Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ыстық қой әжелердің алақаны


Күні: 04.03.2015ж
Тақырыбы: Ыстық қой, әжелердің алақаны
Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, құрметтеге тәрбиелеу
Оқушылардың бойына адами қасиеттерді сіңіру.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Сурет, интерактивті тақта

Барысы

Кіріспе

Құрметті ұстаздар, оқушылар, әжелер!Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім
мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық
сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің
жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің
өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір
сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналар мен әжелерге
арналады.
Құрметті әжелер армысыздар,
Бәрімізде есен-саумысыздар
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде
Үлкен-кіші, жасыңыз, кәрімізде
Төрлетіңіз, қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге,-дей отырып бүгінгі
сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Кежеева Алтынша апайға беріледі.
Немерелер үшін ең мейірімді жан-әже.
Ақ сүт берген апалардың анасы - әже,
Жүрегім, жарығым, деп немересін, шөбересін
Жүрегіне теңейтін де әже.
Әжемнең саясында ержеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды.
Таппаймын айналсамда жер бетінен
Ержетіп есейгенде балапаны,
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайынан сипалайтын.
Ыстық қой, әжелердің алақаны тақырыбымен өткізіліп отырған әжелер сайысын
бастауға рұқсат етіңіздер.
Әжем менің, ақ әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр тілегі дәрі әжем.
Әжем менің, жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман-есен жүр әжем.
Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
І кезең « Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қойын жер»
(Таныстыру)
ІІ кезең «Халқы сүйген – салтын сүйген»
(әдет ғұрып, салттардың мағынасын түсіндіру)
ІІІ кезең «Өнердің қолы алтын
Өлеңшінің сөзі алтын»
( әжелер құрақ құрау, немересі қағаздан ою қиып жабыстыру.
IVкезең « Халық тәлімі – тәрбие бастауы»
( әжелер мақал – мәтел айтады, немересі тиым сөздер айтады.)
V кезең «Ел іші өнер кепілі»
(Әжелер мен немере өз өнерлерін көрсетеді)
VI кезең « Сіз қандай әжесіз» тест сұрақтары
(немересі білімін сынайды)
Енді сіздерге бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған әжелерді таныстыруға рұқсат
етіңіздер.
№1 Кәделі әже немересі Аяулым
№2 Дәмеш әже немересі Мағжан
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің
әділ бағасын беру үшін әділ қазылар сайлап алуымыз керек.
Әділқазылар мүшесі:
1.
2.
3.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған оқушылардың әдеби монтажын
тамашалайық.

Назерке
Ақ қабақты мамашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Әділет
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Аяна
Келбетіңде ұлылық,
Даладай кең пейілің.
Ана деген – жылылық,
Ана деген – мейірім.
Мейіржан
Ана – біздің күніміз,
Ана – біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүреміз.
Нұртай
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Ендеше сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.(Таныстыру):
ІІ кезеңі «Әдет ғұрып салттардың мағынасын ашу.
Базарлық – алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар
жерлестеріне, көрші – көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі
– ұсақты сыйлықтар әкеледі.Оны «базарлық» деп атайды.
Сүйінші – қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші» деп
келеді.Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» - дейді.Немесе оған
риза болатындай сыйлық ұсынады.
Енші – балалары ержетіп, жеке үй болғанда ата – анасы оған отау тігіп,
дүние – мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
Байғазы – байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін
ақшалай, заттай сый.Байғазы балалардың көңіл – күйін көтеретін дәстүр.

Би: Шаттық биі
ІІІ кезең Әжелер құрақ құрау немересі қағаздан ою қиып жабыстыру.
Би: Өзбек биі

Қазақ халқының үні: мақал-мәтелдер.
Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, орынсыз қылық, теріс
мінездерден сақтандыру.
Олай болса келесі кезең
ІҮ кезең «Халық тәлімі-тәрбие бастауы» деп аталады.
(Бір тақырып беріледі, сол бойынша мақал – мәтел айту)

Сөнбейтін әже шырағың,
Өзіңді әнге қосамын
Жеті қат жердің астына
Жетпейді – ау бірақ осы әнім дей отырып
Ү кезең өнер сайысына кезек береміз.

Мен ұйықтағанда айтады,
Ертегісін әндерін
Біздің үйде осындай
Әжетайым бар менің – дей келе
ҮІ кезеңге береміз

Ана жанын Әже болсаң ұғырсын,
Алдындағы ол биік құзар шың
Немере үшін кеуде керіп мақтанып
Немере үшін биіктен де құларсың
Әже мерейі күн көзімен пара – пар ,
Тұла бойға қуат болып паралар
Өзімізге шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер – дей отырып бүгінгі сайысымыздың да мәреге
жеткенін байқап отырған шығарсыздар.
Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі өнегелері мына
отырған ұрпақтарға көрсете білді ғой деп ойлаймыз.
Енді көпті көрген көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арнаған лебізін
тыңдасақ дейміз.

