Обал мен сауап. 2-сынып

Камашева Гүлжанат Абатоллақызы
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Атырау облысы, Индер ауданы
Б. Нысанбаев атындағы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап
Сынып: 2-сынып
Сабақтың мақсаты: “Мейірімділік” адамгершілік құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: обал мен сауап туралы түсінік беру;
Дамытушылық: халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне
қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, дәйексөз, ойын-жаттығу, шығармашылық жұмыс, жаңа ақпарат, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, сюжетті суреттер, слайд, оқулық, дәптер.
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір - бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасалық. Арасанбай Естеновтің «Көк алма» өлеңін үнтаспаға қосылып бірге айтайық.
Көк алма
Арасанбай Естенов
Жас түйнек көк алма
Түсіп қапты көғалға.
Көктей жұлған оларды,
Сотқар бала оңарма?
Сауап пенен обал да
Көкейіне қонар ма?
Мәуе берер ал күзде
Қайдағы алма оларға?
Соны неге білмейді,
Құлағына ілмейді.
Күтіп баптап неге ертең,
Тәтті алма жеп жүрмейді.
Әңгімелесу
- Обал дегенді қалай түсінесіңдер?
- “Обал болады” ”сауап болады” деген сөздер қандай жағдайларда қолданылады?
- Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?
- Обал мен сауап мағынасы жағынан бір-біріне ұқсас ұғымдар.
Обал - жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді.
Сауап - адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді.
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға обал мен сауаптың мәнін жете түсіндіру үшін мәтінді электронды оқулықтан көріп, тыңдау ұсынылады.
Обал деген не?
- Нан дастарқанға қандай еңбекпен келді?
- Нанды жерге тастау дұрыс па?
- Балаларға обал туралы не айтар едіңдер?
Дәйексөз
«Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің »
Халық даналығы
«Обалды біліп өссең - сауапқа кенелесің» деген халық даналығында үлкен мән бар. Үлкен адамдар жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауабын аласың» дей отырып, жақсы істер жасауғажетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл - жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтаға жеткізеді.
Ойын-жаттығу
Қазір біз «Обал-сауап» деген ойын ойнаймыз. Мен бір сөйлемді бастап,
қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе, сол оқушы сөйлемді «обал болады» немесе «сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс.
Мысалы:
- Көк шөпті жұлма,
обал болады
.
- Торға түскен құсты босат,
сауап болады.
- Құстың ұясын бұзба,
обал болады
- Сүтті төкпе,
обал болады.
- Қарияның жүгін көтеріс,
сауап болады.
- Құмырсқаның илеуін таптама, обал болады .
- Құсты атуға болмайды,
обал болады
.
- Суды ысырапсыз төгуге болмайды,
обал болады.
- Нанды жерге тастауға болмайды,
обал болады.
- Көшеде үлкен қарияларға жолдан өтуге көмектес,
сауап болады.
- Автобуста үлкендерге орын бер,
сауап болады.
Шығармашылық жұмыс
Суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.
Жаңа ақпарат
Халқымыз «обал болады» деп есерту арқылы адамның, жан-жануарлардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.
Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттерді бояңдар. Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып, жазыңдар.
Қорытындылау
- Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта - тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.
Жүректен жүрекке
Торғайларды атпаймын, Отанымды сатпаймын,
Құмырсқаны баспаймын. Ақылсызға жатпаймын.
Бәрін-бәрін қорғап мен, Халқымның мен үмітін,
Мейірімді сақтаймын. Әрқашан да ақтаймын.
Жүрегіміз ізгілікті істерге ақ ниеттерге толы болсын!
Күні: 18. 02. 2014 ж.
Сабақ: 20
Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап
Сабақтың мақсаты: “Мейірімділік” адамгершілік құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: обал мен сауап туралы түсінік беру;
Дамытушылық: халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын
арттыру;
Тәрбиелік: мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, дәйексөз, ойын-жаттығу, шығармашылық жұмыс, жаңа ақпарат, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке.
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, сюжетті суреттер, слайд, оқулық, дәптер.
Сабақ барысы
Шаттық шеңбері
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар. Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Барлығымыз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір - бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасалық.
Ой, обал-ай, обал-ай!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz