Арифметикалық және геометриялық прогрессияларды бекіту сабағы: деңгейлеп оқыту мен бірліктерді ірілендіру технологиясы

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ЖОББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы : Арифметикалық және геометриялық прогрессия.
Сабақтың типі: білімді бекіту сабағы.
Оқылатын технологиялар : бірліктерді ірілендіру технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың әдістері мен оқыту формасы : Оқушылардың топтағы өзіндік жұмысы, сұрақ - жауап.
- Практикалық тапсырма
- Ашық тест
- Өзіндік бағалау.
Сабақтың формасы : топтық, жеке, жұптық.
Қажетті құрал - жабдықтар : интерактивті тақта, таратпа материалдар, маркерлер, бағалау парағы.
Қолданылған әдебиеттер : оқулық «Алгебра; Шыныбеков, Алматы «Атамұра», А. Н. Колмогоров. Алгебра және анализ бастамалары, П. М. Эрдниев. Укрупнение дидактических единиц как технология обучения, Ж. Қараев. Математикалық білім деңгейін саралау.
Мақсаты:
- Білімділік: Арифметикалық, геометриялық прогрессияның анықтамасын меңгеріп, n- ші мүшенің және алғашқы n-ші муласын меңгеріп, есептер шығаруға қолдана білу.
- Тәрбиелік:Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын дамыту.
Күтілетін нәтиже:
- Арифметикалық прогрессияны біледі
- Геометриялық прогрессияны біледі
- n- ші мүшесінің формуласын біледі
- Алғашқы n- ші мүшесінің формуласын біледі
Өмірмен байланысын айтады
Топпен жұмыс істеу арқылы сыйластықта болады, жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, жауапкершілігі артады. Өз - өзіне талап қояды.
Сабақтың құрылымы
1 - кезең . Жинақтау кезеңі
Сабақ кезеңдері :
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин .
Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
Мұғалім оқушыларды 3 топқа түрлі - түсті ленталар арқылы бөледі.
1 - ші топ: «арифметика», 2 - ші топ: «геометрия», 3 - ші топ «математика».
2. Полиглот ребус.
Мысалы: Натурал сандарға мысалдар . . .
Пифагор теоремасы . . .
3. Прогрессия еліне саяхат. Прогрессия еліне хош келіпсіздер .
Топ мүшелері жауап береді.
Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымда 1 топқа.
Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымда 2 топқа.
. 4 Есептер шығару «Сен - маған, мен - саған»
Топ бір - біріне хат жолдайды. Сын тұрғысынан ойлау. Бірін - бірі бағалау.
№1. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке, айырмасы 4-ке тең, оның он бесінші мүшесі неге тең. ( +14 d = 3+ 14*4=3+56+59) .
№2. Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 6-ға, еселігі 3-ке тең, оның бесіншісі неге тең.
№3. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 56-ға тең, айырмасы 3-ке тең. Оның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар.
№4. Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 128-ге тең, еселігі 2-ге тең. Оның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңдар.
№5. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 24-ке тең, ал екінші мүшесі мен үшінші мүшесінің көбейтіндісі 60-қа тең болса, оның айырмасы мен бірінші мүшесі неге тең.
№6. Геометриялық прогрессияның бірінші және үшінші мүшесінің қосындысы 15-ке тең, ал екінші және төртінші мүшесінің қосындысы 30-ға тең. Геометриялық прогрессияның еселігі мен бірінші мүшесін табыңдар.
Деңгейлік тапсырма орындау.
Сергіту сәті : Орындарында қара жорға биін билеу.
Бағалау парағы арқылы топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.
Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
Рефлексия 1 мин. Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді.
Үйге тапсырма : 1 мин. № 417, 426, барлық ережелерді жаттау.