандардың құрамын тереңдету
1-сынып: 20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту; қосу кестесін құрастыру бойынша сабақ жоспары
Бастауыш сынып сабақ жоспары: 10-ға дейінгі қосу мен азайту - ойындар, жаттығулар және бағалау
Кестелік қосу мен азайту: 1-ге қосу және 1-ге азайтуды оқыту (0-10 аралығы)
2-сынып математика: Кестелік қосу және ондықтан аттап қосу тәсілдері
2-3 амалдан тұратын қосу, азайту, көбейту және бөлу есептерін шешу - топтық сайыс сабағы
Ұстаздарға арналған психологиялық-педагогикалық тренинг: мейірімділік, шығармашылық және топтық ынтымақтастықты дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz