Достық қымбат өмірде 1-сынып

Камашева Гүлжанат Абатоллақызы

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Атырау облысы, Индер ауданы

Б. Нысанбаев атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде 1-сынып

Мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік

құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
  • өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;
  • татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, тапсырма, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа, сюжетті суреттер.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, қымбатты менің достарым! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізді көргенімізге, осы күнге қуанайық.

Армысың, Алтын Күн!

Армысың, Көк Аспан!

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

Мұғалім:

- Жарайсындар, достарым! Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша! Ал, олай болса бәріміз жайғасып отырайық.

Мұғалім:

- Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?

Балалар:

- Күнді көреміз.

Мұғалім:

- Күн жылуы не істейді ?

Балалар:

- Күн жылуы жүзімізді жылытады.

- Күн жылуы көзімізді жылытады.

Мұғалім:

- Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін ?

Балалар :

- Жүрегімізді.

Мұғалім:

- Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. (Балалар қолдарымен жүректерін ұстайды. ) Тыңдаңдаршы, біздің барлығымыздың жүректеріміз бірдей. Олар барлық адамдарда бірдей соғады. Кәнекей жүрек дүрсілін тыңдап көрейікші. (Осы кезде үнтаспадан жүректің баяу соққан дүрсілі естіліп, біртіндеп қатты -қатты соғады. )

Мұғалім:

- Енді осы жүректердің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылы сыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз, тілегіміз бір.

Мұғалім:

- Балалар, достық дегеніміз не ? Оны қалай түсінесіңдер?

Балалар:

- Балалар бір-бірімен ойнайды.

- Балалар бір-біріне ойыншық береді.

- Балалар бір-біріне көмектеседі.

Мұғалім:

- Ал қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер?

Балалар:

- Мен құрылыс блогімен ойнағанда Сабина маған оны жинауға көмектесті.

- Мен сурет салғанда Аян маған түрлі-түсті қарындашын берді.

- Мен кезекші болғанда Арман маған үстел жинауға көмектесті.

Мұғалім:

- Балалар өмірде адамдар бір-бірімен, кел дос болайық деп дос бола салмайды. Достық бір-бірімізге адал көңілімізбен жақсы әдепті қылықтарымызбен өзара сыйластық пен татулықтан, көмекпен бірте-бірте қалыптасады. Бұл достықтың белгілері екен. Бүгінгі сабағымызда достық, өзара сыйластық тақырыбында әңгімелесеміз.

Мәтінмен жұмыс

(Оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен дәуіт» атты ертегіні сюжетті суреттер арқылы әңгімелеп айтып беріледі)

Қарлығаш пен дәуіт

Ертегі

Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.

  • Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, - дейді көкек.

Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.

  • Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.
  • Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
  • Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! - дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.

Қарлығашқа дәуіт кездеседі.

  • Досым, неге жылайсың? - деп сұрайды ол қарлығаштан.
  • Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
  • Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.

Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.

  • Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
  • Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?
  • Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?

Дәйексөз

«Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын»

Мақал

- Балалар, достықтың қадірін білген, оның мәніне терең үңіле білген халқымыз осы мақал сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қашанда бәрінен де қымбат. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез-ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен-жегенің ұмытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.

Сергіту сәті

Ойлану жұмысының алдында балалардың денесі сергітіледі. Оқушылар мына өлең жолдарын және қимыл-өозғалысты екі рет қайталайды.

Санайық жаңаша (Орындарынан тұрады. )

Бір, екі, үш . . . (Екі қолын алға, жоғары, екі жанына созады. )

Желбіре жалауша! (Қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері бұлғайды. )

Достықта біздің күш! (Қолдарын ішке қарай бүгеді. )

Тапсырма

«Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

Ойын. «Мен қандай баламын?»


Ұқсас жұмыстар
Дұрыс балам
Достық қымбат өмірде
Адал дос-алтыннан да қымбат
Доссыз өмір-тұзсыз ас
Сәкен Сейфуллин сыр сандық өлеңі жайлы ақпарат
Адамдар асындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету
Айналайын,ақ анам!
Анаға құрмет-Балаға міндет
Таңдаудың маңызы
Сәкен сейфуллин "сыр сандық" өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz