Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Google sketchup 3d-үлгісін тұрғызатын бағдарламасын стереометрияны оқытқанда қолдану


Қазақ Мемлекеттік Қыздар
Педагогикалық Университеті
Физика-математика фаультеті
5В010900 – математика мамандығының 4 курс студенті
Әбдіманапова Маржан Әбдіманапқызы

Google SketchUp 3d-үлгісін тұрғызатын бағдарламасын стереометрияны
оқытқанда қолдану
Стереометрияны жете түсіну үшін кеңістікті дұрыс елестету қажет. Ол
үшін оқушыларға компьютерлік үшөлшемді үлгілердің көмегі тиеді. Мектеп
қорларында 3d-құрастырғыштары бар көптеген электронды оқулықтар бар. Ол
оқулықтардың өздеріне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Негізгі
кемшіліктерге мыналар жатады:
• Көптеген жағдайда компьютерге орнату үшін лицензия сұрайды;
• Ол құрастырғыштарды түсіну оқушыларға ғана емес мұғалімдерге де
қиындық туғызады.
Бізге осы бағдарламаларға ұқсайтын, бірақ оңай орнатылатын және
түсінікті, қолданысқа еркін еніп кететін Google SketchUp бағдарламасы көп
көмегін тигізуі мүмкін. Бұл бағдарлама қарапайым үшөлшемді денелерді
үлгісін жасауға арналған. Бұл бағдарламаны әрбір оқушы үйіндегі
компьютерге жасаушы сайттан жүктеп және орнатуға болады.
Ол орыс тілінде түсінікті интерфейспен құрастырылған. Жасаушы сайт
Windows, Mac OS операциялық жүйелері үшін бұл бағдарламаның нұсқаларын
жасап шықты. Сонымен қатар, Google SketchUp әр түрлі түрдегі файлдарға
импорт және экспорт жасатады. Осылайша салған сызбасын ары қарай
сыныптастары талдау үшін немесе мұғалімі тексеру үшін Интернетке (мысалы,
оқушының блогына) орналастыруына болады.
Бұл бағдарламаны бинарлы сабақтарда «Түзулер мен жазықтықтардың
параллельдігі», «Көпжақтар» тақырыбына пайдаланған жөн. Мұндай сабақтар
айына екі реттен болады. Google SketchUp бағдарламасын информатика
сабағында «Үшөлшемді графика» тақырыбы көлемінде түсіндіре кету керек. Бұл
сабақтарда оқушы кейін геометрия сабағында қолданылатын, қарапайым 3d –
үлгі жасап үйренеді.
Жаңа тақырыпты түсіндіргенде стереометрия оқулықтарындағы қажетті
сызбалардың барлығы 3d – үлгілерімен алмастырылып, көрсетілім ретінде
пайдаланған дұрыс (1-2 – суреттер). Әрбір үлгіні барлық қырларынан қарау,
кеңістіктегі бейнені, материалды дұрыс түсінуге септігін тигізеді.
«Көпжақтардың қимасы» тақырыбындағы тапсырмалар, әсіресе уақытқа
берілгендерін шешу біраз қиындық туғызады. Бұл тақырыптарда оқушылар жұппен
жұмыс істесе, түсіну тиімдірек болады.
Google SketchUp бағдарламасында көпжақтардың қимасын салу 3d –
үлгілеріне, ал дәстүрлі сабақта жазықтықтарда (дәптерде) салынады.
Оқушылар күрделі сәттер мен алынған қорытындыларды өз араларында талқылай
алады. Мұндай әдіс кеңістікті елестетуді , берілген тапсырманың
дұрыстығына көз жеткізуді және коммуникативті қарым-қатынасты дамытуды
арттыруға көмектеседі. Алынған қималар ортақ блогтарға салынып, барлық
сынып оқушылары мен мұғалім көреді, содан топтар арасында бір – бірімен
бәсекелестік туындайды. Топтасып жұмыс жасау тақырыпты меңгеруге ықпал
етеді.
Тақырып бойынша қорытынды сабағы (әдетте қосарланған сабақ) шамамен былай
болады:
• Ұйымдастыру кезеңі;
• Тақырып бойынша негізгі ұғымдар қайталанады және жалпыланады
(көрсетілімнің көмегімен);
• Теорияның тәжірибеде қолданылуы (3d-үлгілер мен сызбаларды пайдаланып
жекке сұрақтар қою, мысалы «Қатесін тап» түрінде);
• Google SketchUp бағдарламасын пайдланып, топтағы лабораториялық
жұмыстарды нұсқа бойынша орындау (тапсырманы деңгей бойынша таңдау
мүмкіндігі бар). Жасалынған жұмыстар ортақ оқу блогына салынады.
• Лабораториялық жұмыстардың қорытындысын талқылау
• Үй жұмысын беру
• Рефлекция
Кейбір үй жұмыстары Google SketchUp бағдарламасына салынады және
оқушы оны өз блогына қояды (әрбір оқушыда үй жұмысын орындауға арналған
Google жұмыс блогы болуы керек, ал мұғалімде барлық оқушылардың блогының
мекенжайы болуы тиіс). Мұндай жүйе үй жұмысын тексеруді оңай әрі ыңғайлы
жасайды. Сонымен қатар, мұғалім оқушының әрбір жұмысына өзінің пікірін
қалдыра алады (қашықтан оқыту әдісінің элементі). Әдетте бірнеше үй жұмысы
әр түрлі деңгейде берілуі тиіс. Алдын – ала оқушыларға баға бойынша сын
айтылатындықтан, олар өздерінің шамасы мен мүмкіндігіне қарай үй жұмысының
тапсырмасын таңдайды.
Көптеген жаңашыл мұғалімдер үшін бұл таптырмас бағдарлама.

[pic] [pic]

1 – сурет 2 - сурет


Ұқсас жұмыстар
Тест сұрақтарға жауап беру
Мультимедиа
Мобильді интернет және мобильді қосымшалардың тарихы
Компьютерлік модельдеу
Бағдарламаны ашу
Mathcad бағдарламасы
Бұйымның сызбасын жасау
Инновациялық технология элементтерін тарих сабағында пайдалану арқылы оқушының ынтасын арттыру
Бұлттық технологиялар
Оқушылардың білімін бекітуге арналған тапсырмалар
Пәндер