Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мамандық өмір таңдауы тәрбие сағаты

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АКТ құрылғысы,слайд, үш бөлімді түсіндірмелі күнделік, геометриялық фигуралар
Әдісі-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, психологиялық тест
Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, оқушыларды психогеометриялық фигуралар арқылы орналастыру. Оқушыларға үш бөлімді түсіндірмелі күнделік тарату.
2.Тренинг
3. 2.Негізгі бөлім.<<Миға шабуыл>>-ой қозғау:Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы)
4.Кіріспе.
5. Сауалнама <<Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді>>
6. Тақырыбы: <<Мамандық-болашаққа бастар жол>> / эссе/
7. Сергіту сәті. <<Эмоция және сезімдер
8.Психологиялық сәт
9.Қорытынды

* Тренинг:
* Күлім қағып қолымды
Бір екі үш деп соғайын
* Қарап тұрған көршіме
* Қолымды мен бұлғайын
* Жылы жылы жүзбенен
* Маңдайыңнан сипайын
* Жылы жылы сөзбенен
* Жүрегімді сыйлайын
* Ыстық алақаныңмен
* Қолыңды бер қысайын
* Амандасып өзіңмен
* Құшақтасып қысайын

2.Негізгі бөлім.
<<Миға шабуыл>>-ой қозғау:
Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы)
Кәсіп
Сүйікті іс
Еңбек көзі

Мамандық

Шығармашылық Қызығушылық
Кіріспе Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша, жыл сайын 25 млн адам жұмыс орыны ауыстырады екен. <<Профессия>>-латын тілінен аударғанда <> анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді.Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға-дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атауға болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына телекоммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару, мамандықтары және еңбек сұраныстарына қажетті мамандықтар жатады. Алайда, өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты. Олай болса, бүгінгі мектеп түлектерінен <<Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді>> деген сауалнамамызға жауап іздеп көрелік.
<<Өрмекші>> әдісі/оқушыларды бірі-бірімен байланысын нығайту, ойларымен бөлісу/
* 1 .Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?
* 2. Өзіңнің болашақ мамандығыңды жүрек қалауымен таңдадың ба?
* 3.Сен ол мамандық туралы не білесің?
* 4.Бұл мамандықты таңдауыңның себебі неде?
* 5. Сенің бұл мамандықты таңдауыңа кім әсер етті?
* 6. Қандай оқу орнын таңдадыңыз?
* 7. Таңдаған мамандығыңның қызығы мен қиындығы?/мектеп түлектерінің жазған сауалнамасы бойынша әр оқушының ойын білу/
Тақырыбы: <<Мамандық-болашаққа бастар жол>> / эссе/ <<Жәрмеңке>> әдісі бойынша әр бір топ ең үздік эсселерді оқиды.
Сергіту сәті. <<Эмоция және сезімдер>>
Эмоция жаттығуы: Шаршадым <<Уh>> дедім,
Ренжідім <<Туh>>дедім,
Қорықтым <<Ой>> дедім,
Өкіндім <<Аh>>дедім,
Шарасыз <<Еh>>дедім,
Таңырқап <<О>> дедім,
Кейідім <<И>> дедім,
Біліп ап <<Е>> дедім,
Қуанып <<Ха-ха-ха!дедім
Психологиялық сәт: <<Психогеометрия>>-өзін-өзі тану. Оқушылар ұнатып таңлаған геометриялық фиугралардың мағынасын ашу.Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңы адамдарды жианап ұйымдастыру, реттеу, және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіңінің кәсіптік мамандығыңды менеджментпен байланыстырауға ұсыныс айтамын.
Шеңбер. Сенде адамгершілік қасиет жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес.Олардан бойыңды аулақ ұстайсың , сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән.Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жетістікке, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың. Сен қоғамда, өмірде жоғары көтерілуге бейімділігің бар.
Қорытындылау.
Бекіту сұрақтары:
* Осы күннен не алдыңыз?
* Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?
Қорытынды. "Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді" Н.Ә.Назарбаев.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.
Ән: <<Өміріңе немқұрайлы қарама>>

* Осы күннен не алдыңыз?
* ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
* Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?
* _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

-287655698500

<<Жеңіске тағзым>> фестивалінің бағдарламасы

Мақсаты: Соғыста құрбан болған боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, тәрбиелеу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөз жазылған плакаттар, АКТ құрылғысы, слайд, видеороликтер, шарлар, гүлдер

Барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған көрермен қауым!
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жеңістің 70 жылдығына орай <<Жеңіске тағзым>> атты фестивалімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда Фашистер Кеңес үкіметіне соғыс ашпастан әскерін енгізді. Қеңес үкіметі үшін бұл үлкен соққы болып тіиді. Бірақ қандай қиын болса да тайсалмай қарсы соғысты. Бұл қанды қырғын да талай адам қаза тауып, жақындарынан айырылды, талай бала жетім қалды. Соғыс жалыны талайды жалмап Ленинградқа жетті. Ленинград халқының саны 4 миллион 400 мың болды. Түгелімен жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 тәулік бойы қоршауда болғанымен, туған қаласы үшін аянбай соғысты. Ер жүрек ленинградтықтар өз қаласын жаудан қорғап қалды.1944 жылы қаңтарда батыр-қала Ленинград жаудан азат етіледі.Фашистердің түпкі мақсаты-Мәскеуді басып алу еді. Мәскеуді бүкіл ел қорғады. Қазақстандықтардан құралған генерал Панфилов атындағы сегізінші гвардияшы атқыштар дивизия жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан Соғысының тарихына алтын әріппен жазылды.Қазақтың батыр өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты.Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпай, есте сақтаймыз.Жауынгер-батыр атанған Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров,Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдулин, Махмет Қайырбаев т.б. батырларымызға бас иуміз керек.
1-жүргізуші: Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, біздің болашағымыз үшін қан төккен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қандай сый-құрмет көрсетсек те, артық емес.
2-жүргізуші: Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз мерт болған кахармандардың ерлігіне бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1-жүргізуші: Сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы тұрмыз. Жеңіс.... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап,сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Туған жердің топырағы бұйырмай, шейіт болған қазақ азаматтары қаншама!
2-жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Жүз мыңдаған аталарымыз соғыстың алғашқы сәтінде майданға аттанды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Қанды майдан даласында елі мен жері үшін ерлікпен шайқасып, туған елге жеңіспен оралып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өздерінің үлестерін қосты..
1-Жүргізуші:Бақыт сыйлап жатады әр күнСанамызға жарық бергенӘкелері аталардыңБұл Жеңісті алып келгенҚуантамыз ән сап жұртты,Келе берсін бақыт таңы.Жеңіс күнің болсын құтты,Батырлардың ұрпақтары - деп келесі бөлімімізді оқушылардың жеңіс туралы әндеріне береміз!
1 сынып <<>>
2 сынып
3 сынып
4 сынып
1-жүргізуші:
Біздің халық - батыр халық ежелден
Ерлігімен,елдігімен танылған
Құртпақ болып бізге оғын кезенген
Кейбіреулер ақылынан жаңылған
2-жүргізуші:
Әділеттің жолында біз күресіп,
Бүгінгідей ұлы күнге жеткенбіз
Мерейіміз сондықтан да тұр өсіп
Жеңіс туын көтереміз көкке біз

5сынып
6 а сынып
6ә сынып
7 сынып
8 сынып
9 сынып Б.Момышұлы <<Жауынгер тұлғасы>>
9 <<ә>> М.Маметова <<Батыр қыздың жүрегі соғып тұр әлі>>
10 сынып

Қорытынды. Ұлы Жеңіс-барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер аталарымыздың жеңіске жетер жолда тындырған ұланғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталады.Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан да ұмытпақ емес.

2-Жүргізуші:Елге қауіп төнбесін,Егестен адам өлмесін!Есен - аман болайық,Енді соғыс болмасын!Өртенбесін туған ел!Шайқалмасын асқар бел!Шайқалмасын шалқар көл!1-Жүргізуші:Жасасын Жеңіс!Бақытты елім күле бер!Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!Болмасын соғыс!Болмасын соғыс!Болмасын!Осы тілекпен барша халайық түрегел!2-жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған <<Жеңіске тағзым>> атты кешіміз аяқталды. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!1-Жүргізуші: Сау болыңыздар!
Ән: <<Бейбітшілік сақталады>>

Ұқсас жұмыстар
Мамандықтар әлемінде
Мамандық тандау жолы
Тақырып - Мамандықтың бәрі жақсы
Ұлттық тәрбие
Тәрбие сағат тақырыбы
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Мамандығым - мерейім. 9 сынып
Мамандық - өмір таңдауы
Тәрбие сағат барысы
Сынып сағаты
Пәндер