Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Өсімдік әлеміне саяхат

Кештің тақырыбы: Өсімдіктер әлеміне саяхат.
Кештің мақсаты: Оқушыларды өсімдік әлемімен тереңірек таныстыру, өсімдіктер жайында білімін кеңейту, тереңдету, өзі тұратын өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға тәрбиелеу, туған өлкенің өсімдігін зерттеп, оның қадір- қасиеті, пайдасы туралы ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қабырға газеттері, өсімдік туралы буклеттер,сөзжұмбақтар, ғалымдардың суреттері, мақалдар, жұмбақтар.
1.Ұйымдастыру бөлімінде 6-сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: <<Ақ алтын>>, <<Алтын дән>>. Топ басшылары және қазылар алқасы сайланып, әрбір топ аттарына сәйкес омырауларына төсбелгілерін тақты.
2.Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер.
1.Мақта-ақ алтын 8.Зығыр-солтүстік жібегі
2.Бидай-алтын дән 9.Балқарағай-тайга аруы
3.Күріш-сыр маржан 10.Кактус-түн аруы
4.Жүгері-дала аруы 11.Жүзім-оңтүстік перзенті
5.Қызғалдақ-шөл аруы 12.Картоп-екінші нан
6.Бәйшешек-көктем гүлі 13.Итмұрын-шипалы бұта
7.Емен-ағаштар патшасы
3. <<.Дүниедегі ең, ең>> (сауалғы тапсырмалар)
1.Ең ұзын шырмалғыш өсімдік. Лиана
2.Өсімдік пионері деп қай өсімдікті айтады? Қына
3.Ең тез, жылдам өсетін өсімдік. Бамбук
4.Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады? Күнбағыс
5.Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әшекейлеген? Картоп гүлі
6.Күн баласы атанған қай өсімдік? Мақта
7.Бағалы антибиотик саңырауқұлақтың қай түрінен алынады, ол қандай дәрі? Пеницилин
8.Дүниедегі ең биік ағаш? Эвкалипт
9.Қай өсімдік сабағы өте жуан? Баобаб
10.Ең ұзақ жасайтын ағаш? Емен 2000 жыл

4. Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар шешу.
Қар астында қыстайды
Ақ пен бүркіп тыстайды.. (Бәйшешек)

Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)

Тіршіліктің қуатын,
Өз бойына жинайтын
Жинай-жинай азықты, .
Адамзатқа сыйлайды (Өсімдік)

Дәні алтын, асырайды халқын. (Бидай)
Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)

5. Мақалдар.
1. Тау бұлағымен сәнді. 3. Білімі жоқ ұл- жапырағы жоқ гүл.
Көл құрағымен сәнді. 4. Бағым өссін десең, бақ өсір,
2. Түйнектен ағаш өседі, Бағың өссе, тағы өсір.
Түйір дәннен қамба толады.

6. Сауалғы сұрақтары
1. Өсімдіктің қай мүшесі <<жасыл асхана>> деп аталады. (Жапырақ)
2. Өсімдіктің жапырағында жарықта қандай процесс жүреді? (Фотосинтез)
3. Фотосинтез процесін ашқан ғалым? (К.А:Тимирязев)
4. Өсімдік оқулығын ең алғаш шығарған қазақтың биолог ғалымы кім? (Ж.Маусымбайұлы)

7.Биологиялық эстафета ойыны.
Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады. Бір оқушы бір жемістің атын айтса, келесі оқушы сол жемістің соңғы әріпінен басталатын өсімдік атын айтуы керек.
Мысалы: Алма-алмұрт, терек-күріш, шие-емен, наргүл- лимон, нарцисс-сәбіз, зығыр- райхан.
8. Интерактивті тақтадан ғалымдар көрсетіледі.
Ы.Жақаев. Ш.Берсиев. Ж.Күдерин. бұл ғалымдар күрішті, тарыны шығаруда көптеген үлес қосты.
9.Интерактивті тақтадан өсімдіктер көрсетіледі. Бұл өсімдіктер қандай өсімдіктерге жататынын айтады. Дәрілік пе? Сәндік пе? Көкеністік өсімдік пе?

10. Қорытындылау. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыруда бұл кештің берері мол болды.

Ұқсас жұмыстар
Әдептілік әлемі
«қызықты биология әлеміне саяхат»интеллектуалды сайыс
Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу
Қолданыстағы хлор аймағы
Тақырып Ертегілер әлеміне саяхат
Бәрін білетін кітаптар
Жапсырмалы бедерлі ою. 10-cынып
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру
Ою-өрнек. Оның шығу тарихы
Ою - өрнек түрлері
Пәндер