- Әділқазыларға сөз беру
- Әжелерді марапаттау
Қорытынды:
Жаным дейсін мені
Жаратушын бір сен
Жалғыз өзің, тегі
Жанашырын білсең
Айналайын әже – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан аяулы асыл
әжелерімізге көп рахмет айтамыз.Сіздерді үлгі өнегелеріңізді кейінгі
ұрпақ жалғастырады деп ойлаймыз.

Сіз қандай әжесіз?
Аты:
Сыныбы:

Тест сұрақтарына жылдам, бірінші ойыңызға келген жауапты беріңіз.

1 Әлбетте, сіз немереңізді мақтан тұтасыз?
1.Немереңіздің достары көп, ол туа бітті лидер А
2.Немереңіз қазірдің өзінде тұлға , өзінің не керек екенін анық біледі
В
3. Немереңіз өте дарынды, таң-тамаша қабілеттері бар. Д
4. Өз қатарластарынан гөрі сіздің немереңіздің сөздік қоры молырақ С
2. Келініңіз немереңізге киім сыйламақшы.Сіз қайсысына қатты
қуанар едіңіз?
1. Резеңке тағылған джинсы С
2. Жылтырақ сызықтары бар куртке В
3. Келіннің өзі жүннен тоқылған ашық түсті шалмасы Д
4. Қызыл комбинезон А
3.Сіз көрші үйге қонаққа бара жатырсыз.Ол үйде 3 жасар немересі
бар.Сыйлыққа не апарар едіңіз?
1. Ойышық машине С
2. бір қорап қарындаш Д
3. Жұмсақ ойыншық В
4. Театрда саусаққа киіп ойнайтын қуыршақ А
4.Ойнап жүрген немереңіз аңырап жылап сізге келді.Сөйтсеңіз, көрші бала
оның добын тартып алыпты.сіз қайтпексіз?
1. «сен де оның бірдемесін алған шығарсың?» дейсіз В
2. «Қане, маған көрсет ол баланы» деп зірк ете қаласыз С
3. Ақырын сыбырлайсыз: «қане, біз үндістерге ұқсап білдірмей барып
күрегімізді қайтарайық» деп Д
4. Мораль оқисыз: «жылап, келесі жолы ешкімге тартып алуға жол берме»
А
5. Сіз күнде немереңізге ертегі оқып бересізбе?
1. Оған уақытым бола бермейді С
2. Үй шаруасынан қатты шаршап ұйықтап қаламын. В
3. Әлбетте, ертегі, айтып беріп ұйықтатамын А
4. Өзіне қажетті нәрсені кітаптан оқиды деп мән бермеймін Д

Енді есептейік сіздің жауабыңызда қай әріп көп екен. Соған орай сіздің
типіңіз анықталады.

1.Қайратты әже А
Сөз жоқ, сіз өте қайратты әжесіз.Өмір сізді қиын шақта өз күшіңізге
сенуге үйреткен. Сіз қиындықтан жеңіліп, қол қусырып отырмайсыз.Мәселені
шешуге бел шешіп кірісесіз.
2.Қамқор әже В
Сіз мейірімді әжесіз. Оны бәрі біледі. ( туыстар да, көршілерде) сіз
көмек беруге әрдайым дайынсыз, жылағанды жұбатасыз.Адамды түсінікпен
қарап, келелі кеңес бересіз.
3.Ақылды әже С
Сіз немереңізге көп ақыл мораль айтып шаршатып жібермеңіз. Сізді кей
кезде тыңдамай кететіні бар. Сіз немереңізге осы махаббаттарыңыздың оған
жетістікке жету үшін жәрдем болатынын түсіндіріңіз.
4.Баққытты әже Д
Сіз нағыз бақытты әжесіз. Немереңіз сізден үнемі ақыл сұрағысы келіп
тұрады.Өйткені оған қиналғанда қол ұшын беруге даярсыз.
5. Аралас нұсқа Е
Сіз көп қырлы тұлға әжесіз. Сіз ең дұрыс тәрбиелеу жөнін табуға
ұмтыласыз. Ашуға көп ерік бермей, өзіңізді ұстайсыз.


Ұқсас жұмыстар
Ата бәйтерек, бала жапырақ
Қуантамын әкемді
Әкем айтқан өсиет, бабадан қалған қасиет
Ана - өмірдің шырағы
Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз
Ана тіршілік тірегі
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық
Ардақты ұстаздар
Аналарға – мың алғыс!
Қаракеткен бекеті
Пәндер