Туған жер туралы жыр (ертегі). 2 сынып

Әдебиеттік оқу

І. Ашық сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (ертегі)

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашып түсіндіру арқылы мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау;

ә) Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;

б) Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ІІІ. Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, сипаттау, топта талқылау, әңгімелеу.

ІҮ. Көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстар, бүктемелер, кестелер, туған ауыл суреттері.

Ү. Сабақ түрі: дамытпалы

ҮІ. Типі: Жаңа сабақ

ҮІІ. Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Топтармен жұмыс. (Автор туралы мәлімет)

1-топ «Бақыт» сөзіне топтастыру құру

2-топ «Бақыт» сөзін қандай сөз таптарымен тіркестіріп айтуға болады?

3-топ «Бақытты балалық шақ» дегенді қалай түсінесіңдер?

Үй тапсырмасын қорытындылау:

Әр шумақ қандай бақытқа арналған?

Бірінші шумақта - бейбіт өмір туралы, себебі ашық аспан суреттелген.

Екінші шумақта - отбасы мүшелерінің аман-есен болуы жырланған.

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс жасау.

«Біз бақытты баламыз» атты тақырыпта жаттаған өлеңдерін айтқызу.

3. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылықты ояту.

Туған жер Ертегі

Ертегі - адам баласының ой - қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенім арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.

Ертегінің қандай түрін білесіңдер?

а) қиял-ғажайып

ә) хайуанаттар

б) тұрмыс-салт ертегілер

Әр ұлттың өзінің ұлттық ертегісі болады. Бүгін қалмақ халқының ертегісімен танысамыз.

2. Мағынаны тану.

Ертегі мазмұнын түсіндіру.

Әр бөлімге ат қойдыру.

1-бөлім. Қытай императорына тартылған сый.

2-бөлім. Жұмақтың төрі.

3-бөлім. Қүстың туған жері.

1-топ 1-ші данагөйдің айтқаны

2-топ 2-ші данагөдің айтқаны

3-топ 3-ші данагөйдің айтқаны.

Әнші құстың туған жері мен императордың бағын салыстыра отырып сипаттау

Императордың бағы Әнші құстың туған жері

Сергіту сәті.

Жыл құстарын атағанда - ұшады, қыстап қалатын құстарды атағанда - отырады, үй құстарын атағанда - 3 рет қол шапалақтайды.

4. Оқулықпен жұмыс.

Ертегіні тізбектей оқыту.

Тапсырмалармен жұмыс

Сөздікпен жұмыс жасау.

Ойлануға берілген тапсырма.

- Ертегі қандай түрге жатады?

- Авторы туралы не айтар едіңдер?

- Әнші құс сайрауын неліктен тоқтатты?

Ізден, сұрастыр, тауып оқы.

Император бағы мен құстың туған жерінің сипатын тауып оқыту, салыстыру.

1-топ. Тұтқын адам құстың сайрамау себебін қалай тапты деп ойлайсыңдар?

2-топ. Император сөзінде тұрып, тұтқынды босатады деп ойлайсың ба?

3-топ. Ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды?

5. Өз пікіріңді дәлелде, қорытынды жаса.

Император ертегі соңында нені түсінді:

а) құстың тар жерде отырғысы келмейтінін;

ә) құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;

б) ғажайып бақтың әнші құсқа ұнамағанын.

Әр топ туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтады, өз туған жері туралы әңгімелейді.

6. Үйге тапсырма: Түсініп оқу. Мақал-мәтел жаттау.

7. Оқушыларды бағалау.

Кемелұлы атындағы жалпы орта мектеп

Әдебиеттік оқу

Ашық сабақ

Тақырыбы: Туған жер туралы жыр

(қалмақ ертегісі)

2а сынып

М. Әбдірашова

2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Әбділда Тәжібаев Толағай әдеби ертегісі
Сабақтың тақырыбы Жүз жасаған бәйтерек
Аққу қандай құс
Әжесінің жаңадан тапқан әңгімелері
Шыншыл ертегі
Жырлары мөлдір бұлақтай
Руханият ордасы- кітапхана
Көңілді балалар әні
Мұқағали мақатаев «фантазия» өлеңі
Атажұрт жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz